2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары



Pdf көрінісі
бет13/79
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#94979
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79
Карл Маркс (1818-1883 жж
.) және
Фридрих Оигельс
(1820-1895
жж.). Марксизм диалектикалық және тарихи материализмді, саяси
экономиканы және ғылыми коммунизмді қамтиды. Маркстік
философияның теориялық негізі немістің классикалық философиялық
болып табылады.
Маркстік философияның мәні: «Философтар әр түрлі жолдармен
дүниені түсіндірумен болды, алайда мәселе оны өзгертумен дәйектеледі»
деген қағидада көрінеді.
Маркс пен Энгельс идеалистік тәсілдің қоғамдық-тарихи
құбылыстарды түсіндірудегі дәрменсіздігін көрсеттi. Маркс пен Энгельс
ғылыми айналымға мәні материалдық өндірістің қоғамдық өмірдің өзге
салаларынына қатысты анықтаушы ролін танумен дәйектелетін
«тарихты материалистгк түсіну» ұғымын енгізді. Маркс тарихи процесті
жіктеудің формациялық концепциясының авторы. К. Маркс тарихтың
материалистiк түсінігін философия тарихында алгаш жасап берген.
Маркстің iлiмi бойынша қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды.
Сонымен бiрге олap әлеуметтік-экономикалық детерминацияны
абсолюттендірудің, оны сыңаржақты процесс ретінде қарастырудың қате
екенін атап
көрсетті.Қоғамның рухани өмipi салыстырмалы дер6естікке ие,
оның кызметінің өз заңдары бар және олар қоғамдағы процестерді тездетіп
немесе тежеп, даму барысына айтарлықтай ықпал етіп отырады.. К. Маркстің
негізгі шығармалары: «Капитал», «Анти - Дюринг»,т.6. Ф.Энгельстің негізгі
шығармасы «Табиғат диалектикасы».
В.И.Ленин ( 1870-1925 жж.) маркстік философияның негізгі
идеяларын арғарай дамытқан. Маркстік – лениндік идеология кеңестік
кезеңінде біздің қоғамда үстемді рөл атқарған. Лениннің негiзгi


философиялық шығармалары: «Материализм және эмпириокрити-
цизм», «Философиялық дәптерлер».
Әдебиеттер:
1 Есiм Ғ. Қазақ философиясының тарихы:оқулық/Ғарифолла Есiм.-Алматы:Қазақ 
ун-тi.-2006.-216 б.
2 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-
шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.
3 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост.
Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.
4 Есiм Ғ. Даналыққа құштарлық/Ғ. Есiм.-Семей; Новосибирск:Талер-Пресс.-2007.-
521 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет