Б.қ.: «Қу түлкі»
3. Денені тік ұстау. Орамал қолда. Түлкінің жүрісін салу. /5 рет қайталау./
Б. қ.: «Шеңберлер»
4. Тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қояды, орамалды жоғары көтеріп, саусақтарды айқастырады, 1 - есебінде денені еңкейтіп, қолды солға бұрады, 2 - дене мен қолды алға еңкейтеді, 3 - оңға, 4 - артқа. (қолды желкеге қоюға болады)
Б.қ.: «Маятник»
5. Тік тұрып, аяқты бірге ұстайды, денені солға еңкейтеді, оң қолдағы орамалмен қабырғаны, сол қолдағы орамалмен саннан тізеге дейін сипалайды, дәл осылай екінші аяқпен жасалады. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Шегіртке»
6. Аяқты біріктіріп ұстау. Орамал белде оң және сол аяқпен секіру . /10-15секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру /орамалды себетке салу/ .
«Қуғыншы» - 1.5-2 минут бойы үзіліссіз жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: Тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды төмен түсіреді, қолды кезекпен - кезек алмастырады, еркін дем алады .
Достарыңызбен бөлісу: |