21- Ауыз қуысының сілекей бездерінің қызметі және сілекей бездердің түрлері. Сілекей – ауыз қуысына бөлінетін сілекей бездерінің бөліндісі. Сілекей (лат. saliva) — мөлдір, түссіз сұйықтық. Сілекей ауыз қуысын ылғалдап, дәм сезу мүшелерінің қызметін қамтамассыз етіп, жеген тамақты ылғалдайды.Сонымен бірге, сілекейдің ауыз қуысын тазартып, тісті зақымданудан сақтайтын бактериалық қасиеті бар.Ауыз қуысындағы сілекей ферменттерінің әсерінен көмірсулардың ыдырауы жүзеге асады. Сілекейдің рН ортасы 5,6-дан 7,6-ға дейін болады.
Сілекей бездері.
Сілекей бездерін кіші және үлкен сілекей бездері деп бөледі. Жұпты үлкен сілекей бездері – құлақ маны, төменгі жақ асты, тіс асты және кіші сілекей бездері – ерін, ұрт, тіл ас қорыту бездері болып табылады.
Құлақ маңы сілекей безі – үш бездің ішіндегі ең ірі без болып табылады. Безде бет нервісі өрім түзеді. Бездің шығару өзегі ауыз қуысы кіре берісінде жоғары 2 – ші азу тіс деңгейінде ашылады.
Төменгі жақ асты сілекей бездер – серозды кілегейлі секрет бөліп шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады. Иек асты және тіл артериялары салдарынан қанмен қамтамасыз етіледі. Төменгі жақ асты сілекей бездері жақ асты нерв түйінінің бұтақтарымен инервацияланады.
Тіл асты сілекей бездері – аралас болып табылады және серозды – кілегейлі секрет болып шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады.
Кіші сілекей бездері – барлық кілегей қабаттарда орналасады. Таңдай бездері артқы бөлімде көп және жұмсақ таңдайдың бағыты бойынша олардың саны көбейеді. Тілдің түбірінде, валик тәрізді еміздікшеде серозды бездер, ал басқа жерлерде – кілегей бездер орналасады.
Сілекейдің қызметі
Сілекейдің қызметі организмнің өмірге қажеттілігі үшін маңызды болып табылады. Гипосаливация басталғанда әсіресе, ксеростомия (сілекейдің болмауы) кезінде ауыз қуысы кілегей ауруларының тез арада дамитыны белгілі, ал 3 – 6 ай өткен соң, тістердің кариеспен зақымдануы басталады. Сонымен қатар тағамды шайнап, жұтқан кезде қиындықтар туады.
Қорғаныш қызметі – ылғалдануы мен кілегей қабатпен жабылуы оны кебуден, жарылулардың түзілуінен және механикалық тітіркендіргіщтердің әсерінен сақтайды. Сонымен бірге тіс беттері мен кілегей қабаттарды микроорганизмдер мен тағам қалдықтарынан тазарту қызметін атқарады.
Ас қорыту қызметі – тағам түйіндері қалыптасып оны жұтқан кезде сілекейдің ас қорыту қызметі жүреді. Сілекейде еріген тағам өнімдері дәм сезу анализаторына әсер етіп, ас қорыту жолдарының қызметін тудырады. Осы себепті сілекей күрделі орта болып табылады. Сілекей мен ауыз қуысы сұйықтығы лабильді орта және оның санды, сапалы құрамына әр түрлі факторлар мен организмнің жалпы жағдайы әсер етеді.