3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


-тарау Мектепке дейінгі балалардың



бет60/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

4-тарау

Мектепке дейінгі балалардың

ақыл-ой тәрбиесі




4.1. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызы

Ақыл-ойдың дамуы - бұл баланың жасына, тәжірибенің молаюы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүргізіледі. Таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ету, оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар.


Баланың ақыл-ойын дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу процесінде өтеді, сонымен бірге қалыптасады. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай, оны қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдаланады.
Мектепке бейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашқы қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда, ал сонан соң оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсін жасау, құрастыру) кезінде жүзеге асырылады. Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиелеу ықпалымен жүргізіледі.
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеуді дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді.
Мектепке дейінгі шақтың аяғында балалардың бойында айналадағылар жөнінде қарапайым білімнің жеткілікті үлкен қоры жиналады, олар негізгі ойлау операцияларын меңгереді (салыстыру, суреттеу т.б.), заттар мен құбылыстардың елеулі және елеусіз белгілерін айыруға, кейбір себеп-салдар байланыстарын анықтауға қабілетті болады, оларда оқу іс-әрекетінің бастамасы қалыптасады. Ақыл-ой дамуының толысуы жақсы ұйымдастырылған іс-әрекет нәтижесінде ғана іске асады, сондықтан да педагогтардың міндеті бұл үшін жағдай тудырумен бірге балаға мақсатты тәрбиелік ықпал жасау болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді интеллектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.
Балаларды мектепке дайындауда ақыл-ой тәрбиесінің рөлі ерекше үлкен. Білім қорын игеріп, ақыл-ой белсенділігі мен дербестігін дамыту, интеллектуалдық іскерлік пен дағдыларға ие болу – бұл мектепте табысты оқыту үшін және алда тұрған еңбек қызметіне даярлау үшін маңызды алғышарттар.
Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдарды қалыптастыру, танымдық психикалық процестерді: түйсінуді, қабылдауды, сақтауды, қиялдауды, ойлауды, сөйлеуді дамыту. Білуге құштарлығы мен ақыл-ой қабілетін дамыту; интеллектуалдық іскерлігі мен дағдыларын дамыту; ақыл-ой әрекетінің қарапайым тәсілдерін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі шақта тіл дамытудың рөлі ерекше. Адам ана тілін өзінің ойын айтуға және өзгенің айтқанын түсінуге пайдаланады. Сөйлей білу балаға заттарды немесе құбылыстарды тікелей қабылдау арқылы ғана емес, сондай-ақ болмыс туралы білімдерін жанама түрде (әңгіме, көркемшығарма, тәрбиешінің түсіндіруі т.б. арқылы) алуға мүмкіндік береді. Балалар бақшасында сөздік қорын көбейту, грамматикалық құрылымды қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту сияқты міндеттер шешіледі.
Мектепке дейінгі балалардың саналы есте сақтауы қалыптасады, есте сақтау ауқымы ұлғаяды, мұның міндеті есте еркін сақтауға жаттықтыру, оны пайдалы білімдермен толықтыру болып табылады.
Қиялды дамытуға көп көңіл бөлінеді, ол барлық творчестволық қызмет үшін қажет. Мектепке дейінгі алғашқы жылдары – бұл тыңнан қиялдау, оның негізінде өмірлік тәжірибенің жиналуымен және ойлаудың дамуымен творчестволық қиялдау қалыптасады. Мектепке дейінгі балалар үшін көрнекі-қимылды және бейнелі образды ойлау тән. Осының негізінде сөздік-логикалық, ұғымдық ойлау дамиды. Тәрбиеші балалардың аналитикалық-синтетикалық ойлау қызметін қалыптастырады, ол құбылысты тереңірек түсінуге, оның нақты және нақты емес жағын ажыратуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет