Қайталау сұрақтары:
сызу пәнінің мектеп бағдарламасына енүі;
жалпы мемлекеттік халыққа білім беру жүйесі қайда, кай жылы құрылған?
оқушылардың графикалық сауттылығына көңіл бөлінген кеңес өкіметінің алғашқы құжаттары.
№4 тақырып: Сызу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті
Мақсаты: студенттердің білімдерін қалыптастыру және тереңдету.
Қысқаша мазмұны:
Сызу, орта мектепте басқа пәндер сияқты оқушыларды өмір тәжірибесіне, кәсіптік өндірістегі ізденісін қалыптастыруда және келешектегі білімін тереңдетуде алатын орны бөлек. Сызу – техника тілі болғандықтан, қазіргі заманғы өндірістің негізгі заңдылықтарын түсінуде атқаратын қызметі орасан зор. Ол мектептегі пән есебінде оқушылардың конструкторлық модельдеу, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын дамытуды қалыптастырады. Қазіргі мектептің мақсаты тек жалпы білім беру емес, оқушырадың келешекте техникалық сауатты азаматтар болуына, олардың сызу өнерін меңгеруін жетілдіру, бұл заман талабы.
Сызу пәнін оқытудың басты мақсаты, оқушылардың кеңістіктегі көріністері көз алдына елестетуді дамыту арқылы оқушыларға сызбаларды еркін оқи білуін және олардың техникалық суретін орындау, сұлбасын сызу білуін дамыту болып табылады. Бұл келешекте әртүрлі кәсіптегі, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың түрлі операцияларды орындауда өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім мектептегі сызу пәнінің бағдарламасы бойынша керекті көрнекі құралдармен дидактикалық үлестірме материалдарын іздене отырып, шаршамай, уақтылы дайындап отырса, осы пәнді оқыту барысы жандана түсіп, оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығы артар еді және алған тиянақты білімін келешекте еркін қолдана алуына мүмкіндік болар еді.
Сызу пәнін оқытуға дейінгі оқушының бейнелеу өнерінен дайындығы мен қабілеті, әрине үлкен әсер ететіні түсінікті. Тек оны оқушыға ұмыттырмай, әрдайым жаттығу жасатып, есіне түсіріп отыру қажет. Мысалы, әртурлі формалардың көлеміне назар аудару, олардың жан-жағынан қарағандағы көріністерін елестету, көкжиек /горизонт/ сызықтарының қалай орналасқандығы туралы есіне түсіріп отыру, т.б. Параллелепипед, цилиндр, конус, призма, шар сияқты әртүрлі геометриялық форамлаға ұқсас заттардың суреттерін, бейнелеу өнері сабақтарында кескіндеудегі тәжірибесін, оқушылар сызу пәні сабақтарында сол формалардың сызбаларын орындауда қолдана алады. Жалпы білім беретін мектептерде сызу пәнінің негізгі мақсаты оқушылардың техникалық сызбаларды оқи да, орындай да білуіне жол ашу, механизмдегі бөлшектердің өзара байланысын сызбалар арқылы оқи білуі, олардың кеңістіктегі заттардың орналасуын көз алдына елестете білуін үйрету.
Қайталау сұрақтары:
сызу пәнін оқытудың басты мақсаты;
сызу пәні мұғалімінің негізгі мақсаты;
сызу пәнін оқытудың міндеттері.
№5 тақырып: Сызуды оқытудың білімдік және тәрбиелік міндеті
Мақсаты: студенттердің білімдерін қалыптастыру және тереңдету.
Қысқаша мазмұны:
Орта мектептегі сызу пәнін оқытудың формасы мен әдістемесі, оның ұйымдастырылуы және мазмұнын анықтайтын міндеті, оқушылардың өмірмен тығыз байланысты күнделікті қолданылуы мен дағдылануына тәрбиелеу. Осыған байланысты мектеп бітірушунің графикалық дайындығы өте жоғары болуы тиіс. Оқулықтар, болмаса мұғалімнің тақтада сызған дайын сызбаларын механикалық түрде көшіріп сызу оқушыларға ешқандай білім бермейді. Ондай әдіс олардың логикалық ойлануына ешқандай да жол ашпайды. Сондықтан оқушыларға жеке жұмыс істеуіне, жеке тапсырма беру әдістемелерін қолдану олардың өздігінен шығармашылықпен ойланып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Кез келген практикалық тапсырмаларда оқушылардың кеңістіктегі затты көз алдына елестетуін дамытуға, танымдылығын арттыруға, олардың білім өрісін кеңейтуге ықпал жасау керек. Осындай әдістер оқушылардың өтілген материалдарды есте сақтай отырып, олардың ойлану қабілетін, айналаны қоршаған әртүрлі формадағы көріністерге басқаша қарай білуіне, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің сызбалардың дамуы, олардың қандай себептермен өзгеріске ұшырағаны, сызбаларды көрмеудегі өзгерістер туралы қызықты тарихи әнгімелері, оқушылардың білімін жан-жақты арттыру ғана емес, оларға тәрбиелік мән береді. Ондай әнгімелер барысында, міндетті түрде, әртүрлі қызықты суреттер мен көрнекіліктердің, заман талабына сай оқытудың қазіргі технологияларында қолданылатын құралдың көмегімен /кодоскоп, оқулық теледидары, компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктері, т.с.с./ әртүрлі мамандықтар, машиналар, технологиялар, құрылыстарда қолданылатын сызбалардың атқаратын қызметі туралы әнгімелердің беретін әсері мол. Мұғалім негізінен 9-шы сынып оқушыларымен жұмыс істейтін болғандықтан, жас ерекшеліктерін де ескере отырып, олардың тез қозғалуын, өздеріне көп кқңіл бөліну керек екендігін, бір қалыпта көо уақыт отыра алмайтындығын, алдына қойған мақсатын тез арада орындап тастауға талпынатындығын, көңіл-күйінің тез ауысып отыратындығын есептеп, тәрбиелік жүйеге икемдеп отыруы керек. Көптеген тәжірибелі мұғалімдер осыны ескеріп, оқушылардың энергиясын жаңа ақпарат алуға шебер пайдалануда, оларға графикалық жұмыстардың қызықты элементтерін қолдана отырып, ойлануды қажет ететін әртүрлі тапсырмалар береді. Осындай қиын ситуациядан тез шығу кез келген мұғалімге ойына түспейді. Сызу пәнінен әртүрлі графикалық жұмыстарды орындағанда эстетикалық тәрбие де орнын жоғалтпау үшін оларға мән беріліуі. Тақырыптарға сәйкес құрылыс жоспарлары, архитектуралық жобалау құжаттары, генеральдық жоспарларын орындау кезінде осы эстетикалық талғам жағына да көңіл бөлінгені дұрыс. Соңғы кездердегі заман талабына сай графикалық жұмыстардың сапасын жақсарту үшін жалпы орта мектептегі сызу пәнінің бағдарламасына басқа тақырыптардың есебінен көркемдік және техникалық конструкциялау элементтерін еңгізу керек сияқты. Орта мектептегі сызу пәні мен эстетикалық тәлім-тәрбие беру бағыттары өз орынын табу керек екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |