Балалармен әңгімелесу.
- Біздің тұратын қаламыз қалай аталады?
- Қандай ұлттар тұрады?
-Қандай мерекелерді білесіңдер?
Жақында Наурыз мерекесі болады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 күн мен түн теңеледі.Наурыз деген сөздің өзі- “ Нау”- жаңа, “руз”- күн деген сөздерінен алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді.
Салт –дәстүр туралы мәлімет беру.
- Балалар,сендер ұлттық –дәстүр деген не екенін білесіңдер ме?Халқымызда мынадай сөз бар.
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады “надан” деп.
Қазақ-қонақжай, зерделі де ойшыл,кеңпейіл,достықты ,әділдікті бағалайтын халық. Ата-салтың-халықтық қалпың дегендей біз салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Қазақ халқының рухани тіршілігінде,қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау,жастарға қамқорлық жасау, ата-ананды ардақтау ізгі дәстүрге айналған.Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген салт-дәстүрлер бар.Олар: шілдехана, тұсау-кесу, ашамай,т.б.
3.Дидактикалық ойын: “Сен білесің бе?”
Мақсаты: Балалардың кереге, уық, шаңырақ,т.б туралы түсініктерін тереңдету.
4.Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
6. Жұмбақтар жасыру:
а)Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. Киіз үй.
б) Кіруге адам батпайды,
Суға салса жатпайды.
Ішіне кірген заттарды,
Аман-есен сақтайды. Сандық.
Қазір ,мына сан жалыған асықтарды аласыңдар.Бұл жай асық емес, сиқырлы асық. Асықтар мына сұраққа жауап беріңдер,-дейді.
Жеті атаңды атап бер.Ұлттық ойындарды ата.
Ұлттық киімдерді ата.Ұлттық тағамды ата.
Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап толықтырылады.
Наурыз күні не пісіріледі?
Наурыз көжеге қандай дән салынады?
|