3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Білуге құштарлықты және ақыл-ой қабілетін дамыту



бет61/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

4.2. Білуге құштарлықты және ақыл-ой қабілетін дамыту

Білуге құштарлық – балаға тән қасиет. Ол қоршаған дүниеге деген белсенді қызығудан, олардың бәрін қарап көруге, ұстауға, қозғалысқа келтіруге ұмтылуынан көрінеді. Көптеген сұрақтар да білуге құштарлықты байқатады. Тәрбиеші балалардан шыққан сұрақтарға дер кезінде жауап беруге тырысып, жауапты өз бетінше іздестіруге бағыттай отырып, балғындардың білімге құмарлығын қолдайды. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеті балалық әуестенушілікті, ақыл-ой талпынысын дамыту және олардың негізінде тұрақты танымдық ынтаны қалыптастыру.


Балалар бақшасының алға қойған міндетінің бірі баланың ойлау қабілетін дамыту. Психологияда қабілеттілік деп қандай да бір іс-әрекетті табысты игерудің алғы шарттарын жасайтын жеке адамның қасиеттерін атау белгіленген. Қабілет тиісті қызмет барысында пайда болып, дамиды. Адамның ақыл-ойы саналылық (ақыл-ой редакцияның жылдамдығы), сыншылдық (фактіні, құбылысты, еңбек нәтижесін дұрыс бағалауға және оларды талдап, қателерін байқауға т.б. қабілеттілік), талаптанғыштық (ақыл-ой міндетін шешуді табандылықпен іздестіруге қабілеттілік, дұрыс жауап іздеп табу үшін түрлі әдістерді пайдалану), ойлампаздық сияқты ақыл-ой саналары арқылы сипатталады.
Тәрбиеші осы сапаларды дамытуға көмектесу үшін балалардың ақыл-ой қызметін осылайша ұйымдастырады. Саналықты дамыту үшін жылдам жауап қайтарып, күрделі емес мәселелерді тез шешетін ойындар («келесі санды айт, керісінше айт», «ұшады-ұшпайды» т.б.) өткізеді, ойлау қабілетін дамыту үшін, балалардың өз жұмыстарының жауаптарын талдауға үйретеді. Талаптанғыштығын дамыту үшін қарапайым зерттеу ұйымдастырып, шешуі қиын тапсырмалар ұйымдастырылады.
Жүйелі процесінде балаларда маңызды қасиет – бақылағыштық, яғни айналадағы болып жатқан өзгерістерді тез әрі оңай байқау қабілеті дамиды. Бұл қасиетті дамыту көптеген кәсіп үшін қажет. Басқа да қасиеттер сияқты, бақылағыштық күнделікті іс-әрекет процесінде дамиды және тәрбиешінің басшылығымен бағытталып қалыптасады.
Бақылағыштықты дамытуға арналған күрделі емес тапсырмаларды балаларға күнделікті өмірде жүйелі түрде беруге болады. Мысалы бөбектер балалар бақшасына келместен бұрын тәрбиеші бөлме ішіне ландыш гүл шоғын әкеліп қояды: «Балалар, - дейді ол, - зер салып қараңдаршы, бөлме ішінде жаңадан не пайда болды. Маған ақырын ғана айтыңдар. Мен қайсыларыңның байқағыш екендеріңді білгім келеді».
Мектепке дейінгі шақта-ақ кейбір балалардың табиғатқа (жәндіктерді, жануарларды бақылау, өсімдіктерді өсіру, оларды күту), техникаға (бұрандалы ойыншықтардың, әр түрлі механизмді заттардың құрылысын білуге құштарлық, механикалық конструкторға қызығушылық) түрлі есептерді, жұмбақтарды және т.б. шешуге деген тұрақты ынтасы біліне бастайды.
Ақыл-ой тәрбиесінің бірі ойын болып табылады. Ойын балаларға тән іс-әрекет, ойын үстінде бала қоршаған болмысты бейнелеп, өз білімін анықтайды, оны жолдастарымен бөліседі.
Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының жетілуіне әр түрлі әсер етеді: сюжетті рөлді ойындар айналасындағылар жөніндегі түсініктерді кеңейтеді және тілдік қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі, драмалау ойындары көркем әдебиет шығармаларын тереңірек түсінуге жағдай жасайды және тіл белсенділігін арттырады, құрылыс құрастыру ойындары құрастыру қабілеттерін арттырады және геометриялық фигуралар мен кеңістік қарым-қатынастары туралы білімін кеңейтеді. Тәрбиеші ойынның мазмұнын байытып, дұрыс ұйымдастырса, ол баланың ақыл-ойын дамытуға зор әсерін тигізетін болады.
Ақыл-ой тәрбиесінде ерекше маңызды орынды танымдық мазмұны мен ақыл-ой міндеттері қажетті элементтері болып табылатын дидактикалық орындар алады. Ойынға сан рет қатынаса отырып, бала алған білімдерін (мысалы, өсімдіктің аты мен сыртқы түрі, еңбекке қажетті заттар, әдеби кітаптың мазмұны т.б.) жақсы игереді. Ойын үстінде ақыл-ой міндетін шеше отырып, сәби өз еркімен есте сақтауға және қайта айтып шығуға, жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге, заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге, жекелеген белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады. Мысалы: «Не өзгерді?», «Жоқ нәрсе қайсы?» деген ойындарда бала бірнеше заттарды немесе олардың тұрған орындарын еске сақтауы, онан кейін сол көріністі ойша қалыпқа келтіріп қандай өзгерістерге ұшырағандығын анықтауға тиіс. «Формасы осындай затты тап», «Түсіне қарай тауып ал», «Жұмыс істеу үшін кімге не керек?» деген ойындарда заттарды жалпы белгілері бойынша топтау қажет, «Суреттеуі бойынша тап», «Ғажайып дорба», «Даусынан танып көр» ойындарында балалар заттарды жеке қасиеттері бойынша анықтайды.
Дидактикалық ойындар балалардың алған білімдерін нақтыландырып бекітіп қана қоймай, олардың ойлау қызметін де арттырады.
Ойын балаға тән әрекет ретінде оған ақыл-ой міндеттерін көп қиналмай-ақ шешуге жаттығуға мүмкіндік береді.
Еңбек процесінде заттардың практикалық тексеруі болады: бала заттардың тек сыртқы қасиеттерімен және сапасымен танысып қана қоймай, қызмет процесінде ұшыраған өзгерістерімен де танысады. Ол: сабын көбіктенеді, қазылған топырақ жұмсақ, борпылдақ болады; дымқыл құмды құрылысқа пайдалану оңай және т.б.
Табиғатта істелген еңбек балаға себеп-салдарлы байланысты анықтауға мүмкіндік береді, құбылыстардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін ұғынуға көмектеседі; өзінің тікелей бақылауы негізінде ойын қорытып, қорытынды жасайды: өсімдікке су құйылмаса, ол қурап қалады: күн жақсы түскен жүйекте өсімдік тез, ал көлеңке жерде баяу өседі; күзде өсімдіктер жеміс және тұқым береді, көктемде олардан жаңа өсімдіктер өсіруге болады.
Еңбек, ойын және тұрмыстық қызмет балалардың ақыл-ойының дамуына үлкен әсер еткенімен ақыл-ой тәрбиесінде жетекші рөл оқытуға беріледі. Оқытудың артықшылығы – оның мақсатты бағытталуында. Оқыту жүйелі, жоспарлы түрде жүзеге асырылады, сол арқылы білім мен дағдыны жинақтауда белгілі бірізділік және беріктік қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет