3. Салық құқығының қайнар көздері:
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салықтық құқық ұғымы, әдістері?
2. Салықтық құрылым, салықтық жүйе және салықтық міндет дегеніміз не?
3. Республикамыздың салық заңдарына сипаттама?
4. Салық құқығының құқық жүйесінде алатын орны қандай?
Әдебиеттер:
1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
3. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
4-дәріс. Салықтық – құқықтық нормалар.
Мақсаты : Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған, дәріс сабағында салықтық-құқықтық нормалар белгілері, құрылымы мен түрлеріне сипаттама берілді. Студенттер семинар сабағында салықтық құқықтың негізгіжәнетуынды нормалары туралы мәселелерді қарастырғандары жөн.
Мазмұны:
1. Материалдық және ұйымдастырушылық нормалар.
2. Салықтық құқықтың негізгі және туынды нормалары.
1. Материалдық құқық — қоғамдық қатынастардағы түрлі мәселелерді тікелей реттеуге бағытталған нормалар жиынтығы. М. қ. нормалары меншік түрлерін, тұлғалар мен мүліктің құқықтық жай-күйін белгілейді, мемл. органдардың құрылу тәртібі мен құрылымын анықтайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушыны жауапқа тарту негіздері мен жауаптылық мөлшерін, т.б. бекітеді
2. Қазіргі салықтық құқықтық қатынастар теориясы мен практикалық мәселелері бүгінгі қоғам дамуының және Өркениетті салық салудың талаптарына сай салықтық құқықтық қатынастар жүйесін жаңадан құрудың экономикалық-құқықтық үлгісін айқындап, әрі ғылыми негіздей отырып оны тиісті заңнамалық актілер жүзінде бекітудің қажеттілігін мақсаттап, нысаналауда.
Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың бюджет жүйесі деңгейлеріне тигізетін мүліктік-заттай ықпалы мемлекеттік билік органдарының өзара байланысы жүйесіндегі құзыреті шегінде және бюджеттік құрылыс ішінде жүзеге асырылады. Егеменді Қазақстан Республикасының биылғы қаржылық қауқары «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында бекітілген республикалық бюджет кірісі 1436 156 251 мың теңгені құрағаны көпшілікке мәлім. Оның ішінде салықтық түсімдерден 1 958 638 496 мың теңге түседі деп көзделген. Материалдық салықтық құқықтық қатынастар әлеуеті осындай жағдайда ұтымды әрі айқын көрініс тапқан сияқты.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 47, 48 және 49-баптарының 1-тармағының 1) тармақшаларында облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салықтық түсімдер ретінде:
а) облыстық бюджетке: 1. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 2. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; 3. қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем; 4. облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автокөлік жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым; 5. Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін төлем; 6. жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 7.орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 8. жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем белгіленген.
ә) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне: 1. жеке табыс салығы; 2. әлеуметтік салық; 3. жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; 4. жер салығы; 5. Бірыңғай жер салығы; 6. жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, сондай-ақ нақты акциздер, төлемдер және алымдар белгіленген.
б) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне: 1. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 2. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; 3. жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; 4. жер салығы; 5. бірыңғай жер салығы; 6. жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, сондай-ақ нақты акциздер, төлемдер және алымдар белгіленген.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салықтық-құқықтық нормалар дегеніміз не?
2. Салықтық-құқықтық нормалардың белгілерін атаңыз.
3. Оларды қалай топтастыруға болады?
4. Салықтық-құқықтық нормалардың құрылымына сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
5-Такырып: Жанама және тікелей салықтарға сипаттама.
1 .Тікелей салықтар және жанама салықтар
Салықтардың анықтамасы; мәні және мазмұны жоғарыда айтылған болатын. Оған тоқталмай, енді салқтарды топтастыру туралы айтып өтеміз.
Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
1) салық салу объектісіне байланысты;
2) қолданылуына қарай;
3) салық салу органына байланысты;
4) экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5) салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы)болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы)салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы)нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материялдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судъялар табыс етеді.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық соммасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1) кассалық;
2) есептеу әдісі;
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оның Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың,салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:
1. корпорациялық табыс салығы.
2. жеке табыс салығы.
3. қосылған құн салығы.
4. акциздер.
5. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлімдері.
6. әлеуметтік салық.
7. жер салығы.
8. көлік құралына салынатын салық.
9. мүлікке салынатын салық.
2. Алымдар:
1. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2. жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 3. жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4.радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6. теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
8. дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені алым үшін.
9. автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10.аукциондардан алынатын алым.
11.елтаңбалық алым.
12.жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым.
13.телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радио жиелік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар:
1. жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ақы.
3. қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлемақы.
4. жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4. Мемлекеттік баж.
5. Кеден төлемдері:
1. кеден бажы.
2. кеден алымдары.
3. төлемақы.
4. алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комиттеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық» және «салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда-бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде-экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу)процесі.
Жанама салықтар – жоғарыда атап өткендей, баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздердің, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені: олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с.
Алайда тұтынуға салынатын салық өсуінің кемшіліктері де бар, бұл кемшіліктерге олардың инфляциялық және регресифтік сипатын жатқызуға болады. Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың теріс әсерін жауып кетеді. Егер баға өсетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да өсетін болса, онда бұл салықтардан түсетін түсімдер бағаның өсуімен көбейтетін болады. Бұл әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қаражаттар алуға мүмкіндік береді. Бюджет жүйесіне инфляцияға қарсы автоматты механизм кіріктірілетін болды.
Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың болатының есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында,тұралаушылықты - өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда – салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай жағдайда қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде оны әлеуметтік қолдануды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлгіштік процестегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай практиканы қолдап отырады.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы еңгізілген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу Личный кабинет Сбербанк Онлайн - это удобное управление банковскими счетами дистанционно, с любой точки мира где есть интернет.
.
6-дәріс. Салықтық міндеттеме.
Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған, дәріс сабағында салықтық міндеттеме туралы жалпылама сипаттама берілді. Студенттер семинар сабағында міндеттемені орындау салдары, салықтық міндеттемені тоқтату негіздері туралы мәселелерді қарастырғандары жӛн.
Мазмұны:
1.Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері.
2.Салықтық міндеттеменің тоқтату негіздері.
3.Салық салу аясындағы мемлекеттік басқару.
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:
1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың банк шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
1-1. Егер салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;
осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611-613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында
көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
3. Салық берешегі өтелмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшерде салық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылмайды.
3-1. Осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:
1) салық төлеушіні сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалған кезден бастап;
2) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты мұндай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.
3) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:
банктерді, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот іс қозғаған күннен бастап;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
4. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
5. Cалық төлеуші (салық агенті) айыппұлдар сомасын төлемеген жағдайда осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде салық төлеушіні (салық агентін) хабарландырмай-ақ қолданылады.
6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында және кассасында салық берешегін өтеу үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға қолданады.
Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қолданылғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде қолданады.
7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
2. 1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:
1) қайтыс болғанда;
2) күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.
2. Дара кәсіпкердің салық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.
3. Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:
1) таратылғаннан кейін;
2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.
3.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салықтық міндеттеме дегеніміз не?
2. Салықтық міндеттемені орындау уақыты дегеніміз не?
3. Салықтық міндеттемені орындау тәсілдерін атаңыз.
4. Салықтық міндеттеменің тоқтатылу негіздері?
Әдебиеттер:
1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
7-дәріс. Салықтық бақылау.
Мақсаты : Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған, дәріс сабағында қаржылық бақылаудың бір түрі болып табылатын салықтық бақылау туралы мағлұмат берілді. Студенттер семинар сабағында салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану тәртібі, салықтық тексеру актісі және оның маңызы жӛніндегі мәселелерді қарастырғандары жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: |