3-дәріс Солтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері Солтүстік жарты шар материктерінің жер бедеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар


Солтүстік Американың геологиялық-тектоникалық құрылымы мен жер бедері



бет3/3
Дата21.09.2022
өлшемі22,34 Kb.
#150226
1   2   3
Байланысты:
Лекция мәтіні
Келіссөздер және іскерлік жиналыстар туралы Скачать Реферат, Келіссөздер және іскерлік жиналыстар туралы Скачать Реферат, менеджмент, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.10-сынып. 2-бөлім, О ушыларды о у мотивациясын зерттеу, Қысқа мерзімді жоспар Әдебиет Д.Исабеков "Әпке" драмасы
Солтүстік Американың геологиялық-тектоникалық құрылымы мен жер бедері. Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым, таулар материктің 1/3 бөлігін алып жатыр. Материктің жазықтары ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде бұл бөлікте Канада Арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған Орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігін Кордильерге қарай баспалдақ тәрізді біртіндеп биіктейтін, кең алқапты Ұлы жазық орналасқан. Ұлы жазық таудан басталатын өзен аңғарларымен күшті тілімденген. Материктің 400 солтүстік ендікке дейінгі солтүстік бөлігін бірнеше рет жаппай мұз басқандықтан, жер бедерінде мұздықтармен өңделген үлкен жартастар, “қой маңдай” тастар, мұздықтар қазған қазан шұңқырлар көптеп кездеседі.
Ірі қазан шұңқырларды алып жатқан мұздық-тектоникалық көлдер жүйесі бір-бірімен қысқа өзендер арқылы жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп, тасымалдаған жыныстармен (мореналар) жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жапқан. Теңіздік шөгінді жыныстар жағалау жазықтарына тән.
Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктіктегі таулар орналасқан, оларға Канада Арктикалық архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы және Аппалач таулары жатады.
Солтүстіктегі таулар мұздықтардың әсерінен өте күшті тілімденген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғарлары ұзына бойы да, көлденеңінен де кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте ұқсас: тау беткейлері көлбеу, шыңдары күмбез тәрізді жұмыр болып келеді.
Материктің батыс бөлігін бойлай Жер шарындағы ең ұзын тау жүйесі болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда “тау жотасы, тау тізбегі” деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильер бір-бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. “Сьерра” испан тілінен аударғанда “ара” деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Сьерра-Невада, Сьерра-Мадре жоталарындағы қатар орналасқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің аралығын өте үлкен көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр.
Кордильердің биік бөлігі (Мак-Кинли, биіктігі 6194 м) оның солтүстігінде орналасқан, мұнда таулар қалың мұз жамылғысымен жабылған. Мұздықтардың кейбіреулері тау етектеріне дейін төмен түсіп, теңіз жағалауларына тіреледі.
Кордильера екі литосфералық плитаның түйіскен жерінде түзілген тау жүйесі болғандықтан жер қыртысында көптеген терең жарықтар пайда болған. Олардың бойында сөнбеген жанартаулар тізбегі орналасып, күшті жер сілкінулер жиі байқалады
Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың (темір, мыс, никель және т.б.) кен орындары кең таралған. Орталық және Ұлы жазықтардың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Аппалач пен оның тау бөктерлерінде темір мен тас көмірдің бай кен орындары бар. Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мұнай, газ, тас көмірмен қатар, магмалық жолмен түзілген түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет