2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының


Оқу процесінде цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту



Pdf көрінісі
бет25/84
Дата12.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#179805
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
Байланысты:
ӘНХ жоба 2023-24

Оқу процесінде цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту 
бойынша ұсыныстар 
 
Цифрлық құзыреттілік 
ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау, өңдеу, жіктеу, 
синтез жасау, қайта өңдеу, сақтау және бере білуінде, сондай
-
ақ оны оқу 
үдерісінде пайдалануда көрінеді. Тілдік оқу тапсырмаларын орындау үшін 
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу, әртүрлі 
ақпараттық құрылғылармен және құралдармен (электрондық оқулықтар, 
мультимедиялық энциклопедиялар мен анықтамалар, интернет
-
қаржы) жұмыс 
жасау дағдыларын меңгеру, өңделген ақпаратты оқу процесінде қолдана білу.
Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде 
білім алушылардың ақпараттық
-
коммуникациялық технологияларды, атап 
айтсақ, қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және 
идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең 
ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты 
дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.
Білім алушылар тілдік пәндерді оқу барысында ақпаратты 
табу, 
құрастыру
 
және 
басқару,
мәліметтермен және идеялармен 
бөлісу, бірлесіп 
әрекет ету,
 
түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын 
бағалайды және жетілдіре отырып, АКТ
-
ны қолдану дағдыларын дамытады.
Тілдік
пәндерді
оқытуда
АКТ
-
ны қолдану: 

көркем шығарма бөлімдерін толықтай түсіну үшін және оның негізгі 
идеяларын түсіндіру үшін медиа
-
құралдарды қолдану;

білім алушыларды сабаққа белсенді қатыстыру үшін АКТ мүмкіндіктерін 


33 
сабақта қолдану;

медиа құралдарды қолдана отырып, ақпаратты түсінеді, әртүрлі 
пікірлерді талдайды және салыстырады

медиа құралдарды қолдана отырып, ғаламдық тақырыптарға қатысты 
мәселелерді нақтылайды және проблемаларға әртүрлі пікір тұрғысынан талдау 
жасайды; 

АКТ арқылы презентация жасайды, салыстырады, бағалайды
жетілдіреді, зерттейді және бірлесе отырып, пікірлерін дәлелдейді.
Педагогтерге
 
білім беру процесінде тілдік пәндерді оқытуда цифрлық 
құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсыныстар:
 
1. Оқу процесіне сандық құралдар мен қосымшаларды қосуды 
жоспарлаңыз. Бұл құралдар оқуға, тіл үйренуге арналған қосымшалардан
интерактивті тақталардан, пән мазмұнын меңгеруге, тіл үйренуге арналған веб
-
сайттардан және бейнеконференция бағдарламаларынан тұрады. Әлеуметтік 
медианы пайдалану білім алушылардың материалды өздігінен ізденіп, меңгеруін 
қамтамасыз етеді. Мысалы, мұғалімдер әлеуметтік желілерде бейнелер мен 
подкасттар құрып, орналастыра алады, ал білім алушылар пікірлер қалдырып, 
материалды талқылауға қатыса алады.
2. Білім алушыларды өздігінен ізденіп оқуға, тіл үйренуге ынталандыру 
үшін ойын
әдістерін қолдану. Бұл әдістер оқып
-
үйренуді қызықты ету үшін ойын 
принциптерін қолданады. Педагогтер білім алушыларға сөздіктен сөздерді 
немесе сөйлем құрылымдарын талдауға, есте сақтауға көмектесетін интерактивті 
викториналар мен ойындар жасау үшін түрлі платформаларды пайдалана алады. 
3. Тілдік дағдыларды дамытудың тиімді әдісі болып табылатын және білім 
алушыларға бір
-
бірімен қарым
-
қатынас жасауға мүмкіндік беретін бірлескен 
оқытуды ынталандыруды онлайн оқыту платформалары арқылы жүзеге асыруға 
болады
.
Бұл платформалар білім алушылар бірлесіп жұмыс істей алатын, 
пікірталастарға қатыса алатын және ресурстармен бөлісе алатын онлайн орталар 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет