23 - Уақытша және емдік төсемдерге арналған материалдар дайындау және пломбылау әдісі.
Уакытша пломбалык материалдар танғыш ретінде колданылады (тісжсгі және онын асқынуларын емдеу үшін), бакылау пломба үшін (кариес пен пульпитті диагностикалағанда, уақытша тістерді пломбалауға; айырғыш төсеніш ретінде; ортопедиялык конструкцияларды уакытша бекіту үшін ем мақсатында түбір өзегін уақытша пломбалау үшін пайдаланады.
Дентин-паста цинк тотығынан, цинк сульфатынан, өсімдік майынан тұрады, бір компонентті орналастыруды кажет етпейді. Кариозды куыска шпатель немесе гладилкамен салынады. вгенолды цемент; эвгинолсыз цемент жэне жарыкпен кататын материалдар.
Емдік максатта койылған уакытша пломба, емдік айырғыш төсеніштерге койылу керек. Емдік айырғыш төсенішті терең тісжегілі куыс болғанда салады.
Емдік төсеніш кабынуға карсы, антимикробты, пластикостимулдеуші қасиеттерге ие болу керек, ұлпаны тітіркендірмеуі кажет. Олар айырғыш қасиетке де ие.
Биологиялык емдік төсеніш антимикробтык, кабынуға карсы қасиетке ие, одонтотроптық емдік төсеніш екіншілік дентиннің пайда болуына әсер етеді. Комбинирленген емдік төсеніш одонтропты әсер етеді.
Кальций гидроксиді препаратының сулы немесе полимерлі кұрамды түрлері кальций гидроксидті цементтері деп аталады. Дайын куыска салынған сулы негіздегі төсеніштің суы буланып, кальций гидроксидінің жұка кабаты калады.
Емдік төсеніштін кұрамында кальций гидроксидінін болуы екіншілік дентиннін пайда болуына әсер етеді. Ұзак, белсенді, интенсивті, антисептикалык әсердін нәтижесінде қышқылдардан корғаныс пайда болады.
Ұлпада кабыну үдерісі бар болса, ацидоз бейтараптанады, яғни, төсеніш кабынуға карсы әсер етеді. Казіргі емдік төсеніштер химиялык жолмен және жарыкпен кататын болуы мүмкін. Оларды ұлпа мүйізі проекциясы нүктесіне салу кажет. Химиялык жолмен қататын төсеніш екі паста түрінде шығарылады; олар: базалык және каталитикалык.
Биологияяық емдік төсеніш түрлі компонентерден тұрады (дәрумен, фермент, кортикостероид, салицилат, антибиотик, антисептик, сульфаниламидті пре-параттар, жансыздандырғыш майлар жэне т.б.). Колданар алдында араластырып, тісжегілі куыстын түбін 1—2 күнге жабады, себебі олар катпайды
Комбинирленген емдік төсеніштін негізгі цинк оксиді немесе жасанды дентиннің үнтағынан кең шеңберлі антибактериалды заттар, анестетик, протеолитикалык ферменттерден тұрады. Пастаны кальций тұзынын ертіндісінде араластырады (мысалы, CaCl 10% ерітіндісі). Комбинирленген емдік төсеніш антибактериалды, кабынуға карсы, пластикостимулдаушы касиеттерге ие. Емдік төсенішті ашылмаған ұлпа куысына салу, ұлпаны тікелей емес жабу деп атайды. Байкаусызда ашылған ұлпаға салынған жағдайда ұлпаны тікелей жабуда.
Достарыңызбен бөлісу: |