3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет53/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Лақтар мен қасқырлар

Ерте заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы болыпты, тамақ жинап әкеледі екен. Ешкі тоғайға барғанда балаларына есікті іштен мықтап бекітіп, «Менен басқаға ашпаңдар» деп айтып кетеді. Өзі қайтып келгенде балаларына:



  • Балаларым, шырағым,

  • Сендерге сүт әкелдім,

  • Есікті ашшы, лағым, - деп хабар береді екен. Ешкінің бұл айласын бір күні қасқыр біліп қояды. Ешкі тоғайға кеткенде, ол есік алдына келіп:

  • Балаларым, шырағым,

  • Сендерге сүт әкелдім,

  • Есікті ашшы, лағым – дейді, лақтар есік алдына келіп:

  • Біз саған есік ашпаймыз, сен бізді алдап тұрсың. Біздің шешеміздің дауысы сенің даусыңдай жуан емес, - дейді. Қасқыр тұрып-тұрып, есікті ашпаған соң, кетіп қалады. Шешесі келген соң лақтар қасқырдың келгенін айтады. Апасы лақтарына:

  • Балаларым, есікті ашпағандарың жақсы болған. Есікті ашсаңдар, ол сендерді жеп қоятын еді. «Бұдан былай да осылай, сақ болыңдар» - депті.



Мақтаншақ қоян
(Өзбек ертегісі)

«Қылдырықтай» деген жалған аты бар қоян, бір күні басқа қояндарға мақтанады-ай келіп:



  • Қасқыр деген маған сөз бе! Мен қасқырдан қорықпаймын! Ал түлкіден ше? Оны үрлеп қалсам болғаны, ұшып кетеді! – дейді.

Барлық қоян оған таңданып: «Түріне қарағанда, қылдырықтай, әлсіз сияқты, бірақ қандай ер!» - дейді. Осы кезде қайдан шыққаны белгісіз, бір қасқыр шыға келіп, қояндарды тарпа бас салады. Қылдырықтайдың қорыққанынан зәресі ұшып, көзін тарс жұмған бойы қарғып кеткенде қасқырдың дәл төбесіне отыра қалады. Қасқыр басын шайқап қалғанда, қоян ұшып кетіп, бір бұтаның үстіне жалп ете түседі. Ақырында, ол қараңғы түсісімен қашқан бойы үйіне келеді.

  • Сен тірісің бе? Біз сені қасқырға жем болды ғой деп ойлап едік! – деп таңданды қояндар.

  • Кім? Қасқырға жем болатын мен бе? – деп қылдырықтай көкірегін қағады. Мен оның басына қарғып шығып, аяғыммен тепкілеп едім, ол тілін салақтатып құлай кетті. Таңырқаған қояндар оған рахмет айтысады.

  • Рахмет, қылдырық! Біз енді қасқырдан құтылдық!

  • Әрине, біз енді одан құтылдық! – деп, қылдырық та маңғаздана жан-жағына алақтап қарап қояды. Өйткені, қылдырық та басқа мақтаншақтар сияқты қорқақ еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет