Нан
Нанға сенген Миллиард пұт
Анасына сенгендей, Болып жылдық межеміз.
Санаға енген Ырыс пен құт
Ақ сүтімен енгендей. Шылқса да әжеміз
Нандай таза Тастамастан
Жаралған соң пәк жанды, Қоқымын да жейтіні –
Атам қазақ Басқа астан
Аттамаған ақ нанды. Қадірлісің дейтіні
(Ш.Мамасерікова
)
Осындай нан, таза, пәк, атам, қазақ, аттамаған, ақ нанды, миллиард, межеміз, ырыс, құт, әжеміз, қоқымын, қадірлісің сөздеріне түскен ой екпіні өлеңнің идеясын ашып көрсетеді. Атам заманнан бері нанды қадір тұтқан қазақ астық дария боп ағып жатса да, түйірін тастамай дағдыланған және нан тіршілік қазығы, табан ақы маңдай тердің жемісі екендігіне баса назар аудартады.
Көркем сөз оңуда екпінді қоя білу ең маңызды жағдай, өйткені бір сөйлемнің өзі де екпіннің қай сөзге қойылуына байланысты құбыла береді. Жоғарыда көрсетілгендей, логикалық екпінді контекссіз сөйлемнің әрбір сөзіне түсіруге болады. Сондықтан логикалық екпінді контексте келген сөйлемде қою ыңғайлы, өйткені сөйлемдегі негізгі оймен айтылған пікір еске алынады.
Дегенмен логикалық екпінді мынадай жағдайларда қою керек:
Сөз мағынасына ерекше назар аудару үшін, логикалық екпіні қойылады;
Сөйлемде қарама-қарсы мағынада келген сөздерге логикалық екпін қойылады. Бұл жайт өте-мөте контексте айқын байқалады, тіпті сөйлемде қарама-қарсы мағынады келетін екінші сөз айтылмаса да, сөз төркінінен байқалатын жағдайда бірінші сөзге қойыла береді. «Жоқ, бұған біз кінәліміз» (яғни әңгіме болып отырған басқалардың біреуі де емес деген ұғымды);
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің (санамаланып келетін) әрқайсысына логикалық екпін түседі: ән салсаң, өзімдей сал аңыратып, жайлантып, қоңырлатып, жамыратып. (І.Жансүгіров);
Қызыл, жасыл киінбей қыздың сәні келмейді (Халық өлеңі);
– нікі, -дікі, -тікі қосымшасы жалғанған сөздерге ой екпіні бейім.
Бастауышы мен баяндауышы зат есімнен болып, түбір күйінде келген жалаң сөйлемде ой екпіні баяндауышқа түседі: Абай – ақын.
Өз (-ім, -ің, -іңіз, -і), тіпті, мүлде, тағы сөздері логикалық екпінді өзіне тартады;
Сұрау мәнді білдіретін сөздер де логикалық екпінін бойына тартады.
«Көрінсінші көзіме, кім тұрады өзінде?»
8. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, логикалық екпінмен ерекшеленеді. Ата, үйге ерте қайт, бізге қызық ертегі айт. Бұл ережелер кез келген жерде бұлжымай қолданыла бермейді, мәтіннің не сөйленген сөздің қандай жағдайда айтылғаны ескеріледі.
Мәтінді оқығанда жөн-жосықсыз қоя бермеу керек, мұндай жағдайда сөйлеген сөздің түпкі мәні шашыранды болып, тыңдаушылардың көкейіне қонбай қалады. Баз біреулердің сөйлемнің әр сөзін үзіп-үзіп, бөлім, созып айтуы құлаққа жағымсыз естіледі, қай сөздің мәніне көңіл аударуды аңғармай қаласың.
Көркем сөз шеберлерінің көне көз өкілдері мұндай сөзді құлаққа түрпідей тиеді дейді. Өйткені үздік-создық айтылған сөздің қайсысына көңіл аудару керек екенін айыру қиын, сондықтан барлық сөз мәнінен айрылады деп тұжырымдайды. Осыны ескере отырып, мәнерлеп оқуға не әңгімелеп беруге арналған мәтінді күні бұрын талдап, қандай нақыш-мәнермен айтылып не оқылатынын ойластыру қажет. Екінші сөзбен айтқанда, қандай саз, әуенмен айтуды не оқуды, қай сөзді басымырақ айтып, назар салып, негізгі екпінді қоюды, қай сөзді бәсең айтып, көмекші екпінді қоюды алдынала анықтап алу керек. Екпін мәтіннің мазмұнына қарай қойылады.
Э м ф а з а л ы қ е к п ін
Эмфаза – сөйлеуде көңіл күйінің түрлі толқуларын күшейтпелі түрде дыбыстаумен жеткізу. Эмоцияны білдіруде дыбыстау тәсілдері Л.В.Шербаның еңбегінде сипатталған. Ол «эмфазалық екпін» деген терминді кіргізген. Екпіннің бұл түрі сөздің эмоциялық жағын ерекшелеп, күшейтеді немесе сөйлеушінің аффективтік (аффект – латын сөзі, қатты толқу деген мағынаны білдіреді) жай-күйін бір сөзбен білдіреді. Л.В.Шерба логикалық екпін мен эмфазалық екпіннің айырмашылығын сипаттай келіп, былай қорытады: «Логикалық екпінмен ерекше айтылған сөзге назар аударылса, эмфазалық екпін сөзді эмоциялық жақтан күшейте түседі. Бірінші жағдайда айтушының ниеті білінсе, екіншісінде тікелей сезім беріледі».
Эмфазалық екпіннің дыбыс арқылы берілу тәсілі – екпін түскен дауысты дыбыстың тым созылып айтылуы яки азырақ созылып айтылуы арқылы іске асады: тамаша-а-а адам! Жақсы-ы оқушы!
Мақұлдау, таңдау, аяу, меірім, назды білдіретін сөздер екпін түсетін дауысты дыбыстардың созылыңқы айтылуымен беріледі (жағымды эмоциялар). Ал жағымсыз эмоция (қорқыту, ызалану, зығыры қайнау) басқаша болып келеді. Онда сөз басындағы дауыссыз дыбыстар созылып айтылады. М-м-маған жіберші өзін! К-көріп алайын әуселесін!
Үзілді-кесілді айтылған пікірді жеткізуде дауыс келте, шапшаң шығады. Жауап бересің бе? Ж-ж-жоқ! – деп бір-ақ кесті.
Сонымен логикалық екпін мен мәнерлігінің құралы болғандықтан, тыңдаушылардың әдеби материалды дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екпіннің түрлерінің бәрі де сөз сзының құрамына енеді де, кідіріс, әуез, қарқын тембрмен бірігіп іске асады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеп жүрген тәрбиеші балаларды әдебиетпен жақсы таныстыру мақсатында шығарманың мазмұнын терең түсіндіру үшін екпінін жақсы игеруі керек.
Тапсырма: Мына көркем мәтіндердің кейіпкерлеріне мінездеме беріңдер де, соған орай сөз сазын келістіріп, мәнерлеп оқыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |