Абызұлы «ҮШ ЖҮЗ» ЕМЕС ЕДІМ «Үш жүз» газетасының 10-шы нөмерінде обласной сиезге мені де шақырыпты. Март
ішінде кооператив жұмысымен Омбыға барып қайтып едім. Сонда «Үш жүз»
партиясының жайына әбден қанып едім. «Үш жүз» партиясы тууына себеп болған
Асылбек Сыдықов, Жұмабаев, Мұқышев һәм Саматов екен. Ал мен халыққа қай партия
пайдалы болса, сол партиянікімін. Осы күні 6 миллион қазақ халқының көңіліне тиіп
тұрғаны — Алаш партиясы. Сол себепті мен де осы партиядамын һәм бұл партияда
екендігімді Шаһмардан Әлжанов, Ғабдалрахман Қылышбаевқа айтқамын. Өзгелерін
көргенім де жоқ.
Байтұрсынов түгіл, Бөкейхановқа ренжісем де халыққа пайдалы партиядан шықпаймын.