3.Флюороз туралы түсінік.
Флюороз– құрамында фтордың мөлшері көп суды пайдалану нәтижесінде организмнің фтормен созылмалы уыттануынан туындаған эндемиялық ауру. Флюороздың ең ерте дамитын белгілерінің бірі – тістердің жарақаттануы. Ең алғаш тістердегі флюорозға тән өзгерістерді сипаттап жазған және оларды “күйік шалған немесе қара тістер” (подгорелые зубы) деп атаған итальян дәрігері Чиия (1900ж). Кейінірек тістер «ойықты тістер» («испещренные зубы»), «шұбар кіреуке» (рябая эмаль), «дақты кіреуке» (пятнистая эмаль) деп атала бастады. Блек 1916 жылы ұсынған «дақты кіреуке» (пятнистая эмаль) деген ат арнаулы әдебиетте кең орын алды. Тек 1931 жылы ғана флюороздың ауыз судағы фтор мөлшерінің жоғары болуы нәтижесінде дамитыны дәлелденді (химия ғылымының дамуы нәтижесінде). Флюороз кезінде тіс тіндері ғана жарақаттанбайды, фтордың мөлшері жоғарылаған сайын сүйек қанқасы да өзгеріске ұшырайды.
Фтор – табиғатта кең тараған микроэлемент, жер қыртысында оның мөлшері – 1,06*10%. Фтор организмдегі биологиялық үрдістерге қатысатын маңызды элемент, оның организмге күнделікті қажет мөлшері 3мг жақын. Фтор адамның барлық ағзаларының құрамында бар, ал тістер мен сүйектерде көбірек қорланған.
Ересек адам күніне ас тағамдарымен бірге 0,5-1,1 мг, ал сумен 2,2-2,5 мг фтор қабылдайды. Фтор барлық тамақтық заттарда кездеседі, оның ішінде теңіз балықтарының, еттік тағамдардың құрамында (қой еті, іріқара мал және шошқа майларында, сүйек майында), жұмыртқаның сарысында, кейбір өсімдіктерде (бидай, қара бидай, шай, қызылша, қырық қабат) мөлшері көбірек болады. Қазіргі кезде фтордың мемлекеттік стандарт (ГОСТ) қабылдаған ауыз суындағы мөлшері бар: а) тиімді мөлшері (оптимальная концентрация) – 0,8-1,2 мг/л; шектеулі мөлшері (предельно-допустимая концентрация- ПДК) – 1,5 мг/л.40. Кіреуке гиперплазиясы – даму кезінде тістің қатты тіндерінің, оның ішінде кіреукенің шамадан тыс дамуымен сипатталатын үрдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |