Қазақстанда радиоактивті ластанудың көздері
Қазақстанда қауіпті радиация көздерін екі топқа бөлінеді:
табиғи радоактивті нысандар;
адамның қылмыстық және немқұрайлық қатынасынан;
Бірінші топқа 6 урандық аймақтар жатады:
Солтүстік Қазақстан;
Бетпақдала-Шу-Іле;
Шу- Сырысу;
Іле;
Каспий маңы.
2.10 суретте Қазақстандағы уран кен орындары көрсетілген.
Сурет 2.10 - Қазақстандағы уран кен орындары көрсетілген.
Сонымен қатар Қазақстанда аномальді консентрацияланған радионуклидтері бар жер асты сулары бар. Себебі радиоактивті гранит, сиенит пен туфы жоғарғы урандалған және мұнайланған аймақтар бар.
Қазақстанда табиғи фон көздерінен сәулелену дозасы 310 мбэр (3,4мЗв), сонымен қатар медецинадан 110 мбэр ( 1,1мЗв). Жалпы алғанда табиғи және жасанды сәуледенуден 420 мбэр ( 4,2 мЗв) құрайды. Әлемді көрсеткіштен 1,5 есе жоғары. 100 мбэр ( 1 мЗв) қосылса қауіпті болып саналады.
Екінші топқа:
Ядролық полигондар;
Атомдық өндірістер мен зерттеу реакторлары;
Изотопты пайдаланылатын құрал мен құрылғылар;
Уран шығару мен өңдеуші өнеркәсіптері;
Уран өндіруші емес кәсіпорындар.
Қазақстан аумағында Семей полигонынан бөлек 3 полигон бар. Олар «Лира», «Галит», «Сай-Утес». Қазақстанға сондай-ақ Қытайдың «Лобнор» полигоның әсері келуде. 2.11суретте Қазақстанда ядролық сынақ жүргізілген айақтар көрсетілген.
INCLUDEPICTURE "G:\\радинукл. из иноенета\\Радиоэкологические исследования - www_nnc_kz.files\\map.gif" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "G:\\Всё для книги\\радинукл. из иноенета\\Радиоэкологические исследования - www_nnc_kz.files\\map.gif" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "G:\\Всё для книги\\радинукл. из иноенета\\Радиоэкологические исследования - www_nnc_kz.files\\map.gif" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "G:\\Всё для книги\\радинукл. из иноенета\\Радиоэкологические исследования - www_nnc_kz.files\\map.gif" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "../../../../../Жанат/Всё%20для%20книги/радинукл.%20из%20иноенета/Радиоэкологические%20исследования -%20www_nnc_kz.files/map.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../Жанат/Всё%20для%20книги/радинукл.%20из%20иноенета/Радиоэкологические%20исследования -%20www_nnc_kz.files/map.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../Жанат/Всё%20для%20книги/радинукл.%20из%20иноенета/Радиоэкологические%20исследования -%20www_nnc_kz.files/map.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "G:\\радинукл. из иноенета\\Радиоэкологические исследования - www_nnc_kz.files\\map.gif" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "../../../../../Администратор/AppData/Local/Temp/радинукл.%20из%20иноенета/Радиоэкологические%20исследования -%20www_nnc_kz.files/map.gif" \* MERGEFORMAT
Сурет 2.11 - Қазақстан аумағында жүргізілген ядролы сынақ аймақтары
Семей полигоны Ертіс өзенінің солтүстігінде орналасып, бұрынғы Семей, Павлодар және Қарағанды облыстар аумағын алып жатыр. Полигонда 117 жуық сынақ жүргізілген(30 жерде, 87 ауада) Ең бірінші сынақ 1949 жылы 29 тамызда 38 метр биіктікте жасалып, 20000 тротил қуыты болған.
Радиоактивті қалдықтар қуатының дозасы Долонь аймағында бірінші сағаттарда 2000р/сағ болды. γ-сәуленің сыртқы дозасы бірінші тәулікте 60, бір аптада 100р, бір айда 130р, бір жылда 160р көрсеткішін көрсетті.
«Лира» аймағында Қарашығанақ кен орнында қуыстарды құру үшін 6 жарылыс жүргізілді, «Галита» осы мақсатта 17 жарылыс тұз массивтерінде жүргізілді. «Сай-Утес» аймағында 3 жарылыс және 6 жарылыс конденсаттарда сақтау үшін жасалды.
Орта есеппен ядролық полигондарда белсенді қалдықтар 6,5 млн.т. Белсенділігі 11.6 мың Кюри ( 42,9х1013Бк).
Қазақстанда қазіргі таңда 5 реактор бар:
Ақтау қаласындағы 1 энергиялық;
Семей полигонындағы 3 зерттеуші;
Алматы қаласында 1 зерттеуші реактор. Реакторлар төменгі және жоғарғы белсенді 421 кюри белсенділігімен 14,5 мың т және 1,9 млн кюри белсенді 450 т белсенді қалдықтар береді.
Қазақстанда урандық емес өндірістерге:
Мұнай өндіретін;
Көмір орны;
Боксит ,фосфорит пен сирек кездесетін метал мен түсті метал өндіру кәсіпорындары.
Қазақстан жер қойнауынан алынатын полиметалл кендерінен торий мен басқа да радионуклидтер алынады. Жүргізілген зерттеулер бойынша таукендері мен металлургия, химиялық өнеркәсіптерінде радиоактивті қалдықтар бары анықталды.
Қазақстанда жалпы есеппен алғанда радиоактивті қалдықтардың 237 млн.т белсенділігі 15,5 млн кюри. Чернобыльдің 1/3 бөлігін құрайды.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының радиациялық жағдайы келесі факторлармен анықталады:
Табиғи радионуклидттердің тау жыныстарында болуы;
Солтүстік жарты шарда жүргізілген ядролық сынақтардың әсерінен жахандық жауынның жаууы;
Заңсыз радионуклидттармен ластанған құбырлар мен сыйымдылықтарды тасымалдау мен орнату, радионуклидттері бар құрылғыларды қолдану;
Медицинада сәулелі диагностика мен емдеу;
Өнеркәсіп кәсіпорындарының қалдықтары.
Аумақта табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ. 20.12.2000 жылда жүргізілген соңғы сынақ бойынша облыс аумағында 7264 жабық иондаушы сәуле көздері бар.
Өскемен аумағында 400 жуық радиоактивті ауытқулар анықталып, дереу оларды жою жұмыстары басталып 2010 жылы жартысынан көбі жойылды. Ең ірі радиоактивті ластанған орталықтардың бірі техникалық университет орналасқан Комендантка өзенінің қасында. Бұл ошақ көзі бұрынғы «Колбаолова» кәсіпорынының суалды байыту фабрикасына қоқыстарын тастау кезінде пайда болған. Ені 220 м ұзындығы 400 м созылған қалдықтар 4-5 м тереңдікке тарайды. 1000мкр/сағ терең кеңейеді.
Қоршаған ортаға өте қауіп тудыратын өз қызыметінде 9667 иондаушы сәуоесі бар 27 кәсіпорындар.
Мәселелердің бірі радон мен радоннан ыдырап шыққан өнімдердің тұрғын үй және өндірістік ғимараттардың сәулеленуі. Сонымен қатар жерасты сулардың, жеке су көздерінде радон концентрациялары рұқсат етілген мөлшерден 10-37 есе жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |