3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


-тарау Әр түрлі әдеби жанрдағы шығармаларды мәнерлеп оқу



бет45/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

3-тарау

Әр түрлі әдеби жанрдағы шығармаларды мәнерлеп оқу




3.1. Мәтінмен танысу және мәнерлеп оқу

Бала бақшада оқылатын шығармалардың басым көпшілігі – көркем туындылар мен халық поэзиясы. Ақын, жазушылар шығармаларында адам жайлы, олардың іс-әрекеті, тіршілігі, ой-сезімі, басынан кешкендері, күйініш-сүйініштері, көз алдарынан өткен оқиға, сол оқиғаға олардың қатысы, айналасындағыларға қрым-қатынасы туралы әңгімелейді.


Автор өзінің ойын, көзқарасын шығармаларда өмір құбылысын суреттей отырып білдіреді.
Көркем шығармадағы суреттелетін оқиға нақты өтіп жатқан сияқты беріледі, ал кейіпкерлері өмірде бар кісі сияқты болып көрінеді. Оқырман кейіпкердің күйініш-сүйінішін бірге бөліседі, оның тағдыры немен аяқталар екен деп елеңдейді. Әдебиет теориясында бұл суреттеу тәсілін образды даралау, нақтылау деп атайды. Көркем шығармада образдар жинақталып беріледі.
Көркем шығарманы оқығанда не тыңдағанда адам айрықша эмоциялық сезім жетегінде, эстетикалық әсерде болады. Өнердің мақсаты - өмір шындығын эстетикалық тұрғыдан ой елегінен өткізу.
Шығарманың образын сәбилерге дұрыс, нанымды етіп жеткізу үшін, туындының идеясын дұрыс түсінуіне көмектесу мақсатында тәрбиеші-педагог шығарманы мәнерлеп оқып беруі керек немесе нақышына келтіріп әңгімелеп беруге тиіс. Тәрбиеші шығарманың образды құрылымын аша білуі қажет. Ол тіл арқылы беріледі. Шығарманың тілі арқылы жазушының идеясы, астарлы ой-пікірі аңғарылады. Көркем сөз орындауышының автордың ішкі пікірін сезініп оқуы тыңдаушыларының көз алдына елестетеді. К.С.Станиславский: «Құлаққа естіртіп қана емес, көзге де елестетіп айтыңдар», - деп кеңес берген. Өйткені ысылмаған жас тыңдаушылар шығарманың астарлы ойын бірден аңғармай қалады.
Нақышты сөйлеудің тәсілі – сөзді сазды дұрыс үнмен айту. Мәтінді мәнерлеп оқуға дайындау үшін, оның мазмұнына үңіле қарап, тақырыбын белгілеп, кейіпкерлерін саралап алу керек; оқиғаны өрбіткен себептерді әбден түсініп, ондағы күрделі қарым-қатынасты жан-жақты бағдарлаған жөн.
Шығарманың образын терең талдау, идеясын анықтау арқылы автордың астарлы ойын айқындауға болады. Астарлы ой туындының мәнін ашады. Шығарманың мазмұны қалай ұғынылса, дауыс сазы да соған орай шықпақ, эмоциялық әсері де соған байланысты болмақ.
Мысалдар:
1. Жайлауда

Көбелек, көбелек, көбелек, Ай маңдай бар менің торпағым,


Сендермен көп ойнап не керек? Қасқыр жеп қояр деп қорқамын.
Одан да қозымды бағамын, Жібек жал, жел өкпе құлыным,
Көкорай шөбіне сағаның. Сүйсінер тарасам тұлымың.
Соңымнан қалмайды ақ лақ, Бәрімен доспын мен жайлауда,
Ақ лақ – ойыншыл сақ лақ. Өйткені шопанның ұлымын.
(Ғ.Жұмабаев)

Келтірілген мәтінде астарлы ой жоқ, бәрі дерлік анық, ашық, әр зат өз атымен аталған. Адамның, жан-жануарлардың тіршілік ордасы: табиғат, жәндік, төрт түлік төлдері, оған деген адамның қамқорлығы, оларды қасқырдан сақтау жайы сипатталған. Сондықтан бұл мәтіннің мазмұнын айналамызды қоршаған құбылысты, тіршілікті түсініп, түйсіну арқылы ашамыз. Тек кейбір атаулардың суретін аламыз.




2. Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де,


Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды...
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ...
(М.Әлімбаев)

Автор он саусақтың бірлігімен көп жұмыс бітетінін күнделікті өмір тәжірибесіндегі іс-әрекет арқылы бөбектердің көз алдына нақтылықпен көрсете отырып, егер жалғыз саусақ болса, еш нәрсе бітіре алмайтынын анық, дәлелді етіп айтады. Бұл мәтінді жазушының ойы «Бірлік бар жерде тірлік бар» - деген пікірді қоса білдіреді. Автордың мақсатты ойы балдырғандарды ауызбіршілікке тәрбиелеу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет