Бастапқы қалыпқа келу. 3-4 ЖАС ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ КЕШЕНІ № 4 /орамалмен, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі: Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
«Үйректің балапаны» - кеудені алға қарай еңкейте отырып, өкшемен жүру.
«Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру.
«Сайқымазақ» - басты бұра жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру. /сапқа тұрарда себеттен бір орамалдан алу/
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б. қ: «Мазақтау» 1. Аяқтары алшақ қойылған , орамал қолда. Басты оң жақ, сол жақ иыққа қою. «А-я-я-я-й» сөзін айту. /6 рет қайталау/