4) оқытудабаға қоймау, өйткені педагог оқушылармен бірге қойылған сұрақтардың жауабын іздейді;
4) оқытуда баға қоймау, өйткені педагог оқушылармен бірге қойылған сұрақтардың жауабын іздейді;
5) еркін қарым-қатынас жасау мақсатында оқушыға кеңес-пікір білдіру түрінде көмек беруге тырысу.
Өткен ғасырдың 20-30 жылдары Францияда атақты француз педагогы және философы, Ванс ауылдық жердің мұғалімі Селестен Френе(1896–1966) провинциялдарда (ауылдық жерлер)бастауыш мектептің педагогикалық жүйесін құрды.
С.Френе негізінен «еркін тәрбие», «еңбек мектептері», ХХ ғ. басындағы «өзін-өзі басқару идеяларын» қолдады. Оның пікірінше бала өзінің тұлғасын өзі жасауы міндетті, шығармашылықпен өзін дамытуы қажет, өзінің потенционалдық күшін өзі ашуы және өзін-өзі жүзеге асыруы тиіс деп санады. Ал педагогтың қызметі балаға өзіне тән дүниелерді ашуға және дамытуға көмектесу. Осыған сәйкес Френе тұлғаның білім алатын және өзін-өзі дамытатын ортасын құруға аса көңіл бөлді.