Жаңа жыл, армысың!
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың.
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Төбеде күн күліп,
Балалар тұр қарап,
Бәріміз бірігіп,
Тебейік сырғанақ.
(Т.Жұртбаев)
4. Өлең мазмұнына орай дауыс биіктігінің деңгейін өзгерте отырып, мәтінді дауыстап оқып беріңдер.
Өзен жағасында
Алабұға, ақ балық,
Қармағымды қап, балық,
Алабұға – дөнен сарт,
Қармағымды төмен тарт.
Қабатындай тез келіп,
Біз осылай дегенде,
Қармақтарға жем іліп,
Тастаймыз кеп тереңге.
Қас қаққанша шым батып,
Жөнеледі қалытқы.
Лақтырамыз тулатып,
Жағаға біз балықты.
(Ш. Мұхамеджанов)
Бақылау жұмысы
Әңгіменің мазмұнымен танысыңдар. Тыныс алу ережесін, дауыс күшін, дауыс биіктігінің деңгейін сақтап, дауыстап оқып беріңдер.
Мың жасаған құзғын
Сен қаншаға келдің? – деп сұрады балапаны кәрі құзғыннан.
Мың жасқа келдім, - деп, ол сидаң кеңірдегін созып қойды. Балапаны оған таң қалды.
Ту-у, ұзақ жасаған екенсің!
Бұлардың сөзін аспанда айқасып жүріп, жараланып, жерге құлап түскен сұңқар бөліп кетті.
Е-е, бишара-ай! Алысып жүріп өлдің бе? – деді кәрі құзғын күңк етіп.
Сен оны қайдан білдің? – деп сұрады балапаны.
Ол жас түлек болатын, балапаным. Талай ерлік те жасады. Өз жайына жүрмей ақыры мерт болды ғой, әне! – деп, құзғын басын шайқады.
Сен мыңға келдім дейсің. Осы жасыңның ішінде қандай ерліктер жасадың? – деп сұрады тағы да балапаны.
Мың жасаған кәрі құзғын тіс жарған жоқ.
Өмір бойы қалғумен өткеннен қандай қаһармандық шықсын!?
(«Балдырған» журналынан)
Достарыңызбен бөлісу: |