идеялары
орыс философиясының, Ресейдің қоғамдық-саяси ойының
дамуына зор ықпал етті. Сөйтіп ол халықшылдық (народничество)
идеологияны тудырушылардың біріне айналды.
Егер батысшылдар қоғам дамуының еуропалық үлгілерін
басшылыққа алса,
славянофильдер
ұлттыұқ идеялык дәстүрлері
негізінде айрықша орыс философиясын жасап шығаруға ұмтылды.
Славянофильдер дін іздеушілікпен шұғылданды. Олардың
тарапынан дінге рухани көшбасшының
барлық құқықтары қайтарылуы
керек болды.
Славянофильдер шындыкты интуитивтгк-сезімдік қабылдауға
негізделен орыс халқының дінге бой ұсынушылығы туралы,
православиелік-христиандық менталитеттің
діни тұтастығын
уағыздады.
А. С. Хомяков басбірлікті, бостандықты және махаббатты тек
православие ғана сақтайды деп есептеді. Отбасындағы, қоғамдағы, өзге
де рухани бірліктер негізінде пайда
болатын алқалы жиналысы
(соборность) түсінігі ең өзекті түсінікке айналады. Славянофильдік
идеялары Л. Н. Толстойға да ықпал етті. Ол да дініздеушілікпен
айналысты. Ол үшін «Бог» (Құдай) –
Христос емес, Христос – өзгелерге
махаббатты қалай қолдануды, жамандыққа күшпен жауап бермеуді
үйреткен Адам.
Бұл ұстаным конфуциандыққа, буддизмге және
даосизмге тіреледі. Толстой үшін бірінші орында философия емес, дін
түріндегі этика тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: