Б.қ.: «Тіземен дөңгелек жасау» 4. Кеуденің жоғарғы бөлігін сәл еңкейіп, қолдарын тізеге қою; тізесін бүгіп солға қарай (сағат тілімен), одан кейін оңға қарай (сағат тіліне қарсы) дөңгеленіп айналады. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Секір, жүгір» 5. Орнында тұрып, қол белде 8-10 рет секіріп, жүру. /6 рет қайталау./
Қорытынды: Шеңбер бойы табанды жерден алмай жылжымалы қадаммен жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жай жүгіру .
Тыныс алу жаттығулары: Тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.
Бастапқы қалыпқа келу. 3-4 ЖАС ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ КЕШЕНІ № 6 /лентамен, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі: Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Қол белде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол жанда, аяқтың ішімен жүру.
Көгершінге ұқсап ұшу .
Шеңбер бойымен адымдап жүру.
1 сапқа тұру. / сапқа тұрарда себеттен екі лентадан алу/
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.