6.Орта тіс жегінің клиникасы.
Тісжегінің бұл түрінде кіреуке-дентин шекарасының бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс жабынды дентин қабатында дамиды. Орта тісжегі кезінде науқас ешқандай шағым айтпауы мүмкін. Себебі біртіндеп пайда болған жылтыр дентин және үшіншілік дентин қабаттары ұлпаның әртүрлі тітіркендіргіштерге жауабын төмендетеді. Ал қарқынды дамыған түрінде ауыру сезімі көбінесе механикалық,температуралық тітіркендіргіштерден тез пайда болып, тез басылады. Тіс қатарын тексеріп қарағанда бұзылған тісте орта тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталады. Тісжегі қарқынды дамыған кезде қуыстың кірер ауызы тар (көбінесе І – кластық тісжегі қуыстары кезінде), іші ақ түсті ыдыраған дентинге және ас қалдықтарына толған, қабырғасында ақшыл-сұр түсті оңай аршылатын жұмсарған дентин қабаты бар. Сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі бар. Тісжегі баяу дамыған кезде қуыстың аузы үлкендеу болады, ішінде ыдыраған дентин аз мөлшерде кездеседі, көбіне қабырғаларында сары, сары-қоңыр түсті жұмсарған дентиннің қалың қабаты анықталады және оңайлықпен аршыла қоймайды (3-cурет). Сүңгілеп байқағанда кіреуке-дентин шекарасында, табанында ауыру сезімі болмайды. Ауыру сезімі кіреуке-дентин шекарасында қуысты егеп-тазалап жатқанда немесе тазалағаннан кейін сүңгілеп тексергенде байқалуы мүмкін. Тазаланған қуыстың табаны пигменттелген, өте қатты және жылтыр.
Ас қалдықтарынан, ыдыраған және жұмсарған дентиннен тазаланбаған қуыстың тереңдігін көрер көзбен немесе сүңгілеп анықтау қиын. Кейде жұмсарған дентиннің қалыңдығы соншалық, орта тісжегіге санап тұрған қуыс тазалағаннан кейін терең тісжегі қуысына айналады және жұмсарған қалың детин қабаты да тітіркендіргіштер әсерін ұлпаға өткізбейді.
Тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде де ауыру сезімі көп болмайды, сирек жағдайда қабырғаларында кіреуке-дентин шекарасына жақын аймақта ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Тістің электр қозғыштығы 2-6 мкА тең.
7. Бастапқы тісжегінің клиникасы
Жалпы клиникалық көріністері.
|
Ағымы симптомсыз. Кіреуке бетінде әртүрлі көлемдегі беті жылтыр,тегіс бортүстес дақ анықталады.
|
Кіреуке бетінде беті тегіс, жылтыр бор түстес дақтар анықталады.
|
Айырмашылық көріністері
|
Негізінен көбіне тұрақты тістер ғана зақымданады. Дақтар тісжегіге тән емес аймақтарда орналасады. (тістердің дөңестеу беттерінде, төмпешіктерінде). Тістердің жүйелі зақымдануы және тістердің шығу мерзіміне , минералдануына сәйкес симметриялы орналасуы тән. Дақ шекаралары тісжегіге қарағанда анық. Дақ бояғыштармен боялмайды.
|
Тұрақты тістер зақымданады. Дақтар тісжегіге тән емес аймақтарда орналасады. Дақтар симмертиялы орналасады және өте көп. Дақ бояғыштармен боялмайды.
|
8.Тұрақты пломбылық материалдарға қойылатын талаптар
Тісжегі қуыстарына ұзақ уақытқа қойылатын (бұзылғанға немесе түскенге дейін) пломбылық материалдыр тұрақты пломбылық материалдар деп аталады және үш түрге бөлінеді: стоматологиялық цементтер, металқұрамдас материалдар және композиттер.
Тұрақты пломбылық материалдарға қойылатын шартты талаптар:
механикалық әсерлерден бұзылмау және қажалуға ұшырамау (қаттылығы өте жоғары болу);
химимялық әсерлерден бұзылмау, ауыз сұйықтығында ерімеу;
қатайғаннан кейін көлемінің тұрақтылығын сақтау, себебі көлемі кішірейіп кетсе, пломбының төңірегінде саңылау пайда болады, ал көлемі үлкейсе қуыс қабырғалары іштен қысым түсуі (іштен дүмпу) әсерінен сынып кетеді;
жылу өткізгіштігінің төмен болуы;
тіс тіндеріне жабысу қасиетінің жоғары болуы;
тістің түсін өзгертпеуі және кіреуке түсіне сай болуы;
тістің тіндеріне және жалпы организмге зиянды әсерінің болмауы;
біраз уақыт жұмсақтығын сақтауы және тісжегі қуысына енгізудің және тістің пішінін қалыптастырудың жеңіл болуы;
антисептикалық қасиетінің болуы;
Достарыңызбен бөлісу: |