24. Фиссуралық герметиктерді қолдану техникасы.
25 . Цементтерді дайындау және пломбылау әдістері, қолданатын құрал- саймандар.
Стоматологиялық цементтер. Олар үлкен топ құрайды және бірнеше түрге бөлінеді: цинк-фосфатты немесе фосфатты цементтер, силикатты цементтер, силикат-фосфатты, поликарбоксилатты және иономерлі (шыны-иономерлі) цементтер.
Фосфатты цементтер. Ұнтақ және сұйық түрінде шығарылады. Ұнтағының 75-90% мырыш тотығынан және басқа металдар тотықтарынан (MgO – 5-13%, SiO2 – 0,05%, Al2O3 – 0,05-2,5%) тұрады және аз мөлшерде кальций фториді және кальций тотығы, басқа да бояғыш заттар бар. Сұйықтығы – мырыш тотығының, алюминий су тотығының, кейде магний тотығының көмегімен жартылай бейтараптандырылған ортофосфор қышқылының судаға ерітіндісі. Ұнтақ пен сұйықтықты араластырған кезде фосфор қышқылының барлық көлемі мырш тотығымен химиялық реакцияға түсіп, цинк фосфаты құрылады. Пломбылық материалдың құрамында артық қышқыл қалмайды. Тіс тіндеріне зиянды әсерінің болмауына байланысты фосфатты-цементті көбінесе аралық төсем ретінде пайдаланады. Фосфатты-цемент бірнеше атпен Ресейде шығарылады: фосфатты-цемент, ортопедиялық конструкцияларды бекітуге арналған фосфатты-цемент, висфаттты-цемент, унифас (универсальный фосфатный-цемент), бактерицидті цемент (диоксивисфат, фосцин, құрамында күміс бар фосфатты-цемент).
Қазіргі кезде біздің елде де Raucem деген атпен фосфатты-цемент шығарыла бастады (Шымкент фосфор зауытында). Фосфатты-цементтің алыс шетелдік өкілдері де бар. Олар: адгезор, аргил, фосфакап, поскал, тенет және т.б.
Фосфатты-цементтер аралық төсем үшін, сүт тістерін пломбылауға, түбір өзектерін бітеу және ортопедиялық конструкцияларды бекіту үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |