25 Өтпелі тақырып: «Салттар мен фолькрол» Апталық тақырып: «Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері» Ересек топ



бет21/33
Дата30.01.2022
өлшемі173,48 Kb.
#116113
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
март тех карта

Әдіс тәсілдері: әңгімелесу,ойын,сұрақ жауап

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, ұлттық бұйымдар( сандық ,бесік, алаша, торсық, тостақ т.б.) табаққа салынған шашу, қуыршақ.

Қостілідлік компонент (сөздік жұмыс): Ұлттық киімдер-национальная одежда.

Ұлттар-нация,



Сөздік жұмыс:Ұлттық дәстүр мен салт

Іс әрекет кезеңі

Ересек топ Екінші кіші топ

Кіріспе бөлім

Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойын бастаушы орамалды алып, балалардың сыртын айналып жүгіріп, былай дейді:

Үй сыртында қолағаш

Желбау тартам, есік аш.

Қол ұстасып тұрған балалар қолдарын ажыратпайды. Ол -есік ашпағанның белгісі.



Ойын бастаушы:

Үй сыртында қолағаш Озам десең, ала қаш -деп, өзі таңдаған баланың арқасынан орамалмен соғып қалып, орамалды тастай сала жүгіре жөнеледі. Орамал алған бала қарама -қарсы жақпен жүгіреді.Екі баланың бұрын жеткені әлгі баланың орнына келіп тұра қалады. Ойын осылай жалғаса береді




Негізгі бөлім

Атадан бала туар, ата жолын қуар.
Бабалар өмірі -ұрпаққа өнеге.

-Мақалдардың мағынасын қалай түсінуге болады.



Ұрпақ, ата -баба сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді.

Ұрпақ -тұқым ,жұрағат, нәсіл,келешек ұрпақ.



Билингвальды компонет.

Салт -дәстүр -традиции и обряды,

ұрпақ -поколение, ата -баба -предки, бесік -колыбель, бесік жыры -колыбельная песня.

Ата -баба -бұрынғы өткен әкелер.

-Қазақ халқында ата -бабаларымыз бала тәрбиесіне көп мән берген. Кішкентай балалар өнегелі, тәрбиелі болып өсу үшін, ұлттық салт дәстүрді қалыптастырып,мұра ретінде келешек ұрпаққа қалдырып отырған.Бүгінгі оқу іс -әрекетіміз салт -дәстүрлер туралы болмақ. Салт -дәстүр дегеніміз- белгілі бір рәсім,әртүрлі жағдайларға арналған ұлттық мағынадағы елеулі кезеңдер.

Демонстрациялық материалдармен жұмыс.

-Мына суретте жаңадан туған нәрестені бесікке бөлеп жатыр.

Бұл -қазақ халқының ежелден келе жатқан "бесікке бөлеу" дәстүрі. Суреттен тағы нені байқауға болады?

Анасы кішкентай баланы бесікке бөлеп, ұйықтату үшін

"бесік жырын" айтады. Сендердің аналарың ұйықтатар алдында қандай бесік жырын айтады?

"Бесікке бөлеу" ойыны.

Педагог алдын ала дайындаған қуыршақты, бесікті алып шығады. Бір қызды қасына шақырады. Бесік жырын айтады:


-Менің балам қайда екен?

Асқар -асқар тауда екен.

Тауда неғып жүр екен?

Алма теріп жүр екен.


Алмасынан ,кәнеки,

Жаңа теріп жүр екен.

Қызыл алма қолында,

Қыздар оның соңында.


-"Бесікке бөлеу" -кішкентай бала үшін маңызды. Баланың сымбатты,денесі түзу болып өсуі үшін ата -бабаларымыз баланы бесікке бөлеген.

-Келесі суретте не бейнеленген?

Бесікте жатқан бала өсті,тәй -тәйлап жүре бастады. Енді көп құламай тез жүріа кетсін деп, ол баланың тұсауын кеседі.

Адал, шыншыл бала болсын деп, тұсауын "ала жіппен"кеседі.

Қазақ халқында "Біреудің ала жібін аттама"деген мәтел бар.

Оның мағынасы -ешқашан өтірік айтпай, ұрлық жасамай, үлгілі, өнегелі азамат болып өссін дегенді білдіреді.

-Жаңағы кішкентай бала өсіп, 5-6 жасқа келді.

Үлкендер оған жеке тай атап,ашамай (тайға арналған кішкентай ер тоқым) істетіп, қамшы өріп, "Сен азамат болдың" деген сенім ұялатып,үйретілген жуас тайға әсем ашамай ертеп мінгізіп, жүргізеді. Осы қуанышта атасы:

Ал ақ тілек, ақ тілек

Атқа тоқым сал білек.

Атта жақсы шаба біл,

Өнеге, өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл.

Атқа міндің, ақ жол болсын!-деп бата береді.




Қорытынды

Сұрақ -жауап әдісі арқылы оқу іс -әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.


+

Есеп

-








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет