3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет38/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Қасқыр мен кірпі

Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Бірақ, тұмсығы мен тамағы қанға боялып шыға келеді. Озбырлығын, қомағайлығын білдіргісі келмеген қасқыр кірпіге:


- Бетіңнен сүйейін деп едім, сен-ақ қырынбайды екенсің, - деп сылтауратады. Кірпі қылтықтарының арасынан біздей тұмсығын шығарып, сықылықтай күледі де:
- Асықпа, қасеке, сендердің азуларың түгел қағылып біткен күні мен де қырына бастаймын, - дейді.
Осы мәтіндегі «Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады», - деген сөйлемді алайық. Сөйлемде он сөз бар. Осы сөздердің әрқайсысының арасында бос орын бар. Сондықтан, сөйлем сөздерінің ара жігі айқындалып, бір-бірімен тіркесіп, араласып кетуден сақтап, түсінікті етіп тұр. Сөйлемді оқысақ та, жазсақ та қателеспейміз.
Ал осы бір сөйлемдегі он сөз оқылу барысында мынадай болып тіркесіп оқылады.
а) Орман шетінде;
ә) домаланып бара жатқан кірпіні;
б) аш қасқыр;
в) бас салады – делініп төрт тіркеспен қосылып оқылады. Ал әрбір тіркес арасында ешқандей тыныс белгісі болмаса да сәл кідіріс жасалып оқылады. Алайда, сол кідіріс сөйлемдегі сөздерді үзіліссіз бөлшектеуге кедергі келтірмейді. Сөз арасындағы қалған ашық жерлер тыныс алуды қажет етпейді екен де, бірақ сөйлем ішіндегі сөз мағынасын түсініп оқуға, сөйлем мағынасын түсініп оқуға, сауатты жазуға қажет екен.
Ал сөйлем ішіндегі тиісті тыныс белгілердің барлығына кідіріс жасала бермейді. Барлық тыныс белгілеріне кідіріс жасап оқимыз десек қателесер едік. Олардың негізгі қызметі сөйлемнің құрамын, қандай бөліктерден құрылғанын, ол бөліктердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынасын байқатады. Сөйлемдегі сөздерді, сөз тіркестерін бір-бірінен ажыратып тұрады. Сондықтан сөйлем ішіндегі барлық тыныс белгісі кездескен сайын кідіріс жасала бермей, тыныс белгілері тіркес арасына еніп кететін кездері де жиі кездеседі.
- Бетіңнен сүйейін деп едім (сен-ақ қырынбайды екенсің, - деп) сылтауратады.
- Асықпа, қасеке (сендердің азуларың түгел қағылып біткен күні, мен де қырына бастаймын, - дейді).
Осы сөйлемдердегі сөз тіркесінің арасында төл сөзден кейінгі үтір мен сызықша тіркесе оқылған сөз арасында қалады, ол жерге сәл де болса үзіліс жасалған жоқ. Немесе – асықпа, қасеке, дегендегі қаратпа сөз, «асықпа» деген сөзбен тіркесіп оқылып кетті. Бұдан шығатын қорытынды кез келген тыныс білгісіне кідіріс жасалатын орындарды дұрыс пайдалану қажет. Мұның өзі мәтінді мәнерлеп оқып беру мен әңгімелеп беру кезіндегі шығарманың мазмұн-мағынасына қарай қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі деп түсіну керек.
а) Әрбір сөйлем ішіндегі сөздер бірнеше тіркестен тұрса, оқу барысында әрбір тіркес сәл қысқа кідіріспен оқылады.
ә) Әрбір сөйлем белгілі бір ойды білдіріп тұратын болғандықтан мағыналық кідіріс жасалып, сөйлем аяғында біршама кідіріс жасалады.
б) Бірнеше сөйлем құралып, белгілі бір оқиғаны дәлелдеп, суреттеп, сипаттап тұрған абзац бітіп, екінші абзацқа ауысар жерде ұзағырақ кідіріс жасалады. Мұндай кідірістер абзацтың мән-мағынасына қарай психологиялық, логикалық болып келе береді. Абзацтан кейін ұзағырақ кідіріс жасаудың себебі тыныс алуды бірқалыпты дамытуға, дауысты шаршап-шалдығудан сақтауға көмектеседі. Тыныс алуды өкпемен ғана емес, диафрагмалық әдістерді қолдана отырып, кеуде кеңістігін кеңейтіп қабырғаның төменгі жағындағы бүлкілдек еттерді қоса қозғалысқа түсіріп тыныс алғанда, өкпеден қайтқан ауа мұрын қуысы арқылы сыртқа шығарылса өте пайдалы болады. Әрине, ол үшін үнемі оқитын мәтінді алдын ала даярлап, оқып жаттыққанда ғана жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет