Қайталау сұрақтары:
сызу пәнін оқытудағы дидактикалық принциптер;
оқытудың ғылыми принципін сызуда қолдану;
оқытудың жүйелілік принципін сызуда қолдану;
оқытудың көрнекілік принципін сызуда қолдану;
оқытудың теория мен практикалық байланыс және т.б. принциптерді сызуда қолдану.
№8 тақырып: Мұғалімнің тақтада жұмыс істеу әдісі
Мақсаты: студенттерді тақтада сызбаларды жасау әдістерімен қаруландыру
Қысқаша мазмұны:
Тақтадағы сызу ең мықты, орынды мұғалімнің дидақтикалық құрамында басты орын алады. Графикалық көрсетілім мектеп тақтасында үнемі практика арқылы тез және дұрыс әдістемелік жағынан, сонымен бірге жаттығулар арқылы дағдыға айналады. Мұғалімнің тақта алдындағы іскерлік жұмысы оқушылардың қызығушылығын арттырып сызу сабағына және графикалық шығармашылығын, әрі белсенділігін арттырады. Тек қана графикалық емес, сонымен бірге сызуды тақта алдында тез құра білу барлық істердің жетістігі мұғалімнің қалай сабақты өткізуді ойластырылуы, сызудың қалай көрінетіндігі, тақтаның бойында әрбір бөлшектері қандай орын алатындығы, масштабтық көрсетілім қалай сақталуын, қаншалықты дәл элемент көрсетілген заттардың бір бірімен сақталуының дұрыстығы. Сонымен бірге сызбаның композициясын тақтада дұрыс дәл орналастыру керек. Тақтада жұмыстың әдісін көрсете білуі ең маңызды, көріністі өзіңмен жабуға болмайды, ондай әдіс оқушылар жағынан теріс реакция тудырады. Сонымен қатар сызбаны орындау барысында қажетті жылдамдылықты сақтай білу керек. Әрбір тақтадағы графикалық жұмысқа сөздік түсінік болуы қажет. Сызбаны орындауда, мұғалім пропорционалдық қатынас сызбаның жеке бөліктерін сақтай білу керек, және заттың өлшемідігі нобаймен дәлме дәл келу керек.
Мұғалімге өте маңыздысы рационалды түрде әдістемелік жұмысты сызбалық құралдарды мектеп тақтасында және сызғышты да қолдана білуді үйрену қажет.
Қайталау сұрақтары:
тақтада орындалатын сызбаларға қойылатын талаптар;
тақтада жұмыс істегенде мұғалімге қойылатын талаптар.
№9 тақырып: Сызу пәнін оқытудағы формализмдер мен оны жою жолдары
Мақсаты: студенттердің әдістемелік білімдерін жетілдіру.
Қысқаша мазмұны:
Терең де тиянақты білім беру қазіргі орта мектептердің алдына қойып отырған мақсаты. Ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдер, оқушылардың біліктілігін арттыру мақсатында бірлесіп жол іздестіруде. Осыған қарамастан кейбір мектептегі әртүрлі пәндерді оқыту бағдарламасындағы формальді түрде білім беру, қарапайым жаттанды әдістері жиі кездеседі. Бұл оқушылардың керекті тақырыпты түсінбеуіне де, олардың терең білім ала алмауына да әкеліп соқтырып отыр. Ондай біліммен оқушы алған білімін, өмірдегі тәжірибесімен дұрыс байланыстыра алмайды. Оқытудағы осындай кемшілік сол мектептердегі сызу пәні мұғалімдерінде де кездеседі. Оқушыларға мұғалімнің сынып тақтасына өзі сызып берген сызбаларды, болмаса оқулықтағы дайын сызбаларды механикалық жолмен проекциялау негізімен түсінбей ақ көшіріп сызуға дағдыландыру, көпшілік орта мектептердегі маман емес мұғалімдердің қолданып жүрген әдістері. Ондай жолмен орындалған сызбалар оқушыларға ешқандай логикалық жолмен ойланып,проекциялау әдістерін өз тәжрибесінде өзінше еркін қолдана алмайды. Графикалық жұмыстарды орындау процесінде көптеген қателер жіберуге мәжбүр болады. Себебі, түсіндіру процесінде ситуациялық тапсырмалар беруді кейбір мұғалімдер өз тәжрибелерінде қолданбайды,ал оқушы өздігінше логикалық жолмен әртүрлі есеп шығарып көрмеген.ондай оқушының ойлау мүмкіншілігі де шектеулі. Көпшілік жағдайда мұғалімдер кейбір есептерді өздері шығарып кетеді де, оқушылар тек пассивтік тындаушылар болып қала береді. Мұғалім асығыс түсіндіргенде әдістемелік қателер жіберіп, оқушылардың тақырыпты дұрыс түсінгенін, болмаса түсінбегеніне назар аудармайды. Сабақ соңындағы қорытындылау барысында тақырыпқа талдау жасау кезінде мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар жауап бере алмайды. Сонан кейінгі тақтадағы сызбаларды жұмыс дәптеріне көшіріп сызып алшындар деген мұғалімнің берген тапсырмасы орындалмайды. Себебі, мұғалім сабақты түсіндіру барысында өзімен өзі болып кетеді де, оқушылар өздерінше қалып қояды. Осыдан барып мұғалімге тақырыпты қайтадан түсіндіруден басқа жол қалмайды. Бұл жағдай еліміздегі қазіргі кездегі орта мектептердің көпшілігінде кездесетін жағдай екені жасырын емес. Мұндай жағдайда оқушылар мұғаліммен бірге қалыспай тақтадағы сызбаларды көшіріп сызып отыруы керек, ал мұғалім өз кезегінде тақырыпты асықпай, оқушылардың белсенді қатысуымен әрбір бөлігіне тоқталып, талдай отырып түсіндіргені дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |