3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет46/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
3. Қозылар мен қасқыр

Орман маңында бір топ қой жайылып жүрді, екі қозы олардан оқшау бөлініп кетті.


Кәрі қой оларға: - Құтырмаңдар, «жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында», - деді.
Ал қасқыр бұл кезде бұта сыртында тұрған.
- Қошақандар, ол өтірік айтады. Кәрі қой өзі жүре алаған соң, қызғанып, сендерді қыдырмасын деп тұр. Даланы шарлап жүгіріңдер, ойнаңдар оңаша, - деді.
Қозылар соның айтқанын істеді. Қойлардан бөлініп, айдалада қалды, ал қасқыр оларды ұстап алып, қылғып салды.
(Л.Н.толстой)

Мәтіннің астарлы соңғы сөйлемнің немен біткенінен қорытып шығаруға болады. Үлкеннің тілін алмаған, тыңдамаған тәжірибесіз жас қозылар зұлым қасқырдың әзәзіл алдауына еріп, өз беттерімен кетіп қалып, ақры қасқырға жем болды. Автордың көздеген мақсаты – бала ата-анасының ақылынан шықпау керек, білгеннің тілін алмаса, бақытсыздыққа ұшырайтынын мысал етіп көрсеткен.




4. Маймыл мен бұршақ

Маймыл екі уыс бұршақ әкеле жатыр еді. Біреуі түсіп кетті. Жерге түскен бір бұршақты алам дегенде, жиырмасын түсіріп алды. Оларды жинаймын деп ұмтылғанда, түгелімен шашылып қалды. Ашу қысқан маймыл барлығын сыпырып тастады да, қаша жөнелді.


(Л.Н.Толстой)

Мұнда болған істің сырт көрінісі ғана айтылған. Мәтіннің мәні ойда сақталады. Орындаушы өмірде көрген сол сияқты бір жайтпен салыстырып барып шешеді. Мұндайды тұйық, құпия мәнді ішкі сыр дейді. Ішкі мәні құпия болып келетін өлеңдерге Абайдың «Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік», М.Ю.Лермонтовтың «Желкен» т.б. жатады.


Мазмұны қарапайым шығарманы күрделі дайындық жүргізбей-ақ, тек, алдын ала оқып алып, мазмұнын тыңдаушыларға жеткізу тәсілін белгілеп қана оқуға болады.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде пайдаланылатын шығарма түрлері: әңгіме, ертегі, мысал, өлең-тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтел, батырлар жыры санамақ және басқалар.
Балдырғандар көркем шығарма оқиғасын шынайы өз мағынасында түсінеді. Психологтардың пайымдауынша балалар көркем шығармадағы іс-әрекетті, оқиғаны тура мәнінде қабылдайтын көрінеді. Бұл әңгіме, ертегі естілгеннен кейінгі алған әсерін олардың іс жүзіне асыруға ұмтылуынан байқауға болады.
Шығармадағы кейіпкерлердің ғажап іс-әрекеттері балдырғандарға қатты әсер етеді. Балалар естіген оқиғаларын ойнаған ойындарында, салған суреттерінде, саздан жасаған бейнелерінде көрсетеді. Кейіпкерлерге еліктеу олар үшін өмір шындығын сезініп, тану «мектебі» іспетті. Есейген сайын мектеп жасына дейінгі балалардың сөздігі айналадағы заттарды түсіну негізінде молаяды. Оларды оқытуда ертегі, әңгіме, тақпақ, өлең белгілі орын алады. Баланың айтқан сөзді ұғынуы ой-түйсігінің дамуын ілгерілетеді. Сөйлеу кезінде грамматикалық құрылымды ұғуды, байланыстырып сөйлеуді дамыту, ойша сөз құрауды қалыптастыру кез келген шығарма түрлерін түсінуге негіз болады.
5-6 жатағы бала жеңіл өлеңді, контекстегі кейбір образды тіркестерді айыра алады, мағынасын түсіндіре біледі, сөйлеу сазының кейбір түрін ұғынып алады.
Бастауыш сыныптарда оқу сабағының басты міндеті – оқушыларды кітаппен жұмыс істеуге үйрету, оқуға деген құмырлығын арттыру. Егер, мүмкіндігінше мұғалім оқылатын мәтінді мәнерлі де әуезді оқып әңгімелеп беріп отырса, бала ықыласына ерекше әсер етеді. Тезірек әріптің бәрін үйреніп, мұғалімнің оқығанындай оқуды армандайды.
Балалар алдында оқылатын шығарманың түсінікті, әсерлі болуы үшін күні бұрын талдап, даярлап алу қажет. Балалар үшін күнделікті сөйлеу тілінде сан рет айтылып жүрген сөздердің өзі қиындық келтіреді. Өйткені балалардың сөздік қоры аз, осы шығармаларды оқу, талдау арқылы, өз бетімен кітап оқу арқылы, айналадағы үлкен-кішімен қарым-қатынас жасау арқылы жаңа сөз үйреніп, сөздік қоры біртіндеп дамиды. Сондықтан балаларға мәнерлеп оқуға ұсынылатын шығарманы жан-жақты талдап алып қана оқып береді. Оқу кезінде мәнерлеп оқудың барлық әдіс-тәсілдерін қолданып жеткізеді.
Ол үшін мәнерлеп оқып беруге ұсынатын көркем шығарма жеңіл сөзді, түсінікті тілмен беріліуі тиіс. Шығармалардағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, образдар, оқиғалар баланы сан қилы сезімге түсіріп ойландырады, қуандырады, жирентеді. Кейбір көркем сөз, сөз тіркестері тіл ұшына оралып, мақал-мәтелді жаттап алады. Бас аяғы жинақы, жеңіл де ойнақы шумақтарды сабақ үстінде-ақ жаттап алады. Сол арқылы эстетикалық ләззат алып, өз бетімен тағы да оқығысы келеді де, баланың кітап құмарлығы басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет