3 және 4-ескертпелерде берілгендей 2013 жылғы 1 қарашадан бастап Топ ҰЭТ ғимараттарын есепке алу әдісін қайта бағалау моделіне өзгертті. Топ аккредиттелген тәуелсіз бағалаушы «Делойт ТСФ» ЖШС-ны ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын бағалау үшін тартты. Топ 2014 жылғы 1 маусымдағы жай-күй бойынша ҰЭТ ғимараттарына қайта бағалау жүргізді. Бұған дейінгі қайта бағалау 2013 жылғы 1 қарашадағы жай-күй бойынша жүргізілген болатын. ҰЭТ-тың қайта бағаланған ғимараттары активтерге тән табиғатына, сипаттамасы мен тәуекелдеріне сүйене отырып, БЕХС 13 сай активтердің бір сыныбын білдіреді. ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын анықтауға арналған шығыс деректері (бақыланбайтын шығыс деректер) әділ құнның бағыныстылық сатысында 3-деңгейге жатады. Бағалау әдісі мен негізгі қолданылған ұйғарымдар 4-ескертпеде келтірілген. Қайта бағалау нәтижесінде Топ 138.887.289 мың теңге (2013: 138.645.728 мың теңге) сомасындағы басқадай жиынтық табысың құрамына енгізілген кейбір активтерді қайта бағалаудан болған құнның өсімін және 27.777.458 мың теңге (2013: 27.729.146 мың теңге) сомасындағы кейінге қалдырылған тиісті салықтық міндеттемелерді таныды. Әділ құнының баланстық құннан арту сомасы қалған сома қайта бағалау бойынша тиісті резервтің артуы ретінде көрсетілген уақытта бұрын бұл активтер құнсызданған дәрежеде 14.250.162 теңге жалпы сомасына (2013: қайта бағалаудан болған залал: 26.807.757 мың теңге) қайта бағалаудан болған табыс ретінде пайда мен залал туралы есепте көрсетілді. ҰЭТ ғимараттарының баланстық құны, егер олар жинақталған тозуды шегергенде бастапқы құн бойынша есепке алынған болса, былайша берілді:
Мың теңгемен
|
2014 жылғы
30 желтоқсан
|
2013 жылғы 31 желтоқсан
|
|
|
|
Бастапқы құны
|
249.271.338
|
201.961.515
|
Жинақталған тозу
|
(65.946.769)
|
(59.478.037)
|
Қалдық құны
|
183.324.569
|
142.483.478
| 2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде Топ 1.586.978 мың теңге (2013: нөл) жалпы сомасына Топтың клиенті «Алтай Полиметаллы» ЖШС-дан қосалқы станция мен электр жеткізу желілерін қоса алғанда, негізгі құралдарды ақысыз алды. Топ тиісті пайданы жиынтық табыс туралы есепте басқадай табыс ретінде таныды (25-ескертпе). 2014 жылғы 30 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша негізгі құралдар бойынша ақпарат мыналарды қамтиды:
Мың теңгемен
|
2014 жылғы
30 желтоқсан
|
2013 жылғы
31 желтоқсан
|
|
|
|
Пайдалануда тұрған, толығымен амортизацияланған негізгі құралдар (бастапқы құны бойынша)
|
6.261.817
|
5.270.606
|
Қарыздар бойынша капиталдандыру
2014 жылғы 30 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде Топ 414.827 мың теңге сомасына 0,61% - 4,28% мөлшерінде капиталдандыру мөлшерлемесі бойынша қарыздар бойынша шығындарды капиталдандырды (2013: 0,87% - 4,30% мөлшерінде капиталдандыру мөлшерлемесі бойынша 1.047.882 мың теңге).
Аяқталмаған құрылыс
Аяқталмаған құрылыс, негізінен, «500кВ Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» және «500 кВ Шүлбі ГЭС (семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ-ні салу» жобаларын іске асыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарымен және жабдықпен берілді.
Ұзақ мерзімді активтер үшін берілген аванстар
2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға берілген аванстар негізінен «500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» жобасы бойынша жеткізушілерге құрылыс жұмыстары мен қызметтері үшін төленген аванстармен ұсынылған (2013: 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ұзақ мерзімді активтер үшін берілген аванстар негізінен «Кернеуі 500кВ, 220кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-іне жалғанатын 500кВ Алма ҚС-ны салу», «Қазақстан Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең», «220кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру» және 2014 жылы аяқталған Әкімшілік ғимаратын салу жобалары бойынша құрылыс жұмыстары мен қызметтері үшін жеткізушілерге төленген аванстармен ұсынылған).
8. ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН КОМПАНИЯЛАРҒА ИнвестициЯЛАР
Қауымдастырылған компанияларға инвестициялар былайша келтірілген:
Мың теңгемен
|
2014 жылғы
31 желтоқсан
|
2013 жылғы
31 желтоқсан
|
«ҚазЭнергоСым» ЖШС
|
167.112
|
220.446
|
«Батыс Транзит» АҚ
|
115.053
|
–
|
|
282.165
|
220.446
|
Топтың қауымдастырылған компаниялардағы иелену үлесі былайша келтірілген:
|
2014 жылғы
30 желтоқсан
|
2013 жылғы
31 желтоқсан
|
«ҚазЭнергоСым» ЖШС
|
49,9%
|
49,9%
|
«Батыс Транзит» АҚ
|
20,0%
|
20,0%
|
«ҚазЭнергосым» ЖШС 2012 жылдың қазанында Топ пен «East Industry Company Ltd» ЖШС, үшінші тарап «ҚазЭнергоСым» ЖШС (бұдан әрі мәтін бойынша «ҚазЭнергоСым») құрды. ҚазЭнергоСым –ның негізгі қызмет ететін және тіркелген жері Қазақстан Республикасы болып табылады. ҚазЭнергоСым-ның негізгі қызметі кабельді және өткізгіш өнімдерді өндіру және сату болып табылады.
2014 жылғы 30 қаңтарда Топ және «East Industry Company Ltd» ЖШС «ҚазЭнергоСым» ЖШС жарғылық капиталын 360.000 мың теңгеге дейін азайту туралы Жарғылық шарттың қосымша келісіміне қол қойды, нәтижесінде Топқа 44.710 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат қайтарылды.
Төменде келтірілген кесте ҚазЭнергоСымның жалпы қаржылық ақпаратын қамтиды:
Мың теңгемен
|
2014 жылғы
31 желтоқсан
|
2013 жылғы
31 желтоқсан
|
Қаржылық жағдайы туралы есеп
|
|
Ағымдағы активтер
|
326.031
|
214.167
|
Ұзақ мерзімді активтер
|
158.449
|
153.012
|
Ағымдағы міндеттемелер
|
(149.587)
|
(652)
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
|
|
Таза активтер
|
333.893
|
366.527
| Топтың таза активтердегі үлесі
|
167.112
|
182.897
|
Басқа да құрылтайшылардың
|
|
|
жарғылық капиталға төленбеген жарнасы
|
|
37.549
|
Инвестициялардың баланстық құны
|
167.112
|
220.446
|
Мың теңгемен
|
2014 жылғы
31 желтоқсан
|
2013 жылғы
31 желтоқсан
|
Жиынтық табыс туралы есеп
|
|
|
Табыстар
|
140.748
|
221.533
|
Таза залал
|
(17.284)
|
(7.334)
|
Топтың қауымдасқан компаниялардың залалындағы үлесі
|
(8.624)
|
(3.659)
|
«Батыс Транзит» АҚ
«Батыс Транзит» негізгі қызмет ететін жері және тіркелген елі Қазақстан Республикасы болып табылады. «Батыс Транзит» негізгі қызметі Солтүстік Қазақстанды Ақтөбе облысымен қосатын өңіраралық электр жеткізу желісін салу мен пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру болып табылады. «Батыс Транзит» облигациялары Қазақстан Қор Биржасында шығарылған. «Батыс Транзитке» салынатын инвестициялар үлестік қатысу әдісі бойныша есепке алынады.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «Батыс Транзитке» инвестициялардың баланстық құны капитал құнын нөлге дейін түсірген жинақталған залалдарға байланысты нөлге дейін есептен шығарылды. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «Батыс Транзит» залалдарындағы танылмаған үлестің жалпы сомасы 86.042 мың теңгені құрды. 2014 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз ай ішінде «Батыс Транзит» таза табысы 1.005.474 мың теңгені құрды. Нәтижесінде, 2014 жылғы 30 қыркүйектегі жай-күй бойынша 115.053 мың теңге сомасында «Батыс Транзит» пайдаларындағы үлесті таныды, бұл бұрын танылмаған залалдардың үлесінен артады.
Достарыңызбен бөлісу: |