Тақырыбы 2. 3. Жасушаның жеке бөліктерінің құрылысы және атқаратын қызметі.
Жасуша қабығы құрылысы , қызметі.
Цитоплазма құрылысы, қызметі.
Пластидтер құрылысы, қызметі.
Митохондрия, эндоплазмалық тор, рибосома, ядро құрылысы, қызметі.
Жасушаның жеке бөліктерінің бір-бірімен байланысы
Жасушаны зерттейтін ғылым –цитология . Алғаш рет жасушаны Р. Гук көрген. 1831 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ядроны , ал 1839 жылы Чехия биологы Ян Пуркинье цитоплазманы ашты. Неміс ғалымдары Шлейден мен Шван 1838 –1839 ж.ж жасуша теориясын ашты. Бұл теорияның мәні мынада: Жасуша барлық тірі организмдердің негізгі қарапайым құрылымдық бірлігі. Жасушаның пішіні мен мөлшері алуан түрлі болып келеді. Паренхималық жасушалардың ұзындығы енімен бірдей, ал прозенхималық жасушалардың ұзындығы енінен бірнеше есе артық. Жасушаны зерттеуде қолданылып жүрген тәсілдер алуан түрлі. Олардың негізгілерінің бірі микроскопиялық тәсіл. Бұл тәсілмен жұмыс істеуде оптикалық микроскоп үлкен роль атқарады. Оның қазіргі кездегі модельдері обьектіні 2 мың есеге дейін үлкейтіп көрсетеді. Электронды микроскоп обьектіні 200-300 мың есе үлкейтіп көрсете алады. Цитологиялық тәсіл- жасушадағы әртүрлі заттардың: белоктардың, майлардың, көмірсулардың, нуклейн қышқылдардың, дәрумендердің болуын және олардың жасушадағы мөлшерінің қаншалықты екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Жасушаның тығыздығы әртүрлі болып келетін компаненттерін центрифугирования тәсілі арқылы бір-бірімен қоспай бөлек зерттеуге болады. Өсімдік жасушасы қабықшадан, протопласт және вакульден тұрады.Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы олардың жақсы жетілген қатты қабықшасы болады. Клетка қабықшасы өсімдікке мықтылық беретін оның қаңқасын береді. Протопласт құрамында мембранасыз, мембраналы, қос мембраналы органоидтар болады. Олар: ядро, митохондрия, пластид, рибосома, эндоплазмалық тор, гольджи апараты, лизосома, вакуль. Цитоплазма үш мембранадан тұрады. Плазмаллема цитоплазманы жасуша қабықшасынан бөліп тұратын мембрана. Тонопласт цитоплазманы вакуольден бөліп тұрады. Екі мембрана арасында мезоплазма болады. Эндоплазмалық тор каналдар мен цистерналардан тұрады. Эндоплазмалық тордың түйіршікті және түйіршіксіз түрі болады. Түйіршікті эндоплазмалық торда рибосомалар орналасқан, сондықтан ол ақуыз синтезіне қатысады. Рибосомалар ақуыз синтезі өтетін орталық. Рибосомдар диаметрі 20 нм.-дай болады. Гольджи аппараты цистерналардан тұрады. Оларда көмірсулар синтезделеді. Жасуша қабығын құруға қатысады. Митохондриялар пішіні әртүрлі болады: сопақша, дөңгелек. Митохондриялар жасушаның энергия жинайтын лабораториясы. Пластидтер тек өсімдіктерде ғана болады. Атқаратын қызметіне және түріне қарай пластидтер үшке бөлінеді:хлоропластар (жасыл түсті), лейкопластар (түссіз), хромопластар (қызыл). Хлоропластарда жасыл пигмент хлорофилл болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофилмен байланысты. Хлоропласт екі мембраналы органоид. Ішінде строма деп аталатын зат болады. Онда қапшық тәрізді ламеллалар немесе тилакоидтар болады. Тилакоидтар топтасып диск тәрізді грандар түзеді. Грандар бір-бірімен гранаралық тилакоидтар арқылы байланысып жатады. Осы грандарда хлорофилл дәндері орналасатындықтан фотосинтез процессі жүреді. Лейкопластарда пигменттер болмайды. Лейкопластар өсімдіктің күн сәулесі түспейтін ұлапаларынан, органдарынан және тамырларында, түйнектерінде кездеседі. Негізгі атқаратын қызметі артық қоректік заттарды жинау болып табылады. Хромопластарда каратинойдтар тобына жататын түсі қызыл сары, сары пигменттері болады. Өсімдікткн гүлінің, піскен жемісітерінде, күзгі жапырақтарында кездеседі. Ядро –тұқымқуалаушылық мәліметтерін сақтайтын және түзетін орын болып саналады. Зат алмасу процессін басқаратын және цитоплазманың органелдерінің қызметін басқаратын орталық. Ядроның формасы алуан түрлі болып келеді. Әдетте жасушаның формасына сәйкес келеді. Ядро ядро қабықшасынан, нуклеоплазмалардан, хромосомдардан және ядрошықтан тұрады. Ядро қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады. Нуклеоплазма ішінде хромосомдар мен ядрошықтар орналасқан коллоидты ерітінді. Ядрода бір немесе бірнеше ядрошық болуы мүмкін. Жасуша бөлінуінің үш түрі бар: амитоз, митоз, меиоз. Митоз жасуша бөлінуінің көп кездесетін әдісі. Ол генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді. Жасуша бөлінген кезде бес сатыдан өтеді: интерфаза, профаза, метафаза, анафаза,және телофаза.
Интерфаза- жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы тіршілік кезеңі. Профаза- ядроның бөлінуге жайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып, бұратылуының арқасында хромосомалар қысқарып, жуандайды. Ядро қабығы бұзылады. Метофазада- Хромомомалар хасушаның экватор аймағына жиналаып шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады. Әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда ал қалған денесі экватордан тыс жазықтықта жатады. Анафаза- хроматин жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Телофаза-митоздың ақарғы сатысы. Хромосомалардың қозғалуы аяқталады. Митоздық аппарат бұзылады. Ядрошықтар пайда болады. Жасушаның қарама-қарсы полюстерінде пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте жасуша денесі бөлініп, цитокинез өтеді. Екі жасуша құрылады. Жыныстық көбею жануарлар мен өсімдіктердің көбеюінің бір түрі. Жыныстық көбею жолында жаңа организм аналық және аталық жыныс жасушалары - гаметалардың қосылуынан пайда болған зиготадан дамиды. Жыныс жасушаларының даму жолдары мен ұрықтану процестері әртүрлі. Бірақ жыныс жасушаларының даму негізінде бір жалпы процессбар- ол ұрық жасушаларының бөлшектенуі және осы жасушалардың хромосомалар санының азаю механизмі. Бұл механизмді басқаратын мейоз- жыныс жасушаларының бөліну әдісі. Жасушадағы хромосомалардың саны екі есе азайып диплоидты жасушаға, бұдан тағы екі рет бөлініп төрт гаплоидты жасушаға айналады. Ұрықтананан кейін хромосомалардың диплоидты саны қайтадан қалпына келеді. Мейоз жыныс жасушаларының қалыптасуын, организмде кариотиптің тұрақтылығын сақтайды және гендер мен хромосомалардың рекомбинациялануын қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Митохондрияның құрылысындағы ерекшелік.
Хлоропластың қызметі.
Қолданылған әдебиеттер 1.4.5.7.
Достарыңызбен бөлісу: |