30. Теориялық зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы бағалаңыз.
Теориялық зерттеу ғылымының түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты және объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып-білуге бағытталған. Теориялық зерттеу ғылымның мазмұнын байытып, оған нақты сипат бере отырып, фактілерді түсіндіру мен көріп-білудің жаңа перспективаларын ашады.
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстанымдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мән – жайына енеміз.
Индуктив және дедуктив әдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
— жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
— жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;
— педагогикалық мерзімді басылымдар;
— мектеп, тәрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
— педагогикалық анықтама құралдары:
— педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік қолданбалар.
Әдебиеттермен танысудың арқасында ары қай проблеманың қандай тақырыптары жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау – дамайлы және қай мәселелердің әлі тың жатқанын білуге болады.
Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерінің түрі сан алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі; реферает жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан – жақты материалдарды мқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнын қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру — әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.
Теория педагогикалық құбылыстардың кез келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса сол танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми – танымдық іс — әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы.
Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зертеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы трақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қорытындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік ттастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қорытындылар мен нақтыландырулардың негізін құрастыру қажет. Теориялық білім, сөздің жалпы мағынасында, дегеніміз белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсінуге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалық іс — әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан трады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және қалыптастырудың қалыптасқан тәжірбиесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірбиені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Теориялық өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құрылуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялық — әдіснамалық білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеуінің керектігіне бағыттайды. Кез – келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты ғылыми деңгейлерді теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.
Қазіргі ғылыми – педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылыми білімнің жалпы қрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі бір әсер етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалық зерттеулер әртүрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады. Алайда ғылыми нәтижелер көп ретте, зерттеушінің философиялық бағыттылығына байланысты болмайды, олардың жалпы ғылыми әдістемесінің дамуына өз үлестерін қосулары қажет.
Педагогика ғылымы сияқты педагогикалық зерттеу әдістерінің қазіргі жүйесінің көлемі кең. Ғылыми – педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістері мен зерттеуші ойлауының шығармашылық сипаты ғылыми зерттеудің барлық әдістері мен олардың өзара байланысын сипаттайтын ортақ теорияны қарастыруда біршама қиындықтарға әкеледі. Осыған орай, таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғлыми іс — әрекет пен зерттеу жорамалдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бл мәселе аспектілерінің бірі – ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндіруге субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның даму тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама – қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға шақырады. Бл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Ғылымның қазіргі әдістері, соның ішінде педагогикалық әдістер мен теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттерден тұрады;
а) фактологиялық материалдың бастапқы эмперикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу обьектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық пайымдаулар жиынтығы; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмперикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген обьект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте дәріптелген обьектіні қрастыруды кез – келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, жорамалдарын, дәріптеушілігін, анық білімдерге жету принциптері мен механизмін қрастырудың қажетті шарты ретінде қарастыру керек. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады; байқап-бақылау, теңдеу, анализ және синтез, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция,; блардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Зерттеу әдістерінің мәні зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс – тәсілдерінің жиынтығынан трады. Әдісті қрайтын тәсілдер зерттеу тәртібінің феномологиялық суреттемесін, оның құрамындағы элементтердің эмперикалық бөлінуін, эмпирияның зерттеу обьектісі мен оның психологиялық – педагогикалық сипаттарын жүйелі түрде түсіну мақсатында зерттеу элементтерінің құрылымдық – қызметтік анализін қамтамасыз ететін анализ бірліктеріне әдістемелік бөлінуін қамтамасыз ету керек.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты қрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен ттас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Кез – келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу обьектісі, заттар мен қбылыстардың мәнін ашуға бағытталған жан – жақты танымдық іс-әрекеттердің бір түрі.
Теориялық әдістің қажеттілігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды.
Теориялық әдістері ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп – салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмперикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері;
1.Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы қрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезені. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай -күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысу қажет.
Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әртүрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне керекті әдебиетті тањдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
Әдебиеттерді зерттеу кезіңде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыпты белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.
2. Анализ және синтез. Талдаудың эмперикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу обьектісін сипаты мен динамикасын анықтау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір-біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатысы анықталмайды. Сондай-ақ ол қатыстық – қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне қатысы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте аулақтату ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөлемдері де керек. Конъюнкция ( лат. одақ, байланыс) ережесін қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Анализ бен синтез диалектикалық түрде бір – бірімен тығыз байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезіңде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.
3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар; талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.
Дәріптеушілік – дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмперикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар анықталады.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын анықтау үшін қолданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың модеоін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір обьектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші обьект түпнұсқа болады да екінші обьект оның моделі болады.Зертеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заң бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын емес немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, анализ бен синтездің әртүрлі формалары қолданылады.
Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модеоьдің түрін таңдау зерттеу обьектісінің күрделігіне байланысты болады
7. Болжау әдісі зерттеушінің қатынасынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсетерге, кеселерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңейі мен дәрежесі қажет.
8. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зертеу жиынтығын өңдеу үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы ауытқуларды, әртүрлілік коэффиценттерін есептеу үшін қолданылады.
Теориялық әдіс деректерді теориялық негізде құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторларды және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған. Зерттеу обьектісінің мәнін теориялық түрде тану оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі.