Пререквизиттер:
Мектеп бағдарламасы
Постреквизиттер:
Тәрбие жұмысының териясы мен әдістемесі
|
Мақсаты: Бизнес–жоспарлау фирманың жеке кәсіпкерлік жұмыстарының әділ бағасы бола отырып, нарық талаптарын шешудегі қажетті құрал ролінде атқарады, яғни кәсіпорынның негізгі аспектілері сипатталады. Бизнес жоспарлау өндірістің дамуының мүмкіндіктерінің әділ ұсыныстарын белгілеп береді, нарықтағы тауарды өткізудің әдістерін, бағаны, пайданы, тәуекелділік зоносын белгілейді.
Қысқаша мазмұны: Бизнес-жоспар - компания, өнім, оның өндірісі, өткізу нарықтары, маркетинг, операцияларды ұйымдастыру және олардың тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын іскери операцияларды, компанияның іс-әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Бизнесті жоспарлау дегеніміз - іске асыру процесінде өзгеретін жағдайларға сәйкес түзетуге болатын кез-келген жоспарланған және әзірленген іс-қимыл бағдарламалары арқылы мақсаттар мен оларға жету жолдарын анықтау.
|
Білімі: Бизнес–жоспарлау фирманың жеке кәсіпкерлік жұмыстарының әділ бағасы бола отырып, нарық талаптарын шешудегі қажетті құрал ролінде атқарады, яғни кәсіпорынның негізгі аспектілері сипатталады
Біліктілігі: Бизнес–жоспарлау – бұл ғылыми зерттеу және жобаларды жасау жұмысы болып табылады. Бизнес–жоспарлау арқылы оқушы өзінің жобасын жасау барысындағы қате кемшіліктерін, жетістіктерін көру мүмкіндігіне ие болады. Бизнес–жоспарлау кәсіпорынның алдында тұрған стратегиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады.
Дағдысы: Бизнес – жоспарлауды нарық жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуінің жалпы және
меншікті деңгейлері, бәсекенің стртегиясын және тактикасын таңдау, кәсіпорын мақсаттарына жету үшін қажетті болған қаржылық, материялдық және еңбек ресустарын бағалауды үйренеді.
|