Диагнозды нақтылау:
Шағымдар мен анамнез:
- созылмалы жөтел (ұстама тəрізді немесе күнделікті, жиі күн бойы, сирек тек қана түнде) жəне қақырықтық созылмалы бөлініп шығуы – 2 жылдан артық бойы, 3 айдан кем емес;
- уақыт бойынша күшейетін экспираторлық ентікпе, өте кең көлемде – аздаған физикалық жүктемелер кезінде ентігуді сезінуден, азғана физикалық жаттығулар мен тыныштық кезінде байқалатын ауыр тыныс алу жеткіліксіздігіне дейін.
Физикалық тексеру: классикалық аускультациялық белгі болып табылады - қарапайым тыныс жəне форсирленген тыныс шығару кезіндегі ысқырмалы құрғақ сырылдар.
Достарыңызбен бөлісу: |