№3 басылым орнына


-8 -дәрістер. 1905 – 1907 жылдардағы қазақ баспасөзі



бет9/42
Дата18.12.2021
өлшемі475,5 Kb.
#102991
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Байланысты:
76fcec2b-9197-11e3-8e6b-f6d299da70eeКазжуртар мет материал

7-8 -дәрістер. 1905 – 1907 жылдардағы қазақ баспасөзі.

4.1 “Искра” газеті

4.2 “Қазақ газеті”.

4.3 “Серке” газеті.

1905-1907 жылдардағы бірнеше орыс буржуазиялық революциясы көпшіліктің саяси санасын шыңдаған мектеп болды.Соның нәтижесінде тарихта тұңғыш рет жұмысшы мен шаруа одағы бірлесіп, өздерінің ортақ жауы-патша самодержавиесіне қарсы күреске шықты.

Революция жаңғырығы Қазақстан даласына да жетті. Верный, Әулиеата қалаларының, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Семей, Петропавл темір жол стснцияларының жұмысшылары мен демократиялық ниеттегі еңбекшілері патша үкіметінің озбырлығына наразылық білдіріп, ереуілдер жасады.Орынбор, Ташкент, Түркістан, Перовск, Жосалы, Шалқар стснцияларында жұмысшылар жұмыс күнін қысқартуды, экономикалық жағдайларды жақсартуды талап етті.Кей жерлерде жұмысшылар жаппай жұмысқа шықпау шараларын ұйымдастырды.Сөйтіп, қазақстандықтар да Бүкілресейлік стачкаға қосылды.

Патша үкіметінің қатаң талап қойып, жіті бақылау жасауы Ресейге марксизм идеясының таралуын тездетті, нәтижеде ол қазақ даласына да кең тарала бастады. Бұл бағытта күнделікті баспасөз үлкен рөл атқарды. Ол революциялық қозғалыстың мақсатын, сондай-ақ жұмысшылар мен шаруалар арасындағы қарым-қатынасты түсіндірумен болды.Соның бірі-жалпыорыстық, большевиктік “Искра” газеті.”Искраны” Ұлытау, Атбасар, Есіл, Ақмешіт маңына, Қарсақпай жұмысшыларына алғаш таратушылардың бірі-Иван Деев пен Сабыр Шариповтар екені тарихтан мәлім.Сабыр Шарипов пен Иван Деевтің көбіне-көп паналаған ауылы орта жүздің Бағаналы елі болған. Бұл елдің сауатты азаматтары “Қазақ” атты Ахмет Байтұрсынов басшылық еткен газетті шығаруға да атсалысқаны деректерден таныс.

“Искраның” тілшілері Ресейде ғана емес, Қазақстанда да болды. Олар қазақ халқының ауыр тұрмысынан хат-хабар, мақала жазып тұрды.Айталық, “Искра” 2-нөмірінде “Ұлы Сібір магистралы бойында” деген авторы көрсетілмеген хат жарияланды. Онда темір жол қоғамы шонжарларын тіс қаққан қасқырларға теңеп, олардың нағыз жыртқыштық бейнесін ашты.

1905 жылы қазан айының аяқ шенінде Петербургте шыққан “Новая жизнь” газеті де қазақ даласына орналасқан әскери бөлімдерде де толқулар болғанын, ол толқулар Ташкент, Жаркент тағы басқа гарнизондарды қамтығанын жазды. “Новая жизнь” газеті 1905 жылғы 1-желтоқсандағы нөмерінде Орал облысы қазақтарының ауыр халі жөнінде корреспонденция жариялап, патша өкіметінің отарлау саясатын сынады.

Қазақ газеті”.

Ол 1907 жылдың наурыз айында жарық көрді. 2-ақпанда бірінші (пробный) нөмері шықты, газет орыс және араб әріпімен екі тілде, яғни орысша, қазақша жарық кһрді. Редакторы еврей Хаим Сосновский, бастырушысы Қостанайдың қазағы Ешмқханбет Иманбаев болды. “Қазақ газетінің” материалдарынан байқалғандай революцияшыл бағытты қолдады. Ондағы мақсат самодержавиені құлату, буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен бостандық үшін үгіт-насихат жүргізу болды. Бұл оның прогресшілдік рөл атөаруды көздегені байқалады.Патша үкіметі шет аймақтардағы ұлттардың наразылығын күшейтеді-мыс деген сылтаумен “Қазақ газетін” бірінші нөмерінен бастап мүлде жабуының өзі біраз жайды аңғартса керек.

Серке” газеті.

“Серке” газеті –1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі. “Серке” газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып, Петербургте шығып тұрған “Ульфат” газетіне қосымша ретінде Шәймерден Қосшығұловтың басқаруымен, Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан. Патша орындарының рұқсаты бойынша алғашқыда екі жетіде бір шығатын болып ашылса да, бірақ “Серкенің” екі нөмері ғана шығып, тоқтап қалған. Жазылу бағасы бір жылға 2 сом, жарты жылға 1 сом 25 тиын, жеке саны 10 тиын. Газеттің шығуы жайында Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында Ш.Қосшығұловтың айтуымен жазылған қолжазба бар. Ол жазбада “Серке” газетінің 3-4 нөмірі шығып тоқтағанын, “серке” сөзінің мағынасы боранда қой бастайтын көсем мағынасында қоланылғаны туралы айтылған. Газеттің жабылу себебін тиісті орындардан сұрағанда, олар: “Серке” газетінде кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жауап берген.

Ал, бүгінгі таңда бұл газеттің жабылуына басты себеп белгілі ақын-журналист М.Дулатовтың “Жастарға” атты өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” деген мақаласының жариялануы болды деген дерек бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет