9
1.2
ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім
және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқу-
ағарту министрінің 18.08.2023 ж. № 264 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен
бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары үлгілік оқу
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге
асырылатын қысқартылған оқу
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң
құрамына кiретiн және
нақты бір ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс
жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi білім беру ұйымы дербес жүзеге
асырады.
Білім беру ұйымдары жұмыс оқу жоспарларының Үлгілік оқу жоспарына
және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
жоспарлары (
Достарыңызбен бөлісу: