3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет47/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

3.2. Халық поэзиясын оқу

Халқымыз сәбидің өсуінің әр кезеңін халық жыр-өлеңімен қоштап, әлпештеп өткізуге қам жасаған. Халық жыры – баланың құлағына ең алғаш естілетін көркем шығарма сөздері.


Мазмұны жағынан халық жыры әр түрлі. Көбі бөбек туралы, оларға деген ата-ананың махаббаты, игі тілегі, қамқорлығы жайында.
Кішкентай бөбегі бар үйде «Бесік жыры» бүгін де ежелгі әуенмен айтылады. Қоңыржай әуенмен айтылған бұл жыр нәрестені уатады, ұйықтатады. Көбіне, бесік жыры баланы жеке уатуға арналады:

Әлди, әлди бөпешім,


Әлпештеген көкешім.
Тербетейін жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой!

Көптеген халық жырларында бөбектерге таныс төрт түлік төлдері, құстар, жәндіктер жайлы айтылады:




Құлан

Құр-у, құр-у құлыным,


Құрығыма түсе ғой.
Тазасын жеп сұлының,
Мөлдір судан іше ғой.


Ат

Қас жүйрікке балаймын,


Құйрық жалын тараймын.
Қарғып мініп мен атқа,
Барам сосын қонаққа.
(Ұ.Есдәулетов)


Ақ лақ
Ақ лақ – ау лақ,
Неге жүрсің маңырап?
Енең келсе өрістен,
Кетпекпісің жамырып.
(Әбу Сәрсенбаев)


Торғай

Торғай, торғай тоқылдақ,


Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Шиқ,шиқ етіп отырмақ


Қарға, қарға - қарғалар
Қарға, қарға - қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса, бүрсиіп,
Бұтаққа келіп қорғанар.
Көзден жасы сорғалар
Қар үстінде жем көрсе
Қапелімде қолға алар,
Екі шоқып, бір қарап,
Қысып кетсе қатты аяз
Деп «жолымды» оңғарар.

Халық жырларының мазмұны көбінесе көңілді, сергек болады. Осыған орай интонациясы да әр түрлі естіледі. Бөбектерге арналған жыр мен төрт түлік және оның төлдері туралы тақпақтарды ауызша айтқандағы интонациясы жылы леппен, мейірімді үнмен шығады.


Ермек тақпақтарын айтқандағы интонация көңілді, күлдіргі болуға тиіс.

1.Бас бармақ


Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шілдір шүмек,
Кішкене бөбек.
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаша!
Сен қойыңа бар,
Сен қозыңа бар,
Сен сиырыңа бар,
Сен түйеңе бар,
Сен құлыныңа бар.

2. Башайлар мен бақайды


Былай-былай атайды:
Басқы бақай,
Опай-сопай,
Атсыз атай.
Ерке тотай,
Құйттай шоқай.
Балалар да қарайды
Башпайларын санайды.
Басқы бақай,
Опай-сопай
Атсыз атай,
Ерке тотай
Құйттай шоқай.

Тәрбиеші халық жырын топта да, баланы жеке ойнатқанда да пайдалануына болады. Тәрбиеші күлдіргі тақпақтарды айтқанда, баланы ойната отырып, интонациямен де қимылмен де мәз-мейрам етіп, көңілдендіреді, күлдіреді.


Сәбилер тобында «Саусақтай балақан» тақпағын үйлесімді ырғақпен айтқанда мәз болып алақандарын соғады.
Кейбір жыр жолдарында сықақ-юмор да болады. «Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер» сөйлеміндегі «аппақ», «жұмсақ» сөздеріне екпін түсіріп, байыпты интонациямен айтқанда, бала оған езу тартып жымияды.
Балаларға арналған халық жырларын тәрбиеші мәнерлеп, жатқа айтуға тиіс. Оны бөбектер де сол естіген сазымен естерінде сақтап айтып жүретін болады.
Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді, өрнек-нақышы, эмоциялық бояуы, үні, дыбыс әуені, мәні, бүкіл бітім, табиғаты, ауызекі естілгенде ғана сыр-сымбаты жарқырап шықпақ, тереңірек танылмақ. Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген. Өлең сөздің құдіретті, күшті қасиетін бала бойына ерте бастан сіңіру, зердесіне жеткізу, құлағын қандыру көзделеді.
Жақсы өлең жақсы оқылмаса, оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз шығады.
Балаларға көркем образды нақтылап беру керек. Сәбилер тобының тәжірибесі әлі жоқ, айналадағы өмір тіршілігінен түсініктері әлі қалыптаспаған, сондықтан олардың ұғымына көрнекілік, тұжырымдылық қажет. Тәрбиеші-педагог шығарманы оқыр алдында балалардың оны қабылдау шама-шарқын ескереді, шығарма мазмұнын біртіндеп жетелей отырып түсіндіруді көздейді, басқа неге көңіл аудару керектігін белгілейді. Көркем образды нақтылауға, тұжырымдауға бақылау, картина, сурет, заттардың өзі немесе бейнелері пайдаланылады – бір сөзбен айтқанда тәрбиеші балалардың ұғымын кеңейтеді, сөйтіп көркем шығарма жанрын түсінуді жеңілдетеді.
Балдырғандарға арналып жазылған шығармалардың басым көпшілігі өлең-тақпақ, жыр түрінде келеді. Олар астына берілетін екі тармақ тақпақшадан бастап, лирикалық өлеңдер немесе қызықты сюжетке құрылған кітапшалар болады. Бөбектер үшін өлең сөзбен жазылған шығармалар мазмұны жағынан алуан түрлі. Өлең сөз ойға тез қонады. Өлең сөзбен жазылған шығармаларды мәнеріне келтіріп оқыса, балалар поэтикалық сөздің әуезін сезінеді, бірте-бірте қазақ сөзінің үндестік үйлесімін естіп құлағы үйренеді, жадына сақтайды.
Өлең сөздің музыкалық әуезі, мақамы, оның ырғағы баланың көркемдік талғамының дамуын тәрбиелейді және музыкалық әуенді естуге де құлағын үйретеді.
Сондықтан өлең сөздің ерекшелігіне, табиғатына көркем сөз оқитын тәрбиеші аса мұқият көңіл аударуы керек.
Поэзияға деген құмарлықты, ынтаны баланың сәби кезінен бастап тәрбиелеу керек. Өлең баланың есінде мақамымен орындалған әуезді күйінде қалуының маңызы зор. Өлеңді оқығанда, тәрбиеші оның мағынасын ғана емес, сонымен қатар ырғақ, әуенін де бере білуі міндет.
Балдырғандарға арналған санамақ, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі мадақтама, мазақтамалар да белгілі ұйқас өлшемімен, ырғақ қисынымен түрленіп келеді.
Ырғақ мақал, нақыл сөз, жұмбақтарда да бар, ал олардың ырғақтық құрылысы түрліше боып келеді. Өлеңді балалар тәрбиешінің ауызша айтуынан жаттайды. Әрине, кез келген тақпақ-өлеңді жаттау бір дәрежеде болмайды. Көлемі кішірек, мазмұны баланың жас ерекшелігіне сай жеңіл, түсінікті өлеңдер тез жатталады.
Көлемі шағын тақпақ, жұмбақ, мақал, жаңылтпаш, мазақтама, санамақтар – сәбилердің бірінші, екінші тобына, естияр, ересектер тобындағы жүргізілетін тәрбие жұмысында ұнатып қолданылатын шығарма түрлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет