20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


Тістің қатты тіндерінің гиперплазиясы



бет43/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

4. Тістің қатты тіндерінің гиперплазиясы.
Кіреуке гиперплазиясы немесе «кіреуке тамшылары» 1,5% жағдайда кездеседі. Кіреуке тамшылары көбінесе домалақ пішінді, диаметрі 1-3 мм, тамшыға ұқсас құрылым, тістің мойын бөлігінде орналасады. Кіреуке тамшылары негізінде беті кіреуке қабатымен
жабылған дентиннен тұрады. Тамшыны тіліп байқағанда іші ауаға толы бос кеңістіктен немесе ұлпа орналасқан қуыстан тұратыны анықталған. Кейде бұл құрылым жақсы қалыптасқан тістердің сауыты мен түбірінің бір-біріне жабысуынан пайда болған және ол тістер ұрығының тіс құрушы пластинаға жақын орналасуы әсерінен дамыған деген болжам бар. Кіреуке гиперплазиясы көбінесе азу тістерде орын алатындықтан аса көп байқалмайды және ешқандай шағым тудырмайды.
Тістер гипоплазиясын алдын алудың ең тиімді жолы - өсіп келе жатқан нәрестені әртүрлі жұқпалы және жүйелі аурулардан сақтандыру (емшек сүтімен қоректендіру, ұйықтау, таза ауамен демалу, ойнау кестесін дұрыс білу).
Клиникалық белгісі. Тістердің жоғары сезімталдығы кезінде науқастар тістерінде температуралық (ыстық және суық), химиялық (қышқыл, тәтті, ащы) және механикалық ықпалдардан өте күшті, бірақ тез басылатын ауыру сезімдері пайда болатынына шағымданады. Кейде суық ауа жұтқан кезде де ауыру сезімі қатты мазалайды. Сондықтан көбі жұмсақ, аса суық немесе ыстық емес тамақ қабылдауға, сыртқа щыққанда ( жылдың суық мезгілінде) ауыздарын ашпауға мәжбүр болады. Ауыру сезімі кейде аздап азайып, бірде біраз уақыт мазаламауы да мүмкін. Қарап тексергенде тістің қатты тіндерінде тісжегіге және басқа ауруларға тән құрылымдық өзгерістер болады, кейде тіс түбірлері ашылуы да мүмкін.
Кейбір кездерде тіс тіндері бұзылмаған, белгілі бір ақауларды табу қиынға соғады.
Тістердің жоғары сезімталдығының бірнеше жүйесі бар. Солардың ішінде Федоров Ю.А. және б. (1981) ұсынған жүйе ең ұтымды деп саналады.
А) Жайылу көрсеткіштері бойынша (по распространенности):
І. Шектелген түрі (ограниченная форма) бір немесе бірнеше тісте кездеседі (тісжегі, сынаға ұқсас ақаулар бар және ортопедиялық мақсатта егелген тістерде).
ІІ. Жайылған түрі (генерализованная форма) көптеген тістерде байқалады (жүйелі патологиялық қажалу кезінде, көптеген тістерде тісжегі қуыстары, кіреуке эрозиясы мен сынаға ұқсас ақаулар бар кезде, көптеген тістердің мойындары мен түбірлері ашылғанда, психоневрологиялықц ауытқулар жағдайында).
Б) Даму себебіне байланысты (по происхождению).
І. дентиннің жоғары сезімталдығы (тістің қатты тіндерінің жойылуына байланысты);

  • тісжегі қуысында болатын;

  • тістерді ортопедиялық мақсатта егегеннен кейін болатын;

  • тістің қатты тіндерінің қарқынды қажалуы және сынаға ұқсас ақаулары кезінде болатын;

  • тіс тіндерінің эрозиясы кезінде болатын.

ІІ. Тістердің қатты тіндері бұзылмаған кезде болатын дентиннің жоғары сезімталдығы:

  • пародонтоз және пародонттың басқалай аурулары кезінде тіс мойындары мен түбірлері ашылған кезде болатын дентиннің жоғары сезімталдығы;

  • бұзылмаған тістердегі дентиннің жоғары сезімталдығы (функциональдық жоғары сезімталдық).

Көбінесе организмде жалпы өзгерістер кезінде орын алады.
В) Клиникалық ағымы бойынша:
І дәрежелі – тіс тіндері температуралық тітіркендіргіштерге сезімтал және дентиннің электрқозғыштығы – 5-8 мка;
ІІ дәрежелі - тіс тіндері температуалық және химиялық тітіркендіргіштерге сезімталдық көрсетеді, дентиннің электрқозғыштығы – 3-5мка;
ІІІ дәрежелі – тіс тіндері барлық тітіркендіргіштерге сезімталдық көрсетеді, дентиннің электрқозғыштығы – 1,5-3,5мка.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет