09.10.-maghzhan-zhumabaev



Дата17.02.2024
өлшемі194,64 Kb.
#200127
Байланысты:
09.10.-maghzhan-zhumabaev
ТЗ, result 6273383, 9 класс бжб «Динамика негіздері»

«Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ



Құндылық: Ұлттық мүдде
«Жақұты барға жасын түспейді»
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл
6 «А» сынып

Сынып жетекші:Абдихалыкова А.А.


2023-2024 оқу жылы


Бекітілді ___________



Тәрбие сағаты

«Жақұты барға жасын түспейді...»
«Ақын, Алаш зиялысы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл»

Күні

09.10.2023

Сынып жетекші:

Абдихалыкова А.А.

Сынып: 6А

Қатысушылар саны:28

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды қазақтың ұлы ақындарының бірі – Мағжан Жұмабаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, оның поэзиясына деген сүйіспеншілік ояту, патриоттық сезімдерін дамыту

Құндылықтарды дарыту

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күштi қанатты
Мен жастарға сенемiн!

Рәсімдеу

Слайд, презентация

Музыкалық және бейнекөркемдеу

Интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Видеоролик, суреттер және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Ақын шығармалары, интернет материалдары



Сабақтыңбарысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалыққұрал-жабдықтары




Ұйымдас-тыру
кезеңі
(5 мин)


Кіріспе:
Бүгінгі тәрбие сағатында біз қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, халқы үшін, елінің болашағы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от – ұлы Мағжанның өмір жолымен, өлеңдерімен танысамыз.
Мағжанның асыл лирикасы ынта-ықылас қойған әрбір адамның ішкі жан дүниесін байыта түсері анық, деп жазды Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» деп аталатын еңбегінде. Сөйтіп Мағжанның әдебиеттегі орны қай кезде де төрде екенін тағы бір айғақтап берді.
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін... Бұдан соң Мағжанды сүйемін» деген Мұхтар Әуезовтің сөздерінде де көп сыр жатқаны анық.
«Ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің рөлі қандай болса, қазақ халқы үшін Мағжанның рөлі сондай» Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан айтқан осындай да сөз бар. Көпке мәлім осы сөздерді біз несіне тізбелеп тұрамыз. Ондағы ойымыз – Мағжанның әлем әдебиетінде ойып алар орны бар жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс екенін тағы бір дәттеу.

Оқушылар сынып жетекшімен амандасады, орындарына отырады. Кіріспе сөзді тыңдап, бүгінгі тәрбие сағатының мақсатымен, барысымен танысады.



Ақын, Алаш зиялысы Мағжан Жұмабаевтың суреттері




Сабақтың барысы
15 мин



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет