Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Сағаттар»
1. Аяқтары алшақ , таяқша белде. «Тик-так» сөзін айтып басты оңға, солға қозғалту. / 6 рет қайталау/
Б. қ.: «Су тасушы»
2. Аяқтары алшақ қойылған, таяқша иықта, иықты кезек көтеру.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Терезе»
3. Аяқтары алшақ қойылған қолға таяқшаны алып, аяқты айқастыра тұрып, денені оңға-солға бұрады./6 рет қайталау/
Б.қ.: «Атлет»
4. Аяқтар алшақ қойылған, таяқша кеуде тұсында.1- отырады, арқаны түзу ұстап, екі қолмен таяқшаны алға қарай көтереді, тұрып қолды төмен түсіреді. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Құтқарушы таяқшасы»
5. Аяқтарын алшақ қою, таяқша кеуде тұсында; екі қолмен таяқшаны ұстап, серіппелі қимылмен отырып - тұру. (6 рет қайталау).
Б.қ.: «Велосипедші»
6. Аяқтарын алшақ қою, таяқшаны бел тұсында ұстау; 10 рет маршпен жүру,
Қорытынды:
4 лектен (колонна) бір саппен шеңбер бойы жүру /таяқшаларды үстел үстіне қою/ Маршпен жүру.
Достарыңызбен бөлісу: |