Тыныс алу жаттығулары: «Ботқа пысты» мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. «пы-ых, пы-ых ,пы-ых» деп айту.
Бастапқы қалыпқа келу.
3-4 ЖАС
ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ КЕШЕНІ № 11
/доппен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Қол бүйірде, аяқтың ұшымен шеңбер бойымен жүру.
Қол бүйірде, өкшемен жүру.
Шеңбер бойымен жеңіл жүгіру.
Тізені жоғары көтере, қолды жан-жаққа сермей жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру. / сапқа тұрарда себеттен бір доп алу/
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Жоғары –төмен»
1. Аяқтары алшақ қойылған, доп қолда. Допты жоғары көтеріп, төбеге қарау«жоғарыда» деп айту. Допты төмен түсіріп, жерге қарау «төменде» деп айту. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Айдаһардың құйрығы»
2. Аяқтар алшақ қойылған, доп қолда. Оңнан – солға, солдан-оңға қарай бұрылу, әр бұрылған сайын « көрдім» деп айту. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Мергендер»
3. Аяқтары бірге. Доп қолда, денені тік ұстау. Оң жақ тізені көтеріп допқа тигізу «тиді» деп айту. Сол жақ тіземен кезек қайталау. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Аққу қанатын қақты»
4. Аяқтың ұшымен тұрып, доп жанда. Қолды жоғары-төмен «аққудың» қанаты сияқты жасау. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Доп қашты»
5. Аяқтарын біріктіру. Доп қолда. Орнында секіру. /10-15секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру.
Еркін жүру.(допты себетке қою)
Тыныс алу жаттығулары: «ұйқыдағы мысық» «п-ы-р, п-ы-р»деп айту. Мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
3-4 ЖАС
ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ КЕШЕНІ № 12
/құралсыз, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Қол бүйірде, аяқтың ұшыменшеңбер бойымен жүру.
Қол бүйірде, өкшемен жүру.
Шеңбер бойы бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Көбелек қонды»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Қолдары артта. Иыққа қонған көбелекті көру. басты оңға, солға бұру, «қонды» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Резеңке»
2. Тік тұру керек, аяқ иық деңгейінде, оң қолды жоғары көтереді, сол қол төмен түсіреді, шұғыл қимылдап, қолдарды кезек сермейді.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Тарсылдақ»
3. Аяқтары алшақ, қолды төмен түсіріп, тік тұру керек, қолды алға - артқа шапалақтай сермеу керек. (6- рет қайталау.)
Б. қ.: «Көңілді пингвин»
4. Өкшелерін беттестіру арқылы пингвиннің жүрісін көрсету. Қолдары жанда пингвиннің қанатын жасау. Орнында тұрып айналып жүру.
/10-15секунд/
Б.қ.: «Акробат»
5. Орнында тұрып, аяқты артқа қарай тізеден бүгіп кезектесіп секіру.
/10-15 секунд/
Қорытынды:
Шеңбер бойы тізені жоғары көтере жүру. Еркін жүру.
Тыныс алу жаттығулары: «Отыншы» - аяқтың ұшымен иық деңгейінде қойып, саусақтарын іліндіріп қолын желкеге ұстау қажет; аяғын түсіріп, қолдарын аяқ арасына жіберіп, алға қарай еңкейеді, демін тез ішке тартып кері шығарады, яғни балалар ағаш шауып жатқан тәрізді болады. (ту-у-х, ту-у-х)
Бастапқы қалыпқа келу.
Достарыңызбен бөлісу: |