Азамат үні
Әз армандар болашаққа тұр сілтеп, (11)
Жыламасын! (4)
Күлсе адам, күлсін тек. (7)
Жер бетінде бір-ақ ұран-
Ол мынау: (11)
Адам ұлы адамша өмір сүрсін тек (11)
Адам үшін ауа таза, тұрсын көк (11)
Бейбітшілік (4)
Күш береке берсін деп (7)
Тілек айтар, бір-ақ өмір-
Ол мынау: (11)
Адам ұлы адамша өмір сүрсін тек!
Бұл келтірілген өлеңнің буын саны бірінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызынша жолдарында он бір буын, екінші, жетінші, жолдарында төрт буын, екінші, сегізінші жолдарында жеті буын болып қайталанып келіп, ырғақ жасап тұр.
Шығарманың үн-сазы, ырғақ-ұйқасы, барлық интонациялық құрылымы дауыстап сөйлегенде ғана көрінеді. Сондытан ырғаққа аса көңіл бөлген жөн. Ырғақ дегеніміз - өлең сөз бен қара сөздің сөйлемдерінде дауыс толқынының бірде бәсең, бірде көтеріңкі келіп отыруы. Бұған мысал ретінде И.А.Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы өлеңін алайық. Мысал өлең автордың, шегірткенің және құмырсқаның сөздеріне қарай бірнеше бөлімдерге бөлініп, сөйлеген сөздері әрқайсысының өздеріне тән көңіл күйі, ой-сезіміне сәйкес дауыс ырғағымен оқылуы керек. Мәселен, автор сөзі баяу, салмақты дауыс реңкімен оқылады:
Шырылдауық шегіртке,
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған...
Ал шегірткенің:
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра, - деген сөзі жалбарыну реңкінде бәсең оқылса,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең? – деген өзіне-өзі сенген шаруа иесі – құмырсқаның сөздері шегірткенің қылығын жақтырмаған реңкпен көтеріңкі оқылады.
Шығарманың қуанышты, салтанатты, яки мұңды болып келетін тұстарын соған орай дауыс сазымен оқығанда оқушы сөзсіз әсерленеді. Мысалы, Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңі табиғат сыры мен оның адам баласына, жан-жануарларға тигізер мол пайдасы бұл өлең қуаныш сазымен оқылады:
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта
Көңілің суын ішсең ашылады.
Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңіне келсе, мұндағы ырғақ мәнді сөзі басқаша келеді:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорғаны мен едім
Мен де айырылдым елімнен,
Көл қорғаны сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Мұнда елінен айырылған ақынның өкінішін, құсалықпен өткен қайғылы халін байсалды дауыспен, мұңды ашыну сезіммен жеткізген орынды.
Мына бір қара сөзбен берілген үзіндіні қарастырайық:
- Жүрегім аузыма тығылып, ас батпай қойды, - деп жастықтай қампиған ішін басады. Жүрегім деп отырғаны кәдімгі асқазаны екенін аңғармайды да. Ол асқазанның олқы тұрмайтындығын ұмытқан.
... Кең көйлектің етегін арт жағынан жел үрген тауықтай түріліп кеткен. Жәніш бәйбіше үйге кіре беріп: - Бастады ғой тағы да!.. (Ғ.Мүсірепов. «Ананың арашасы»).
Келтірілген эпизодта юморлық сезім бар. Мұның бет – құбылысы арқылы оқушыға жеткізіп, жазушының кекесін кейпін ашуымыз керек.
Көркем мәтінді оқуда қарқын болады. Кейбір оқушылар көз шалымы кеңдігінен, сауаттылығынан мәтінді жылдам оқи алуы мүмкін. Бірақ бұл кез келген көркем шығарманың барлық бөліктеріне тұтастай лайық бола бермейді. Әсіресе лирика табиғаты мұны сүйе бермейді. Абайдың «Жаз» өлеңінен мысал келтірейік. Осындағы:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыдан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындар,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап, -
деген 14 жол өлең жүйдірмелете жылдам оқылуға тиіс. Бірақ бұл қарқынды ары қарай созуға келмейді. Себебі, өлеңнің кейінгі жолдарындағы ішкі мазмұнға жеделдетіп оқу сай емес.
Достарыңызбен бөлісу: |