3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Тапсырма. Берілген әдеби көркем шығармалардың мазмұнына орай қандай сөйлеу қарқынымен оқылатынын іштей анықтап алып, содан соң дауыстап оқыңдар. 1. Қоян



бет42/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Тапсырма. Берілген әдеби көркем шығармалардың мазмұнына орай қандай сөйлеу қарқынымен оқылатынын іштей анықтап алып, содан соң дауыстап оқыңдар.
1. Қоян

Ұзын құлақ, сұр қоян, Қарап еді артына


Естіп қалып сыбдырды. Қиығын сап көзінің,
Ойлы-қырлы жерлерден, Келе жатқан томпаңдап,
Ытқып-ытқып жүгірді. Көжегі екен өзінің.
(Т.Бердияров)


2. Жаңа жыл

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Бізді алға барғызбақ,


Не әкелдің сен бізге? Сен жаңа жылсың ба?
Бау-бақшаң толған гүл, Жаңадан көп түрлі,
Төлдерің семіз бе? Машина бергейсің,
Бауырсақ, балмұздақ, Жаңадан көк сырлы,
Концертке молсың ба? Үйлерге кіргейсің.
(Х.Ерғалиев)

3. Мәтінді дауыстап оқуға даярланыңдар. Қандай кідірістер қойылатынын түсіндіріп, оқып беріңдер




Топ қасқырмен айқасқан қасқыр
(Оқиға)

Бұл оқиға Жосалы қыстағында болған еді. Өрісте жүрген бір табын сиыр кешкісін қыстаққа қайтып оралмады. Күн ашық болған соң малшылар бұған онша көңіл бөлген жоқ.


Қызыл іңір шамасы еді. Құм арасымен тасалап келген алты аш қасқыр табынның шетіне ала құйындай тиді. Сол-ақ екен, мама сиырлар жер сүзіп дөңгелене қалды да, тайыншаларды қоршап алды. Кенет табын ішінен дөнен өгізше суырылып шығып, өзіне қарсы ұмтылған көкжалды мүйізіне іліп алды да ішек-қарнын бір-ақ ақтарды.
Қасқырлар енді тікелей шабуылға шықты, бірақ ауыздарының салымы болмады. Сиырлардың даусын естіген малшылар да жетті. Табын аман екен.
(Е.Төкенов)


2.8. Дауыс күші

Көркем оқу мен әңгімелеп беру тәсілінің біріне дауыс күші де жатады. Дауыс күшін оның аса қатты шығуы деп ұқпау керек, ол дұрыс емес. Дауыс күші дегеніміз – дауыстың ашықтығы, тазалығы, оны игере білу, яғни ақырын да, орташа да, қатты да сөйлеп, қатты сөйлеуден ақырынға керісінше, ақырыннан қатты сөйлеуге көше білу.


Жалпы дауыстап оқу, әңгіме айту орташа қоңыржай дауыспен орындалады. Мәтіннің мазмұнына байланысты дауысты бірде көтеріп, бірде төмендетіп отырады. Сөйлеу темпі тәріздес, дауыс күші де интонацияның бір элементі. Дауыс күші көркем сөз орындаушыға кейіпкерлер образын жанды етіп көрсетуге олардың іс-әрекетін, мінез-құлқын сипаттауға көмектеседі.
Айталық, С.Я.Маршактың «Аңқау тышқан» туралы ертегісін оқығанда, не айтқанда дауыс күшінің түрлі реңктерін келтіруге болады.
Оны жылқының қатты кісінеуінен басталатын:

Енді бие әлдилейді - кісінеп:


-Ұйықтай ғой, құр жатқанша есінеп.
Оң жамбастап жантай-дағы ұйықтап шық.
Саған жаным, арпа берем бір қапшық, -
деген жолдарынан немесе шортанның іс-әрекетін ақырын сыбырмен суреттейтін жолдарынан аңғарамыз:

Келіп шортан айтса да өз әлдиін,


Бірақ ешкім ұғынбайды «ән-күйін!»
Шортан қанша ашқанымен аузын...
Тышқан оның естімейді даусын...

Осы сияқты, шығармадағы әр алуан кейіпкерлердің әр түрлі іс-әрекеті, мінез-құлқы дауыс күшін қалай пайдалану керектігіне меңзейді.


Ал сағыныш, мұң сияқты көңіл күйін шертетін өлеңдерді оқығанда, дауыс күші бәсең шықпақ:
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей...
(Т.Молдағалиев)

Дауыстың өзіндік белгілері бар: күші жоғарлығы, қарқыны (шапшаңдық), тембрі (құбылуы). Мәселен, «Оқу – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген сөйлемді оқығанда «оқу», «білім», сөздері көтеріңкі дауыспен, ал «білім бұлағы, «өмір шырағы» сөздері жай, баяу дауыспен айтылады. Сөйлегенде адам бірде баяу, бірде жай сөйлейді. Бұлар әр адамның дауыс қарқынына байланысты. Мұғалім жаттығу арқылы өз дауысының қарқынын анықтай алады. Ол жылдам сөйлеуден аулақ болғаны жөн. Егер жай сөйлей алмайтын болса, жаттығуы қажет.


Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы өз дауысын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш кетірмеу, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпай – дауыс күші мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.
Дауысты тыңдаушыға әсерлі болуы тембріне (құбылуы) байланысты. Құбылта оқу, дауыс ырғағын келтіре оқу да жаттықтыру, дағдыландыру арқылы қалыптасады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Сөйлеушінің ашық, анық, айқын айтуы, соның айтқанын ұғуға, оның әсерлі болуына ықпалы тигізеді.

Әдеби тіліміз грамматикалық ережелер мен нормалардың негізінде қалыптасады. Тыныс белгілері жазуда сөйлем мүшелері мен сөз тіркестерін, оқшау сөздерді, сөйлемдерді, төл сөз бен автор сөзінің мағынасын ажыратып дұрыс жазу мен дұрыс оқу үшін қолданылады.


Мұндай шартты белгілер саны – 10. Нүкте (.), сұрау белгісі (?), леп белгісі (!), үтір (,), нүктелі үтір (;), қос нүкте (:), көп нүкте (...), жақша (), сызықша (-), тырнақша («»). Бұл тыныс белгілерінің атқаратын қызметі мен мағынасы түрлі-түрлі.
Кез келген мәтінде осы тыныс белгілері сан рет қайталанып келіп отырады. Алдымен әрбір тыныс белгісінің жеке-жеке мағынасын, қандай жағдайда қолданылуын, яғни қазақ тілі пунктуациясын жете меңгергенде ғана оның дұрыс оқылуы мен жазылуын меңгере аламыз. Оқып тұрғанда мәтінде кідіріс жасаймыз. Кейде тыныс белгісі қойылмаған жерге кідіріс жасалуы мүмкін. Ол сөйлем мағынасына лайықты дауыс ырғағына байланысты жағдай.
Сондықтан жазба тілі мен сөйлеу тілінде тыныс белгілерінің үлкен маңызы бар. Тыныс белгілері қойылмаған сөйлемді оқып та, жазып та мағынасына түсіне алмас едік. Мысалы, көп нүкте, тырнақша, жақша, сұрау белгісі, леп белгілері сөйлем мағынасына байланысты қойылады. Олай болса, нормалы дауыс ырғағы тиісті тыныс белгісінің мағынасын ескеріп, құбылтып, түрлендіріп оқуға себеп болады екен.
Бұл, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына кітаппен жұмыс жүргізгенде үнемі ескертіп, қадағалап, үйретіп отыруды қажет етеді. Хабарлы сөйлемді оқығанда сөйлем аяғында жай, баяу тоқтап кідіріс жасау керек болса, сұраулы сөйлем аяғында дауыс сәл көтеріліп, соңғы буыны созылыңқырап оқылуын, лепті сөйлем аяқталғанда дауыс биіктігі төмендемей көтеріңкі оқылу керектігін меңгертуге болады.
Тапсырма. Мәтінді сөйлемге бөліп көшіріп, тыныс белгілерін қойыңдар да, қойылу себебін түсіндіріңдер.
Мұса тым қатты абыржып қалды. Оның қимылдары асығыстанып аяғының сылтуы көбейді. – Тез мына ауылдарға хабар қылыңдар Өтен Асаутай сендер мына Үмбетке хабар беріңдер. Бейсембай Аққұба екеуің Іскендірлерге барып хабар қылыңдар Жұмағұл Сәт сендер ана Бименделерге хабар беріңдер. Олардың ауылдарында әлгі қалақтары бар ғой аттары бар ғой. Жылқыға кісі жіберейік, ауылдар да сақ болсын бәрі де деп Мұса іргелес отырған ағайынға аулының адамдарын жүгіртті. (С.С)
Дауыстың әуенділігі мен үнділігі де көп мәселені айқындайды. Тыңдаушының көңілін өзіне аудару, құлаққа жағымды сөйлеу, айтылған ойдың, пікірдің немесе жатқа оқылған шығарманың әсерлілігін арттыруда мұның да сатира, үндеу, шалқу, тебірену жәйттеріне байланысты қажетті әуен сөзге нәр береді. Сонымен, көркем мәтінді оқытудың тиімділігін арттырамыз, оны бүгінгі өмір деңгейіне көтереміз десек, оқушыларға көркем шығарманың эстетикалық, эмоциялық, адамгершілік қасиеттерін танып, ауызекі сөйлеу шеберлігін ұштау үшін алдымен оларға мәнерлеп оқуды үйретуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет