2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus



бет3/7
Дата17.02.2017
өлшемі1,3 Mb.
#9488
1   2   3   4   5   6   7

Жоспары

1. Өмір мақсаты.

2. Қадір қасиеттердің қалыптасуы.

Адамгершілік адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Мораль адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде немесе адамзат индивидуумы дамуында, яғни филогенез бен онтогенезде пайда болады. Оған адамзат “Мені” қалыптасуының екі сатысы ықпал етеді: а) адамның әлеммен тұтастығын білдіретін, “Біз” феноменінен көрінетін адамның әлем мен өзге адамдардан ажырамастығын, дүниетаным бірлігін білдіретін культ (табыну) сатысы; ә) адам әрекеті мен адам индивидуалдығының әр алуандығы жағдайында мәдени формаларды іріктеуді білдіретін культура (мәдениет) сатысы . Бұл кезде біз адамгершілік деп атайтын адамның өзара қатынастарының табиғи нормасы, негізгі адамгершілік құндылықтар – еркіндік, қайырымдылық, ізгілік, әділеттік қалыптасады. Мораль адам бойындағы қасиеттерін тежейтін, оның іс -әрекетін қоғам тарапынан белгілі бір нормаға салып отыратын заңдар мен тиымдар жиынтығы. Моральдық қалып қоғам тарапынан белгілі бір іс-әрекетте қоғамдық көзқарас ретінде қалыптасып, адам өміріне әсер етіп отырады. Белгілі бір жағдайларда қоғамға тән заңдармен жазаланып, шаралармен шектеліп адамды адамгершілік тағылымдарына итермелеп отырады. Мораль арқылы адамның қоғамға, табиғатқа, өзге адамдарға қарым – қатынасы ашылады. Ол кез-келген тұлғаға адамгершіліктің шыңына сәтті жету үшін қажет. А.С. Арсенов, В.В. Давыдовтың көзқарастары бойынша “…Мораль адамгершіліктің нормаларын қамтиды. Моральдық нормалары адамгершілік принциптерінде көрініс табады. Мораль ол белгілі бір шартты түрде (социум) қоғамға пайдалы нормалардың жиынтығы”. Моральдың жағымды және жағымсыз жақтары болады. Қоғамнан бөлек мораль нормаларын шығарып қоғам тарапынан тарататын моралист адамдар да болады. Олар адамгершіліксіз моралист деген ұғымға саяды. Мораль адамның ойы мен іс-әрекетін қоғам көзқарасы арқылы реттеп отырады. Сонымен мораль – дегеніміз тұлға бойындағы ерекшеліктерді толығымен аяғына дейін сипаттай алмайды, ол тек қана тұлғадағы негізгі терең рухани-адамгершіліктің бастамасы болып табылады.

Адамның ең маңызды қасиеті ол өзін-өзі өзгерту мен қоршаған ортаға бейімделу дейтін болсақ, бұл жөнінде Абай философиялық терең ойларында тұлға оның санасы, өзіндік түйсігі жайлы ойларға тоқтала келіп, “…адамның ойлары мен рухы ешқашан өлмейді,тек қана олардың қалыптасу формалары әр түрлі болады” - деп өз өлеңдерінде келтіріп отырады.

Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан-жақты әлеуметтік қарым – қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің дамуын негізге алып, келер ұрпаққа бір сөзбен “Адам бол!” – деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің негізгі принциптері- қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға итермелейді немесе “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі” деп рухани-адамгершілік құндылықтың келесі жағы қарым-қатынас құндылығын суреттесе, өзінің отыз жетінші сөзінде: “Мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам, «адам мінезін түзеп болмайды» деген кісінің тілін кесер едім немесе “Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады –деп келесі рухани-адамгершілік құндылықтарына мәдени-этикалық құндылықтардың мәнін ашып көрсетеді.” Тағы бір сөзінде Абай шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар үйлесімді тіршілік құрып, дами бастайды – деп адам бойындағы ең жоғары қалыптасқан құндылықтар бұл олардың ішкі рухани дүниесінің байлығы мен асыл қасиеттерін көрсете білу екендігін дәлелдеп береді. алатындығын айтып жеткізіп кеткен.

Олай болса бүгінгі күні тарихтың әрбір тасын қалайтын келешек ұрпағымыздың жаман қасеиттерден ада болып, бойындағы ең жоғары құндылық рухани-адамгершілік екенін ұғына отырып, өз алдарына сол құндылықтарды өркендетіп дамытуды мақсат етіп қоя білу бүгінгі күннің өзегіне айналып отыр.

Бұл зерттеуіміздің де өзектілігі сонда, өзін білу, өз қасиетін тауып алу жас студенттің өзін-өзі бақылауы, өзіне есеп бере отырып, ғасыр дертіне айналған кеселді заттар мен бойындағы келеңсіз қылықтардан арылып, өзін жаңаша тәрбиелеуге жол ашады. Бұл орайда адамның дамуына негіз болатын тұлғаның өз бойындағы рухани – адамгершілік құндылығы бұл біріншіден жеке басының ақылдылығы, мінезі, адами қасиеттері әсер ететіндігін Абай өлеңдерінде өрнектеледі…
Ақыл, қайрат жол табар,

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шақпат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеуі соңғысыз,

Біте қалса қазаққа

Алдың-жалын, артың - мұз

Барар едің қай жаққа?

Ақыл мен қайратқа ғана ие адамды әдетте “жарты адам” дейді. Себебі ол “суық ақылдың” ғана өкілі. Бойына осы ақылға қоса әділет пен шапағат біткен адам ғана “толық адам”, яғни ол нұрлы ақылдың өкілі деп танылады, яғни адамгершіліктің негізгі тұтқасы адамның өз бойындағы ерекшеліктері екендігін дәлелдеді.

Абай тағылымдарында:



Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетін игіліктеріне:

- сезім;

- сана,

- ой;


Тыныштық қуаты – жүректе,

келісім қуаты – қайратты, ерікті, иманды кісіде.

Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде;

Адамның ең биік қасиеті-Адам бола білу;



Биік құндылығы:

жан, тән, рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік.

бостандық;

бірігу идеясы;

азаттық;

даналық;/ақыл, өнер,бедел/;



таза өмірдің бастауы – адамгершілікті өрбітетін бұл адам бойындағы келесі қасиеттер: адамшылық, адалдық, әділеттілік, білімділік, еңбеккерлік, терең ой, кісілік, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сертке беріктік, татулық, тәуекелшілдік, имандылық т.б. жатады.

Ал осы адамгершіліктің дамуына кері әсерін тигізетін адам бойындағы негізгі қасиеттер: арамдық, азғындық, арызқойлық, сараңдық, сайқалдық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, еріншектік, жалақорлық, залымдық, жылпостық, қанағатсыздық, жиіркенішті мінез-құлық т.б. бөліп көрсетеді.

Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығы әрбір адамның санасына, тәрбиесіне пайдаланса, болашақ жастарымыздың ақыл-парасаттылығы мен ой тазалағы мүдделеріне сай келетініне көз жеткізуге болады.

Одан кейінгі ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, С. Қалиев, Ш. Майғаранова т.б. өздерінің педагогикалық шығармаларында адамгершілік, парасаттылық идеяларын кеңінен уағыздап, мәдени, рухани-адамгершілік туралы көптеген мәдени деректер қалдырған.

Ш. Құдайбердиевтің “Үш анық” шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ақыл мен мінез үйлесімділігін қалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Шәкәрім рух пен нәпсі, ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Адам өміріндегі мақсатты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны /жақсы ой мен жаман ойды/ ажыратып, тура жолын, өмірдегі өз орнын таба білу рухын өсіріп, нәпсісін тиып тәрбиелеу Шәкәрімнің басты қағидасы болды. Яғни, адамның кез-келген іс-әрекеті ол - жаны мен тәнінің ықыласынан туындайды, адам парасатты болу үшін ол өзінің ішкі жаны мен тәнінің тылсымын түсіну қажет екендігін өз ойларында дәлелдейді. Бұдан біздер, тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі биік адамгершілік тұрғыда көтерілгенде ғана соны тұлға өзін-өзі танып, өз бойынан көре білгенде ғана , іс-әрекет түрінде жүзеге асыра алады –деп ұғынуға болады.

Ал, рухани сананың мақсаты-өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі адамгершілік тұғырлары шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу.

Біздің зерттеуімізге негіз болып отырған рухани-адамгершілік құндылықтардың барлығын саралап жату мүмкін емес. Сондықтан біздер оның ең бастыларын студенттердің бойында өзіндік ішкі рухы “Мені” арқылы игертуге тырыстық. Сонымен бірге адамгершілік рухани аясы кең ұғымды қамтиды, ғұламалардың зерттеулерін зерделей отырып негізгі адамгершілік сапалары мен қадір-қасиеттерін саралап алуды жөн көрдік.

Адамгершілік сапалары:


  • адалдық;

  • махаббат;

  • сүйіспеншілік;

  • парасаттылық;

  • ізгілік;

  • моральдық сана сезім.

Адамгершілік тәрбие беруде жеке тұлғаның әлдебір әрекетке баруына түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі іс-әрекеттер арқылы көрніс тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып отырады. Мұндай іс-әрекеттер мен себептер әрбір тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып көрсетіп отырады.

Адамгершілік моральдық қадір – қасиеттеріне:



Қоғамға:

  • идеялық;

  • ұжымдық;

  • отаншылдық;

еңбекке, оның нәтижелеріне:

  • еңбекқорлық;

  • тәртіптілік;

  • ұқыптылық;

өзіне және өзге де адамдарға:

  • қайырымдылық

  • мейірімділік;

  • принциптік;

  • табандылық;

Әрине, адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген категориялар – жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс, т.б. сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани - адамгершілік дүниесінің негізгі нысандары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.

Адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аяушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық шыншылдық та адамгершілікке жатады. Осыдан келіп адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмінің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек - адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктің нәтижесі. Адамгершілік туа біткен қасиет емес. Адамгершіліктің моральдан айырмашылығы мораль сыртқы қоғамда жазылған заңдар мен нормалар жүйесін қамтып сырттай әсер ететін болса, адамгершілік адамның ішкі дүниесінде қалыптасады. Адамгершілік адамның ішкі еркінің сезімі. Адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпыну, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік пен ауру-кемтарға, бала мен кәріге жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады деп ой түйіндей келе адамгершілік ұғымына келесі анықтама беруге болады. Адамгершілік дегеніміз - тұлғаның өз бойындағы негізгі ізгі сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын еркін қарым-қатынас жүйесі.

Адамгершіліктің көрніс табуы әрбір тұлғада әртүрлі. Себебі әр тұлға өзіне әртүрлі жеке өзінің құндылық мақсаттарын таңдайды. Соған бағыттап өз бойында рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады (Г.А. Брандт, А.М. Лобок).

“Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайлы қарайтын кейбір қоғам мүшелері, басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстағанымен шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы - деп көрсетеді профессор С.Қалиев .

5 дәріс тақырыбы: Бақыт ұғымына түсінік

Мақсаты: Студенттерді бақыт тұжырымдамаларымен таныстыру .

Тірек ұғымдар: Адам, құндылық, байлық, рухани дүние

Жоспары:

1. Қазіргі шетел педагогикалық тұжырымдамалары.

2. Болашақ бүгіннен басталады

3. Арман – досым.

Ш.Құдайбердіұлы ұзақ жылдар бойы ізденіп, зерделенген ой түйінінде философиялық танымның екі бағыты терең зерделенді. Материализм жолындағы таным-бірінші анық, дін жолындағы идеалистік таным-екінші анық деп ара жігі ажыратылады. Ол өзінің көрегендігімен тек логикалық ойлау жүйесі арқылы дүниені тану мүмкін емес екендігін атап өтеді. Ол … адам жанының көрінісі ынсап, әділет, мейірім –үшеуі қосылып ар-ұждан деген ұғым беретінін, ол ар ілімінің негізі болатынын, оның үшінші анық екенін қисынды түрде тұжырымдады. Тән мен жанның үйлесімділігін, жанның саналы толысуын түсініп, ар-ұжданның өмірге таяныш екенін сезген адам ғана жүрегіндегі таза кіршіксіз махаббаты арқылы жаратушыны танып, өмірдің мәнін, өзінің өмірге не үшін келгенін саналы түрде ұғынып, жарқын болашаққа жететіндігінің ақиқаттылығына көзін жеткізді. Ш.Құдайбердіұлының еңбектеріндегі “жан, рух” жайындағы тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орынын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау т.б. ой жетегінен адамгершілік рухани қадір қасиеттердің біртұтастығын және оның қалыптасуы жан мен рухтың, тәннің үйлесімділігінен туындайтынын ұғынуға болады.

Рухани даму дегеніміз-өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру .

Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.

Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана студент тұлғасын құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлеммен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.

Соңғы жылдарда педагогикада адамның өзін-өзі дамыту идеясына ерекше көңіл бөлінуде. Өзін-өзі дамыту тұлғаны өзгеден дараландыратын басты ерекшелік. Дүниені өзінше түсіну, сезіну адамдарды өзгелерден ерекшелендіреді. Осыдан туындайтын тәрбиенің мақсаты – студент өзінің даралық сипатын дамытып, бойындағы ерекшелігін өзгеге көрсетуі және оны басқаға үйрете білуі керек. Студенттерді өз бойындағы өз даралығына сенуге баулу, олардың қайталанбас даралық сипатына құрмет білдіру, осы қасиеттерді студенттің санасында орнықтыруы оқытушының бірден-бір мақсаты болуы тиіс. Сонда ғана оқытушы өз міндетін біршама орындап шығады. Студент өзінің даралық сипатын түсінуі арқылы өзін-өзі танып білуге, өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа, жағымды қарым-қатынас орнатуға жол ашады. Болашақ ұстаздар әрдайым өз қабілеті, жетістігі туралы ойлауы тиіс. Сонымен, жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру арқылы біз өз мәдениетімізді саралап, бағалаймыз. Жоғары мектеп қабырғасында курстар арасында “Діндер тарихы” немесе “Дін және мәдениет” атты арнайы семинарлар өткізуді ұсынып, студенттерді танымдық және тәрбиелік жағынан жетілдіруді іске асыруға болады.

Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайды қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау сезімін бойына сіңіру үлкен абыройлы іс.

Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан: …“Әр адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, пайда келтіруі, зиян келтірмей, басқаларға да зиян жасамауы – бұл ең басты міндеті болуы тиіс”- деген ой тұжырымдарынан өзін-өзі сүй дегенде, өзінің іс-әрекеті мен ішкі сезіміне үңілу, өзін-өзі тану сол арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарын игертуге шақырады. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесінің қамын ойласақ, бұдан бірнеше ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, парасатылыққа, адамгершілікке, тәрбиеленген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс.

Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емес, жүректің, діннің , өткір сөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан білекті бірді жығар- деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түрікі, қазақ хандығы Рессей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды. Сақ, ғұн мәдениетінде көшпенді халықтың әдет ғұрпы қалыптасса, жалпы түркі дәуірінде көшпенді жартылай отырықшы халықтың мәдениеті, Рессей мәдениетінде бодандық, қазақ хандығында рулық, Кеңес үкіметі жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты материалды үрдіс деп тану т.с.с рухани мәдениеттің негізгі кезеңдері өзгеріске ұшырап келер ұрпаққа жеткізіліп отырған. Қазақтар ерте заманнан бастап, Отанын сүю, қорғай білу соған рух жинап тұтастықты қамту ел бірлігін ұстау сияқты рухани адамгершілік мәдени құндылықтарды сақтаған. Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына:



  1. Атамекен, атакәсіп, атамұра ;

  2. Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған.

  3. Отбасын сақтау; ата баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухқа тәрбиелу;

  4. Сөзде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан.

Арабтар ислам дінін Орталық Азияға алып келді. Мысалы, көк тәңірге сиыну наурыз мейрамын тойлау т.б. Сол кезде төбелерге шығып шыққан күнді күтіп, сол күнге сиынып, отбасының , халқының амандығын сұрау арқылы ұлы Жаратушығы сиыну, осы кезге дейін ұрысып, кикілжіңге келген, арасы алыстаған адамдарды жақындастырып табыстыру адамгершілік ізгілікке жол тауып отырған. Ислам дінін таратушы миссионер Қ.А. Яссауи ерлік, ел алдындағы ұят, абырой, тазалықты сақтауға шақырып отырған. Осының бәрі тоқырау заманында әсіресе Кеңестік заманның 20 жылдарында қазақтар өз рухани мәдениетінен бірте-бірте айрылып, дінде, тілде шұбарлылық пайда болып, рухқа шабуыл болғандықтан қазақтың рухы әлсіреп қалды. Әлеуметтік ортаның дамуы ғарышпен қарым-қатынас, өзге елдермен араласу қазіргі кезде егеменді елдігімізді алған шағымызда жастарымыздың рухани – адамгершілік мәдениетін жаңадан бұрынғы әдет ғұрып салт сананы сақтай отырып дамытатын рухани жаңартатын тәрбие керектігі өте айқын. Оған дәлел біздің зерттеулеріміздегі жоғары оқу орнындағы жүргізілген тәжірибе қортындысынан көруге болады.

6 дәріс тақырыбы: Тілдесі мәдениеті



Мақсаты: Тіл өнерінің қасиет сипаты туралы түсінік.

Тірек ұғымдар: Адам, құндылық, тіл байлығы, рухани дүние

Жоспары:

1. Тілдесу мәдениеті.

2. Сөз қолдана білу де өнер.

3. …қиыннан қиыстырар ер данасы.

Топ студенттері шеңбер құра орналасады. Амандаспас бұрын барлығы қосылып көтеріңкі ән шырқалды. Бұдан соң жиналып, серуенге саябаққа шықтық. Жайық жағалауының әсем табиғаты, көз тартар бояуға толы әлем, құстар әні, табиғаттың ортасында тамашалап жүруге 30 минут уақыт кеті. Адамның эстетикалық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре түсіне жүрегімен ұға білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләзаттануға мүмкіндік береді-дей келіп студенттерге өзіндік таным бөлмесіне оралған соң тапсырма бердім. Тапсырма олардың өзіндік таным шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталды. Табиғат гормониясында болып, оны саналы ұғыну барлық адамның қолынан келеді, ал оны шығармашылықпен тани білу ол үлкен шебірлікті, табиғи дарынды қабілетті керек етеді. Ал қане, кім осы сезімді өз биігінен қалай жеткізер екен? Студенттер тапсырмаларын орындауға кірісті. Тапсырма бойынша табиғат сұлулығын көзбен көрген олар өз беттерімен өздерінің қалауымен сол күйлерін шығармашылықпен сипаттай бастады. Біреуі сол жердің суретін саса, екіншісі өлең шығарды, үшіншісі өзінің туған ауылының көркемдігіне арнап шығарма жазды, ал біреулері әңгіме құрастырды. Болған соң белгіленген уақыттан кейін бір-біріне шығармашылықтарын көрсетіп, суреттерін түсіндіріп, әңгімелерін, шығармаларын оқып талқылады. Сабақ бойына студенттер өздерініңжеке тұлғалық белсенділігін қиялмен дамытып, оларды әсемдік пен жексұрындықты, сәулеттілікпен ұжансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне отырып, өз бойларындағы талғамды жоғарлатып, іс-әрекеттің белсенділігін арттырды. Студент бір сәт әсемдікті, сұлулықты сезіну арқылы өзінің рухани жанының сұлулығын мөлдірлігін, тазалығын айқындап, жан дүниесінің байлығын, шешендігін, ойлау шеберлігін және табиғат сұлулығы арқылы дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйренді. Әрі қарай бұл сабақ арқылы студенттердің бойында әсем табиғат арқылы өмірдегі ең жақсынықабылдау одан ләззат алуға, өнер шығармашылығын тануға қастерлеуге деген ынтасының ашылғандығын көруге болады. Студенттер эстетикалық тәрбие арқылы өздерінің шығармашылық белсенділігі жоғарлап, оларды ғылым жолында өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үлкен ықпалын тигізді.Бұдан соң студенттердің бойынан ғылымғы талпыну білсем деген көзқарас туындағанын олардың ойларынан аңғардық.

7 дәріс тақырыбы: Өмір мәні – денсаулық


Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары, денсаулық туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: тұлға, жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары, қозғаушы күштер, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жоспары.

1. Денсаулық ұғымы туралы түсінік.

2. Тұлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуы.

3. Тұлға дамуындағы оқытудың орны.

4. Тұлғаны әлеуметтендіру және қалыптастыру факторлары.

Студенттер бір бірімен әлемдегі барлық жақсылық атаулы атап тілеу арқылы амандасты. Амандасып болған соң Порфирий Корнеевич Ивановтың 8 кеңесімен танысты. «өз өміріңде өзгелерге пайдалы болуды үйрену керек. қашанда адамдарға жақсылық жасасам екен деген тілекпен өмір сүр, бір жақсылық жасасаң, оны қайта есіңе алма, тағы да жақсылық жасауға асық. Сонда Табиғат сені қабылдап құшағына алады «жақсылық жаса, сонда жамандықлықты өзің құрасың». Жақсылық жасасаң оны есіңе алма дегенді қалай түсінесізде?

Студенттер өзіндік таным сабағына арналған өлеңдер жинағынан қосылып өлең орындады.

«Біздің білместігімізден өмір ағыны арамызда ойдағыдай өте бермейді, бұл тұрғыда көп адамда кемшілік бар. Ауру адамның мұқтажын көре – тұра, көмектеспейтініміз бар. Мұндай жандар туралы білуіміз, жәрдемдесуіміз керек». Осы сияқты бірнеше кеңестер оқылып олардың өмірлік мәні талданды. Студенттер сабақ аяқталар алдында барлығына:

Жігер деген- Мен.

Күш деген –Мен.

Махаббат деген –Мен.

Кешірім деген – Мен.

Құдірет деген –Мен.

Жасөспірімдік деген – Мен.

Жастық деген-Мен.

Денсаулық деген – Мен.

Ақылдылық деген-Мен.

Жарқындық деген – Мен.

Бар ғажайып деген – Мен.

Бәрі маған байланысты.

Бәрі менің қолымда, - деп өзіңізді сендіріңіз.

Қайырлы жол қымбатты жас ұрпақ. Өмірлеріңізге сәт сапар!

8 дәріс тақырыбы: Отан - өз үйің. Отан - оттан да ыстық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет