3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Балалар бақшасындағы оқыту



бет62/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

4.3. Балалар бақшасындағы оқыту

Мектепке дейінгі шақтағы оқыту – балалардың үйрену қабілетін дамытудың, оларды қарапайым білімдер жүйесімен қаруландырудың негізі болып табылады. Балақайларды оқыту - дене, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиені ойдағыдай жүзеге асыру үшін де қажет. Балалар бақшасында балалар мәдени-гигиеналық дағдыларға, негізгі қимылдарға үйретіледі, олар мәдениетті, мәінез-құлық ережелерін игереді, олардың моральдық қасиеттерді, еңбек, бейнелеу, құрастыру, музыкалық іскерліктері мен дағдылары қалыптасады.


Балалар бақшасында оқыту мектептегі оқытуды ойдағыдай жалғастырудың маңызды алғы шарты болатын себебі, балалар білім, іскерлік және дағды жүйесін игеріп қана қоймай, сонымен бірге олардың бойында оқу қызметі негіздері де қалыптасады.
Балалар бақшасындағы оқыту мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдістері жағынан мектептегіден өзгеше болады. Мектепте оқушылар ғылыми білімдер негіздерімен қаруланады. Балалар бақшасының міндеті – мектепке дейінгі балаларға айналадағы заттар мен құбылыстар жөнінде қарапайым, бірақ ғылыми тұрғыдан нақты білім беру болып табылады. Мектепке дейінгі балалар алатын білім мектептегіге қарағанда шамалы болса да, бұл білім мен дағдылар бөбектің келешекте өсіп дамуына зор әсерін тигізеді. В.Ф.Одоевский мектепке дейінгі жаста оқытуды «Қандай да болмасын ғылымға дейінгі ғылым» деп атаған еді. Балалар бақшасында оқытудың мазмұнына айналадағы заттармен, олардың арасындағы қарапайым байланыстармен, өзара қарым-қатынастармен, бақыланатын құбылыстардың негізгі себептерімен танысу кіреді. Оның мақсатына балаларға білім мен дағдылар беру ғана емес, оларды игеру тәсілдерін де үйрену жатады. Балалар бақшасы мен мектептегі оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі. Мектепке дейінгі оқытудың негізгі формасы – оқу сағаттары, оның мектептегі сабаққа қарағанда ұзақтығы, құрылымы, балаларға қойылатын талаптар дәрежесі жағынан айырмашылығы бар. Балалар бақшасында үйге тапсырма берілмейді, баға қойылмайды, игерілген білім дәрежесі жаңаны түсіндіру барысында тексеріледі.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістер жағынан да ерекшеленеді. Мұнда көрнекілік әдістер үлкен орын алады. Дидактикалық ойындар мен ойын тәсілдері кеңінен қолданылады. Жаңа материалдарды игеру негізінен белсенді қимыл процесіне, заттармен күрделі қимылдар жасау, әртүрлі ойындар, сурет салу, құрастыру арқылы жүргізіледі.
Оқыту – екі жақты процесс. Ол тәрбиешінің де, балалардың да белсенді қатысуымен ғана табысты болады. Мұнда тәрбиеші жетекші рөл атқарады. Ол жаңа материалдарды айтып қана қоймай, оны үйретеді, балалардың танымдық әрекетіне ықпал етіп, оған басшылық жасайды. Оқу әрекеті – баланың білім, іскерлік пен дағдыны қимыл тәсілдерін игерудегі өз бетінше істейтін әрекеті. Ол тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Мектепке дейінгі балалардың оқу әрекеті олардың алдына қойылған міндетті толық түсінуімен, оны орындау жолдары мен құралдарын таңдап алу қабілетімен, сондай-ақ қойылған міндеттердің орындалу барысын бақылауымен және өз жұмыс қорытындысын тексеруімен сипатталады. Сөйтіп, міндеттер қабылдау, оларды орындаудың және одан таймаудың жолдары мен құралдарын белгілеу, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тексеру оқу әрекетінің негізгі компоненттері болып табылады. Олардың әрқайсысы баладан тиісті іскерлікті талап етеді.
Мәселен, алға қойылған міндетті қабылдау үшін мектепке дейінгі балалар тәрбиешінің сөзін естіп, тыңдай білуге, ол көрсеткен заттарға қарап, көруге, іс-әрекеттің танымдық мазмұнын, дағдысын, тәсілдерін игеруге оның нұсқауларын орындауға тиіс.
Оқу әрекетінің компоненттерінің бір - өзін-өзі бақылау, яғни өз әрекетін, ойларын пікірлерін оқытуда айтылғандармен салыстыру қабілеті болып табылады. Өзін-өзі бақылау балалардың назарын жұмыс істеу процесіне аудару, іс-әрекет әдісіне өзгеріс енгізе білу үшін маңызды сәт. Өзін-өзі бақылаудың пайда болуы оқытуға байланысты баланың мінез-құлқы мен санасында пайда болған елеулі өзгерістерді дәлелдейді. Ол түсіндіру мен көрсетуге сүйене отырып, өз бетінше көршісінің (кейде қателесетін) үлгісіне қарамастан әрекеттене бастайды. Көңілді бір мақсатқа жұмылдыру, жұмысты өз бетімен іздеушілік пайда болады: оқыту процесі тәртіпке үйретеді. Осының бәрі мектепке дейінгі балалардың мінез-құлқына ұйымшылдық сипат береді, оларды әдептілікке тәрбиелейді.
Оқу әрекеті біртіндеп қалыптасады. Зерттеулерге сүйене отырып,
А. П. Усова оқу әрекетінің дамуын үш деңгейге бөледі. Неғұрлым жоғары, бірінші деңгей мынадай ерекшеліктермен сипатталады: балалар тәрбиешінің нұсқауларын тыңдайды, өз жұмысында оларды үнемі басшылыққа алады, қажетті нәтижеге жетеді. Бұл деңгейде балалар саналы түрде қимыл жасайды, жай еліктемейді. Мұндай жағдайда мектепке дейінгі балалардың оқу әрекеті негізінен қалыптасқан деп санауға болады.
Екінші деңгей – неғұрлым нашар деңгей. Оқу әрекетінің бар белгілері тұрақсыз. Дегенмен, балаларды оқытуға болады. Олар нұсқауларды тыңдап, жұмыс кезінде пайдаланады, тапсырманы орындау кезінде біріне-бірі еліктеуге бейім тұрады, өз нәтижелері мен басқалардың нәтижелерін салыстыра отырып, өзіне-өзі бақылау жасайды.
Үшінші деңгей – ең төменгі деңгей. Ол сабаққа қатынасушылардың сырттай таза тәртіптілігімен сипатталады, алайда балалар әлі де болса оқи алмайды, олар нұсқауларды тыңдағанымен, оларды естімеген болады, жұмыста басшылыққа алмайды, нәтижеге жетпейді, бағаны сезіне қоймайды.
Мектепке дейінгі балаларды, әсіресе сәби шақта, оқыту және оқу әрекетін қалыптастыруда ойын мотивінің рөлі зор. Тәрбиеші: «Мысық сүт ішкісі келеді, келіңдер ол үшін ыдыс жасай қояйық», «Қуыршаққа үй жасап берейік», «қуыршаққа өлең оқып берейік», - десе балалар бар ынтасымен іске кіріседі. Педагог балаларда оқу әрекетінің танымдық мотивін біртіндеп қалыптастыруға тиіс, яғни олар жаңа білім мен іскерліктерді үйренуден қанағат алуы үшін жұмыстың соңғы нәтижесіне ғана емес, білім алу процесінің өзіне, жұмысты орындау тәсілдеріне ынтасын қалыптастыруға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет