3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты


1. Заманауи білім беру технологияларының түрлеріне тоқталыңыз



бет19/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Заманауи

20
1. Заманауи білім беру технологияларының түрлеріне тоқталыңыз
Жаңа білім берудің мақсаты-терең білімнің негізінде еркін бағдарлай алатын,өзін дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Басқа салалар секілді, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне де тың технологияларды енгізуге үлкен мән беріліп жатыр.
Қазіргі таңда 50-ден астам жаңа технологиялар белгілі. Біз солардың ішінде төмендегі оқыту технологияларына тоқталамыз:
— дамыта оқыту технологиясы;
— деңгейлеп оқыту технологиясы;
— дуалды оқыту жүйесі;
модульдік оқыту технологиясы;
— қашықтықтан оқыту технологиясы;
— проблемалық оқыту технологиясы.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты — сынып оқушыларын қабілетті, қабілетсіз деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы 3 деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда үлгерімі төмен, баяу оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? — деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы — оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылатын рейтинг — ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай — балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды [19].
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
— оқушының ынталандыруға;
— оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
— оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
— баға әділдігіне;
— білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет