22. Бастапқы тіс жегінің клиникасы, емі және алдын алу. Tic жегінің дақ кезеңінде кіреуке приз-маларындағы бейорганикалық заттар деминерализациялана бастайды, яғни бейорганикалық заттар кіреукеден шайыла бастайды. Демек осы жағдайға дейін алдын қатты тіндердің дисминерализациясы болған. Дисминерализацияға жоғарыда айтып кеткен көп жағдайлар себеп болады. Аурудың клиникасы анық болмағандықтан, науқастар онша көңіл бөлмейді. Олар кездейсоқ тістің түсі өзгеруіне, не дәрігерлік тексеру кезінде анықталуы мүмкін. Мұнда тісте ақ қырау шалғандай, күнгірттенген кіреуке ошағы көрінеді. Шұқып көргенде ауырмайды, беткейде шамалы бүдырлық сезінгендей болады. Люминицентті тексерулер кезінде ошақты көру-ге болады. Бояғыш затгармен бояғанда ошақ шекарасы анық байқалады. Үрдіс тез өрши бастағанда, тісте қышқыл тағамдары қабылдағанда қамасу болады. Рентгенде өзгеріс болмайды. Салыстырма нақтамалау гипоплазия мен флюороздан ажыратылады.
Tic жегінің дақ кезеңіндегі - қолданылатьш жергілікгі ем шаралар.Дақ кезінде кіреукеде микроэлементтер жойыла бастайды. Оның түсі ағарып, бор тәрізді болады, үсті ақ кірлермен жабылады.
Eм қолданудан алдын ақ кірлерден тазаланып, 3 % сутегі аскын тотығы мен жуылады, ауыз қуысы шайылып мақта білтелермен сілекейден оқшауланады. Құрғақ ауамен кептіріледі, дақ сол кезде ағарып көрінеді. Дақты анықгау үшін метиллен көгінің 2 % сулы ерітіндісі де жағылып, боялуына қарай анықгалады, Ошақ болса көк түске боялады.
Емдеу кезінде ошақ препаратталмайды. Тазаланған тіс беткейіне дәрі- дәрмектерді сіңдіру (аппликация) жолымен ендіріледі. Ол үшін төмендегі дәрілерді қолданамыз:
-10 % глюконат кальции ерітіндісі;
-1 - 3 % ремодент;
-2 - 10 % кальции фосфатының қышқылдандырылған ерітіндісі.
Қолдану тәсілі: -жоғарыдағыдай тіс беткейі тазаланып, қүрғатылады;
2) Реминерализациялайтын емді фторлак не электрофорез жолымен де жасаса болады.
Электрофорез жолымен ременерализациялайтын ем жасау: - тіс беткейі тазаланып, оқшауланып, құрғатылады;
- тіс беткейіне ерітіндіге малынған мақта тампон оң электродқа оралып қойылады, катодты науқас қолына береді.
Ток күшін 30-50 мкА ге көтереді. Емді 5-10 мин жасалады. 1 курсына 10 - 15 ем қабылдау қажет.
3-Фторлакпен тіс беткейлерін жабу
тіс беткейлері тазаланып, шайылады;
тіс оқигауланып, кадзғатылады;
фторлак жағылады, 1 - 2 мин құрғатылады.
2 сағатқа дейін қатты тамақ және тагам жемейді, 12 сағатқа дейін тіс тазаланбайды.