тәрбиелік жүйе негізіне кіретін педагогикалық тұжырымдамалар, идеялар және ұстанымдарды жүзеге асыруда қойылған мақсаттың жуықтау деңгейі;
мектепте жалпы психологиялық жағымды көңіл-күйдің, жүйедегі субъектілердің өзара тығыз қарым-қатынасының болуы және олардың әлеуметтік қорғалу жағдайы;
оқушылардың тәрбиелік деңгейі, өзінің беделін сезінуі т.с.с.
Бұндай өлшемдер мектептің тәрбие жүйесінің дамуына қатысты нақтыланып отырады.
Дегенмен, қазіргі тәрбие жүйесін нәтижелі дамытудың маңызды өлшемі ретінде тұлғаны дамыту идеясы болып табылады.
Тәрбие жүйесінің белгілері ретінде құзырлық (компонентность), құрылымдық (структурность), көпдеңгейлік (многоуровневость), себепшілдік (обусловленность) және олардың өзара байланыстылығы (взаимосвязанность) саналады.