20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


балл 1.Тіс шөгінділері жайлы мәлімет



бет41/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

30 балл 1.Тіс шөгінділері жайлы мәлімет.
Тістердің бетінде құрылған шөгінділерді екі топқа бөлуге болады.
І. Минералданбаған тіс шөгінділері:
пелликула
тіс тоғасы (зубная бляшка)
жұмсақ тіс шөгіндісі немесе тіс қағы
ас қалдықтары
ІІ. Минералданған тіс шөгінділері:
қызылиекүсті тіс тасы;
қызылиекасты тіс тасы.
Тіс тоғасының құрылуы және дамуы
Тіс шыққаннан кейін кутикуламен немесе шыға пайда болған қабықпен жабылған. Жүре келе тіс кіреукесі ешқандай құрылымсыз қабатты қабықпен жабылады.
Тіс бетінде екі құрылымды ажыратады: біріншілік кіреуке кутикуласы (үстіңгі және астыңғы) және пелликула. Тістердің тағам шайнау қызметіне байланысты жүре келе кутикула жойылып, орнын пелликула жабады және кутикула тістердің жанасу беттерінде, мойын аймағында сақталып қалады.
Пелликула – сілекей туындысы, аминқышқылдарынан және полисахаридтер құрылатын қанттардан (сахара) тұрады. Пелликула гидроксиапатит кристаллдары беттерінде құрылады деген көзқарастар бар. Пелликуланың қалыңдығы 1-10 мкм.
Электронды микроскоппен зерттеу жүргізгенде пелликула үш қабаттан тұратыны анықталған: екі қабаты кіреукенің бетінде орналасқан, ал үшінші қабаты кіреукенің сыртқы қабатында призмалар ұштарының арасына кіре орналасқан. Пелликуланың беті тегіс емес, онда ұсақ ойықтар және тістіөсікті өсінділері бар.
Пелликула кіреукенің минералсыздануын 4-6 рет төмендетеді. Пелликуланың көп аумағын тіс қағы (налет) немесе тіс шөгіндісі (отложения) жауып тұрады.
Пелликуланың рөлі әрқилы: бір жағынан кіреукені ауыздың қышқылды заттарынан сақтап, қорғаныс қызметін атқарса, екіншіден микроорганизмдердің бетіндегі ойық-қуыстарына бекуіне жағдай жасап, тіс қағының немесе тіс тоғасының құрылуына мүмкіндік туындатады. Тіс қағы(сурет -) (зубной налет) немесе тіс тоғасы (зубная бляшка) ақ түсті жұмсақ зат, қалыңдығы 5-тен 200 мкм дейін, көбінесе тістің мойын аймағын немесе барлық беттерін жауып жатады. Тіс қағының құрамына белгілі құрылымсыз органикалық заттар және бактериялар колонияларының шоғыры кіреді.
Тіс тоғасының құрылуы белгілі бір реттілікпен жүзеге асады:
бактериялардың тіс пелликуласына бекуі;
клеткадан тыс құрылымның (матрикстің) пайда болуы.
бактериялардың өсіп көбеюі және тіс тоғасының (қағының) пайда болуы.
Silvestone бактериялардың тіс пелликуласына бекуінің төменгі кезеңдерін ажыратады.
микромолекулалардың адсорбциялануы;
мобильді (елгезек) бактериялардың химиялық бекуі;
беткей аймақта бактериялардың қайтымды тұрақтануы;
қайтымсыз тұрақтануы;
екіншілік микрофлораның дамуы. тіс шөгінділері немесе тістің қатты шөгінділері (минерализованные или твердые зубные отложения) құрылу тегіне байланысты екі түрге бөлінеді: қызылиекүсті тіс тасы және қызылиекасты тіс тасы. Пародонты қалыпты жағдайдың өзінде адамдардың 80% әртүрлі дәрежеде тістің қатты шөгінділері орын алады. Қызылиекүсті тіс тасы жиірек кездеседі және 9-15 жас арасындағы балаларда 37-70% құрайды. Жасы 16-22 арасындағы жастарда қызылиекүсті тіс тасы 44-88%, ал 40-тан асқан адамдар арасында 86-100% жағдайда орын алады. Қызылиекасты тіс тасының құрылуы сирегірек, бірақ 40-тан асқан адамдардың әрқайсысында анықталады деуге болады.
Қызылиекүсті тіс тасы тіс бетінде қызылиек жиегінен жоғары орналасады, түс ақшыл немесе ақшыл-сары түсті, консистенциясы қатты немесе тығыздалған топырақтікіндей. Оның түсінің өзгеруі тағамдардың құрамындағы пигменттік заттарға және темекіге де байланысты болады.
Тіс тасының түсі ашықтау болса, консистенциясы да жұмсақ болады және көп мөлшерде құрылады. Қоюлау түсті тіс тасы қатты болып келеді, баяу және аз мөлшерде құрылады.
Қызылиекүсті тіс тасын сілекей типті тас деп те атайды. Себебі, бұл тастың құрылуына қажетті органикалық және минералды заттар сілекейден бөлінеді.
Қызылиекүсті тіс тасы көбінесе үлкен сілекей бездерінің шығарушы түтіктеріне жақын орналасқан тістер бетінде жиірек құрылады. Олар – жоғарғы үлкен азу тістердің ұрт жақ, төменгі күрек тістердің ерін жақ беттері.
Қызылиекүсті тіс тасының 70-90% бейорганикалық, ал қалған бөлігі органикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттың құрамына кальций фосфаты (75,9%), кальций карбонаты (3,1%), магний фосфаты және өте аз мөлшерде басқа металдар туындылары кіреді. Бейорганикалық заттардың құрамында кальций 39%, фосфор 19%, магний 0,8% және карбонаттар 1,9% құрайды. Сонымен қатар микроэлементтердің үлкен тобы: натрий, цинк, стронций, бром, мыс, марганец, волфрам, алтын, алюминий, темір, фтор кіреді.
Тіс шөгінділері алғашқы құрылу сатысында жұмсақ қақтан тұрады, ал екінші және үшінші сатыларында нағыз тіс тасынан тұрады.
Тіс қағының минералдану механизмі кальций иондарының органикалық матрицаның протеинсазаридті кешенімен байланысуымен және фосфатты кальций тұздарының шөгуімен түсіндіріледі. Бастапқы кезде кристалдар клеткалараралық матриксте бактериялардың бетіне шөгеді, кейінірек бактериялар ішіне шөгеді. Тіс тоғасының минкралдануы әр адамда әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Сондықтан да бір адамдарда тіс тасы жедел, екіншілерінде баяу құрылады, ал үшіншілерінде тіптен құрылмайды. Тіс тасы құрылуға бейім адамдарда тастың әр күн сайынғы өсуі құрғақ заттың 0,10-0,15 мг тең (Пахомов Г.Н., 1982).
Қызылиекасты тіс тасы қызылиек немесе пародонтальдық қалталарда орналасады және көрер көзге көрінбейді, оның орнын, орналасау аймағын анықтау үшін сүңгілеп тексеру керек. Қызылиекасты тасы тығыз және қатты болып келеді, қою-қоңыр немесе жасыл-қара түсті, тіс бетіне мықтап бекіген.
Қызылиекасты тіс тасы сирек құрылғанымен 40 жастан кейін барлық адамдарда орын алады.
Қызылиекасты тасын сарысулық тас деп те атайды, себебі оның құрылу көзі қан сарысуы сияқты қызылиек сұйықтығы болып табылады. Құрамы жағынан ол қызылиекүсті тасына ұқсас, көп мөлшерде гидроксиапатиттен, магнийапатиттен және аз мөлшерде брусит пен октакальций фосфатынан тұрады және онда кальций мен фосфаттың ара қатынасы жоғары.

2.Тұрақты пломбылық материалдардың жіктелуі.


Тісжегі қуыстарына ұзақ уақытқа қойылатын (бұзылғанға немесе түскенге дейін) пломбылық материалдыр тұрақты пломбылық материалдар деп аталады және үш түрге бөлінеді: стоматологиялық цементтер, металқұрамдас материалдар және композиттер.
Стоматологиялық цементтер. Олар үлкен топ құрайды және бірнеше түрге бөлінеді: цинк-фосфатты немесе фосфатты цементтер, силикатты цементтер, силикат-фосфатты, поликарбоксилатты және иономерлі (шыны-иономерлі) цементтер.
Фосфатты цементтер. Ұнтақ және сұйық түрінде шығарылады. Ұнтағының 75-90% мырыш тотығынан және басқа металдар тотықтарынан (MgO – 5-13%, SiO2 – 0,05%, Al2O3 – 0,05-2,5%) тұрады және аз мөлшерде кальций фториді және кальций тотығы, басқа да бояғыш заттар бар.
Силикатты - цемент. Бұл топтағы цементтердің ұнтағының құрамында 47% дейін кремний тотығы, 35% дейін алюминий тотығы, 15% фторлы натрий, 3-15% кальций тотығы, 0,2-1,5% магний тотығы кіреді.
Силикат-фосфатты цементтер. Бұл цементтер силикатты және фосфатты цементтердің ұнтақтарын араластыру арқылы алынады. Аралас қоспаның 80% силикатты цементтің, 20% фосфатты цементтің ұнтағынан тұрады, кейбір түрлерінің құрамында 60% силикатты цементтің, 40% фосфатты цементтің ұнтақтары бар (инфантид) .
Полимерлі цементтер (полимерные цементы) – бұзылған тісті қалпына келтіретін жаңа пломбылық материалдар тобына жатады. Олардың минералды цементтерден айырмашылығы – араластыратын сұйықтығы ретінде тістің қатты тіндерімен химиялық байланысқа түсетін полиакрил немесе полималеин қышқылдары пайдаланылады.
Металқұрамды пломбылық материалдар.
Металқұрамды пломбылық материалдар деп құрамында бір немесе бірнеше металдардың құймасы (сплав) бар материалдарды айтады. Металқұрамды пломбылық маетриалдарды тіс емдеу саласында қолдана бастағалы бір ғасырдан аса уақыт өтті. Олардың ішінен соңғы кезде стоматологияда қолданыс тапқандары – амальгамалар және галий құймалары.
Амальгама деп бір немесе бірнеше металдың сынаптағы ерітіндісін айтады. Сынаппен металл үгінділерін араластырған кезде өз бетімен қатаятын жұмсақ құйма пайда болады. Бұл үрдіс амальгамдану (амальгамирование) деп аталады. Стоматологиялық тәжірибеде қазіргі кезде екі түрлі – күміс және мыс амальгамасы қолданылады.
Күміс амальгамасы.
Күміс амальгамасының классикалық ұнтағының металл құймасы күмістен (65-66%), қалайыдан (29-32%), және мыстан (2-6%) тұрады. Бұл құйма жақсы жабылған шыны құтыдағы сынаппен араластырылады (қолданар алдында белгілі мөлшермен).
Ал металдар құймасының үгіндісі пластмасса құтыда шығарылады
Тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау бірнеше кезеңдерден тұрады:
1.тісжегі қуысын егеп-тазалау. Тісжегі қуысын егеп- тазалау қалыптасқан ереже бойынша орындалады және оған көбіне жәшікке ұқсас пішін береді. Пломбының жақсы бекуін қамтамасыз ету үшін қуыс қабырғаларында ретенциялық құрылымдар (сайлар, ойықтар) жасайды. Кіреуке жиегін 45° бұрышпен қиып тегістейді.
2.Аралық төсем салу. Амальгаманың жылу өткізгіштік теріс қасиеті бар. Мұның өзі ұлпаның ұзақ тітіркенуі әсерінен созылмалы қабыну тудыруы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде минералды цементтерден амальгама астына аралық төсем салынады, қалыңдығы 1-1,5 мм аспауы және кіреуке-дентин шекарасына дейін төселуі керек. Қазіргі кезде аралық төсем орнына бондинг жүйесін пайдалануға да болады. Тісжегі қуысының қабырғаларын адгезивті жүйемен жапқан кезде, пломбының жиектік жабысуы жоғарылайтын анықталған.
3.Амальгаманы дайындау. Ертеректе амальгаманы арнаулы фарфор немесе шыны тостағанда қолмен араластыратын. Қазіргі кезде электр тоғымен жұмыс істейтін амальгамаараластырғышпен 15-60 секөнд уақыт шамасында араластырып алады (керекті мөлшерлері пластмасса капсулаға алдын-ала салынып қойылған).
Дайын болған амальгама жұмсақ, саусақпен қысқан кезде шықырлаған дыбыс береді және бөлшектенбейді. Амальгаманы сығып артық сынапты алу үшін қолға рәзіңке қолғап кію керек.
4. Амальгаманы тісжегі қуысына енгізу және нығыздау.
Дайын болған амальгаманы кешіктірмей тісжегі қуысына бөлшектеп тегістегіштің немесе амальгаматрегердің көмегімен енгізе бастайды. Алғашқы қойылған бөлшегін арнаулы нығыздағышпен (штопфермен) қуыс қабырғаларына сүйкей отырып нығыздайды және біртіндеп қуысты артықтау етіп толтырады. Мұқият нығыздалған пломбы өте берік болады және жиектік жабысуы жақсарады, сонымен қатар нығыздалған сайын сынаптың артық мөлшері бөлініп отырады.
5.Пломбыға белгілі пішін беру арқылы тістің анатомиялық құрылысын қалпына келтіреді. Бұл кезең спиртпен ылғалданған мақта анжылардың және тегістегіштердің көмегімен орындалады.
6. Пломбыны әрлеу (тегістеу және жылтырату).
Бұл кезең 24 сағаттан кейін карборунд тастардың, финирлер мен полирлердің көмегімен орындалады. Бұл мақсатта өте ұсақ алмас үгінділерімен жабылған абразивті борларды да қолдануға болады.
Жақсы әрленген пломбы тістің анатомиялық пішінін қалпына келтіруге тиіс және беті айнадай жалтырап, пломбы мен қуыс жиектері шекарасында сүңгі іркілмей (ілінбей) жылжуы керек.
Тісжегі қуысының бір қабырғасының (жанасу қабырғасының) жоқ болуы кезінде оны арнаулы матрицаларды немесе бөлгіш пластиналарды (разделительные полоски) пайдалануды қажет етеді.
Мыс амальгамасы.
Мыс амальгамасы аз мөлшерде күміс және қалайы қосылған мыс пен сынаптың құймасынан тұрады. Тісжегі қуысын дайындау, пломбылау тәсілдері күміс амальгамасымен жұмыс істеу кезіндегідей.
Галлий құймалары (сплавы галлия).
Сынаптың уытты қасиеттеріне және онымен жұмыс істеу үшін арнаулы жағдай туғызудың қажеттілігі құрамында уытты қоспалары жоқ металқұрамды материалдарды шығаруды ойластыруға мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде галий негізінде пломбылық материал ойластырылып шығарылды. Сынап сияқты галий де бөлме температурсында металдар ұнтағымен химиялық реакцияға түсіп өз бетімен қатаятын қоспалар құрайды. Физикалық-механикалық қасиеттері жағынан галий негіздес материалдар амальгамаларға жақын және төмендегі қасиеттерге ие:
дайындау үшін арнаулы жағдайды қажет етпейді;
беріктігі жоғары;
жабысқақтығы жоғары (галийге байланысты), сондықтан жиектік жанасуды жақсы қамтамасыз етеді;
жұмсақ, иілгіш, қолдану тәсілі оңай.
Теріс қасиеттері:
коррозияға ұшыраушылығы амальгамадан жоғары;
жұмыс істегенде қол терісіне жабысады;
алтыннан істелген сауыттардың түсін өзгертеді;
амальгамаға қарағанда сынғыш келеді (хрупкий).
Қазіргі кезде шығарылып жүрген галлий негіздес пломбылық материалдың ұнтағының құрамына үгінділерінің көлемі 40 микроннан аспайтын «мыс-қорғасын» құймасы кіреді, массасы жағынан 55-60% құрайды, ал сұйығы бөлме температурасында сұйық консистенцияға ие болатын «галлий-қорғасын» құймасынан тұрады (массасы жағынан 40-50%).
Бұл материалдардың Ресейде шығарылатын өкілдері: «Галлодент-М» және капсулаларда шығарылатын «Дентомет» және «Металлодент».
Галлодент-М екі құтыда шығарылады, бірінде металдар құймасының үгінділері, екіншісінде сұйықтығы. Арнаулы өлшеуіштердің көмегімен ұнтақ пен сұйықты 3:1 қатынасында полиэтиленнен жасалған капсулаларға салып, амальгамаараластырғыштардың көмегімен араластырады (30-40 секөнд). Пломбыларды қою тәсілі және көрсетілімдері жоғарыда айтылған амльгаманы қолданудағыдай. Ауыз ішінде Галлодент-М 20-30 минөттен кейін қатая бастайды. Қатайған пломбының бетін әрлеу келесі күні жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет