3 І тарау. XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай


ХVІІІ ғасыр басындағы саяси тарихы және қазақ тілі



бет2/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,64 Mb.
#5412
1   2   3

1.2.ХVІІІ ғасыр басындағы саяси тарихы және қазақ тілі.

Жер шарындағы екі мыңнан астам үлкстардың қай-қайсысындағы сияқты қазақ халқының да ұлан-қайыр тарихы мен діні, тілі бар. Казақ халқының өткеніне көз жіберсек, қаншама кемеңгерлерін, қоғам қайраткерлерін, ғалымдарын көреміз. Хал-қымыздың тарихын терең білуде өте ерте заманнан мағлұмат беретін археологиялық этнографиялық және антропологиялық материалдрамен қатар осы уақытқа дейін жеткен аңыздар мен жырлардың маңызы зор екені белгілі.

Түркі қағанаты мен сонау қараханидтер, қимақтар, қыпшақтар т.т. мемлекеттер дәуірінде Қазақстан мен Орта Азияда көптеген қалалардың пайда болуымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Орта ғасырлар заманында әлемге аты белгілі болған Әбу-Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласеғұн, Мұхамед Хайдар Дулати, Қорқыт ата ?да Ахмет Яассауи сияқты көптеген кемеңгер ғалымдар шықты. Сөйтіп, біздің халқымыздың әлемдік өркениетке хал-қадірінше үлес қосқанын мақтанышпен айта аламыз.

Ал Казақстанның егеменді ел болып, тәуелсіздік алуын ең алдымен өз тарихын терең оқып білуге жол ашты. Соның нәтижесінде тіпті біржола ұмыт болып бара жатқан ардагерлеріміздің айы қайта оралып отыр. Бұл бүкіл халқымыздың әсіресе жастарымыздың, өткенімізді білуте, тарихи ұлттық мақтаныш етуге, олардың өшіп бара жатқан ұлттық мақтанышын оятуға әсер ететіні сөзсіз. Мысалы Жоңғар шапқыншыларына қарса көп жылдарға созылған азаттық соғыс кезінде аттары аңызға айналған батырларды, билерді, хандарды дүниеге келтірді.

Солардың Ішінде ерекше орынға ие болған Қаракесек Қабанбай қанжығасын Бөгенбай шайырашты Наурызбай, қойгелді батыр, Ақпан батыр сияқты басқа да ондаған батырларды егеменді ел болғаннан кейін ғана көпшілік қауым біле бастады. Сондай-ақ қазақ жонғар шапкыншыларға қарсы үш жтздің біріктіріп бір бысшыға бағынуды ұйымдастырған Төле би Қаз дауысты Казыбек би, Әйтеке билер өз заманының нағыз белсенді көсемдері екендігінде дау жоқ, және ешқандай күмән келтіруге болмайды.

Тәуке ханның Төбе биі болған Төленнің ойы бойынша саяси биліктің ең жетілген түрі сұлтандардың емес, билер кеңесінің шешіміне сүменген хандық билік деп тұжырымдайды. Төле биге бай күт емес би кұш", "Қабырғадан қар жауса атан мен нарға күш ел шетінен жау келсе, батыр менен биге күш-деген енегелі ойларын айтуға болады. Ел басылары үкімі билердің ақыл кеңесіне зер салып ықыласпен тыңдап іске асырса ғана нәтижелі болатыны айғақ.

Жолан батыр жайлы көбірек айтудың себебі оның әкесі Төле жау калына аманатқа жібереді.

Мұны тек халқын сүйген адам ғана орындауы мүмкін. "Біздің айқас - азаттық үшін айқас. Алла біздің жағымызда" - деп жұртты жігерлендіріп ел азаттығы тәуелсіздігі үшін күресі. Төле бидің бұл арманы 300 жыл өткен соң ғана іске асып отыр.

Ілгері заманда адамдар өзінің ой пікірін аңызша сөйлеу, яғни өлең жыры мақал-мәтел т.т. арқылы жеткізіп отырғаны белгілі. Сондықтан да қазақ елінің осы сияқты сөз құралдарын кең пайдаланып өнерге айналдырып отырған шешендер билер т.т. с.көп болған. Бұлардың айтқан сөздері адамның жан жүйесін сүйсіндіріп те, күйіндіріп те тітіркендіріп те, ақыл-ойын, сана
сезімін оятып та, тапқырлығын арттырып та отырған. Сондай-ақ бұлардың нақыл сөздерінен адам жан дүиесіне тән мінеа фенотика темперамент генотив қабілет сияқты ұғымдарға жеткілікті жауап болады.

Төле би заманында киелі әулиелерге ырым ету, сыйыну, табыну, кажылык ету, ырымшылдык, бас июшілік, түске сену, кыдыр дару, кыдырлы адам деген үғымдарға сену кең орын алды. Арыстаа бап, Ахмет Иассауи, Меккеге кажылық ету т.т. дәсттр-ге айналған. Тәуелсіз егеменді ел болғалы әулиелерге сыйыну, ата-бабалардың әруағын еске алып, күрметтеу әдет-гүрпымызға кайтаю еніп келеді.

Мысал ретінде Теле бидің үстаздық, ел түзушілік кызме-тін, жастарға тәлім-тәрбие беруін өзі тәр£иелегі өеірген Кой-гелді батырдың озык жағына да, оішк жегізер аңғалдығына да әдІя төреші балғаны - көргендік, үлгі.

Төле бидің философиялық көзқарасы ерекше бір дүние. Тәуке хан мен Төле би сұхбатынан айқын көрінеді. Бұл мәселе, Тәуке ханның Төле биге қойған "білімнен ұят күшті" деген сұрауы оған берген Төле би жауабының, оның философиялык, психологиялық көз қарасының қалыптасуын көрсетеді.

Осы сияқты "Ерді-намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді", "Қорқақ күнде мың өледі, ер адам өмірінде бір өледі" деген сияқты мақал-мәтелге айналған сөздердің қандай философиялық мәні бары белгілі.

Төле би - кеп оқыған, білімін өз бетімен шыңға көтерген ерен туған дара тұлға. Жалпы Төле би жаратылысында, Іс-әрекеті де жау қандай күшті болса да оған қарсы қояр күшті, ақыжен жеңуді іске асыруды ойластырып отырған. Соның бір мысалы, Жоңғар шапқыншылары елге шабуыл жасағанда күшпен 1 карсылық көрсетіп, елін қырғыннан сақтаудың мүмкіндігі болмағанына көзі толық жеткен соң, ақылмен ел сақтауды ойластырады. Ол үшін шығыс халықтарының әдет-ғұрыптарына, сеніміне сүйенеді. Ерте замандары "Шығыс халықтары, қарлығашты әулие құс санайтынын білгенді. Осы білімі шабуылдың алғашқы күндерінде-ақ жоңғарлар сеніміне ие болуға мүмкіндік берді. Осы окиға мынадай жоңғар шапқыншылары келіп қалғанда Төле би үйден шыкпай отырады. Неге шықпадың - деп сұрағанда Төле би: - мен тастап кетсем мына қарлығаш ұясы бұзылып қарлығаш балапанымен қырылуы мүмкін, - деп жауап қайырады. Мұны естіген жоңғар басшылары: "Бұл кісі әулие екен тимеңдер",-дейді. Сөйтіп, Төле би олардың сеніміне кіреді. Олардың бодауында болса да, қазақ халқының егемендігін -сақтауға барлық күшін салады. Осыдан бастап өзбек ағайындар Теле биді "Карлығаш әулие" деп атап кетеді. Олай болса көне заманнан бергі Казакстан Мемлекеттік баскаруының саяси тарихын колға алатын уакыт жетті. Ол тарихта ерекше орын алатын Іоңғар басшыларымен соғысып» елді біріктіріп, біртұтас ел етіп, азаттыққа күш салған саяси қайраткерлердің білу ретінде тарихи белестері баска да саяси қайраткерлердің Қазақстан тарихында алатын орнын нақтылай өнегелі әңгіме етуіміз керек. Қазақстандағы сол ХVII-ХVIII ғ,. билер: Төле, Қазыбек, Әйтеке: хандар: Тәуке хан Абылай хан т.т..Олардың іс-жтзінде асырған сыртқы және Ішкі саясаты халықты біртұтас ел етудегі ролі ерекше де, үлгі-өнеге боларлық та.

Сомдаған болат сияқты түтас ұзақ, - деп Қазанғап ақын шабыттана жырлаған Төле бидің өмір жолы, өскен ортасы, тәлім-тәрбиесі мен мінез ерекшелігі, қоғамдық-саяси қызметі мен дүниетанымы оқырман қауымды ежелден қызықтырып, тәнті етіп келгені мәлім. Бірақ щінішке орай, жетпіс жылдан астам уақыт үстемдік құрған әкімшіл әміршіл саясат еңсемізді езіп, еркін ойлауға мүмкіндік бермеді, қайта ата-бабамыздың тарихынан біржола қол үздіріп, тектілігіміз бен болмыс бітмімізді,ұлттық психологиямызды ұмыттырып» одан жеріндіру үшін түрлі әдіс-айла қолданды.

Ендігі жерде ғасырлар бойы армандап, Әзер жеткен еркіндігіміз бен теңдігімізді баянды ету үшін күресуіміз керек. Қасақана өңі айналдырып, бтрмаланып келген ата тарихымызда енді шындық көзімен қарап барымыз бен жоғымызды түгендеуге, әсіресе қиын-қыстау сын кезеңінде келер ұрпақ болашақ үшін басын қатерге тігіп жерімізді, елімізді жаудан, даудан қорғаған көреген хандарымыз бен билеріміздің, дулығасы батырларымыздың ерен ерлігін құрметтеп, қастерлеуге, өткен тарихымызды жақсы білуге міндеттіміз.

Ата-бабаларымыздың өмір жолы айсыз түнде адастырмай алға бастар жарық жүлдыз десек„ сол жарық жұлдырдарымыздың бірі -Төле баба екені аян, "Жазулы болып өзінен дайынды. тарих қалмағанымен" ұлы баба туралы азын-аулақ архивтік мәліметтер, ел жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып жеткен құнды деректер баршылық.

Ең алдымен бізді:"Төле бидің ата-тегі кім еді?"деген сұрақ қызықтырары анық.

Қазақ республикасы энциклопедиясында: "Теле би-Дулат тайпасының жаныс руынан. Тоғыз ұлды ҚұдайбердІ әулетінен Төлеге дейін байда би де шықпағанолар "қарашоғыр" атанған қара шаруа болған",- деп жазылған. Бұл мүлде жаңсақ пікір. Әділетіне жүгінсек, Төле би - атақты билер әулетінің ұрпағы. Қазанғап ақынның: "Он бір ата үзілмей, билігінің жанасы",-деп жырлауында шындық бар.

Төле бабаның арғы арасы - Бақтияр сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем. Жұрттан асқан жомарт, Әділ би болған. Оның есімі бүкіл үйсін ұлысының ұрпағына айналған.



Төле бидің Бақтиярдан кейінгі бабасы Ақарыстан - Хейді би, Кейкі биден - Төбей би, Төбай биден - Майқы би тараған. Майқы би өз заманында Шыңғыс ханның бас уӘзірі болған. Ш.Уалиханов "Қырғыз-қайсақ үлкен ордасының ертегілері мен аңыздары" деген еңбегінде Майқы бидің үлкен орда ру басы және Шыңғыс хан замандасы болғанын жазады. Шыңғыс хан жорыққа кеткенде, ол хан ордасында билік жүргізіп, түйінді мәселені өзі шешіп отырған. Аяғы ақсақ болуына байланысты күймеге мініп жүрген. Батыр есебінде Жошы әскерінің оң қанатын басқарған. Алаш ханды ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтерген деп Майқы деседі.

Майқы би көп жасаған жеті ханды қолымен өткеріп, бар ғұмырын халық келешегін ойлаумен өткізген. 120 жасқа жеткенде үш жүздің таңбаснн таратқан. Ұлы жүзге ту ұстатып, орта жүзге қауырсын, кіші жүзге найза берген. Осы бөлістен соң Майқы би туралы "Хан біткеннің қазығы- бұқара жұрттың азығы деген мәтел кең тарап кеткен.

Төле би және оның дәуірі

Бұл қазақ қауымының өміріндегі ең ауыр да қасіретті кезең. Оны ұмытуға қақымыз жоқ ешқандай.

Бүгіннің биігінен қарап, каншама құбылтып, қақпақыл ой-натқанмен тарихтың аты тарих. Оны әрбір қоғамдық құбылыстың ығына жығып қолжаулық етіп қанжығасына байлап қиянат құрығымен қылғындырып, қайта жазуға ешкімге дә құқ берілмеген. Тарихтың тәлімін көкейге түйіп ащы сабағын алмағанымыздың ықсуатын көріп, жазырын тартып келеміз. Оның болмасыз баттері талай шындықты алға тартып, келеңсіздіктерге көз жеткізеді. Сөз ығыты келгенде айтқан абзал, біз өткенімізді Батыс араб парсы мен қытай-жапон деректерімен салғастырып, бағалағанда ғана көп беймағлұм жайлардың ақтаңдақтары ашылады, деп ойлаймын.

Бір кездері қыр үстін каһарымен тітіркенткен құдыретті қанағат пен хандықтар өзара іштей алауыздықтан әлсіреп, тақ пен тәні үшін тайпалас қырқыста титықтап, алты алаштың мызғымайтындай іргетасы сөгіліп, жан-жақтан байтақ жеріне көз алартқан дұшпандарына айбарлы күш болудан қалды. Бір ошақтың тұтас үш бұтындай болып, сүттей үйіп отырған ел-жұрттың шырқы бұзылып, тыныштығы тапталып, шығыстан жөңкіген жоңғар-қалмақ қалың қолына төтеп бере алмай аласапыран да жойқын шапқыншылыққа ұшырады. Ұлы далаға жасалған дүркен-дүркен шабуыл қазақтарға құрып кету қаупін туғызды. Сөйтіп 1723 жылғы жылан жылымен келген жеті ағайынды жұтпен бірге жүргізілген басшылық соғыс байырғы көшпелі ел үшін қанды қырғынмен аяқталып тарихқа "Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама" деп енді. Бөрік астынан бері жар астынан жау шығып, аяулы ер-азаматтар, қыз-келіншектердің басы байлауда, мал-жаны айдауда кетті. Өкшелей қуған көшпенді жаудан ығысып, Алтай, Арқа мен Жетісудағы ата қонысынан ауған қазақтар жолай Қаратауға "Каратаудың басынан көш келеді аз уақыт паналап, тіпті болмаған соң Сыр бойын сағалап, алдымен Жиделі байсынға, одан әрі жайыққа қарай үдере өтіп кетті. Оқтын-оқтын оларға Иранның НӘзір Шаһына арқа сүйеп, Хиуа, Бұқар, Қоқан хандықтары да оңтүстіктен тықсырып, қоқан лоққы көрсетіп отырды.

Тап осы қиын-қыстау кезде Төле би қоғамдық өмір сахнасына шыққан, ол туған халқының даналығы мен кемеңгерлігінің айнасы, қазақтың біртуар перзенті негізгі деректерге сүйенгенде бірде Шу бойында, енді бірде Бадам өзенінің жағасында өмірге келіп қандай қиыншылықтар болғанына қарамастан ұзақ жасап, Жиделі байсынды жайлап» тоқсан үш жасында Шыназда дүние балып, өз өсйеті бойынша денесі Ташкенттегі Шайқантәуірде жерленген. Бұл кесере Қарлығаш әулие деп аталып, зиярат етушілердің киелі орнына айналды.

Әлі күнге өкінішке орай, халқының зердесінде соншама өшпестей із қалдырған тау, тұлғалас бабамыздың туған топырары мен ескен ортасы туралы мәліметтерде бір ізділік жоқ. Қарт журналист Л.Рсымбетов Төленің Қазығұртқа жақын Бадам өзенінің жағасындағы Бәйтік мекенінде туғанын айтып, 1751 жылы 63 насында Тәшкентте өмірден өткенін баяндайды. Ал К.Аманкелдиев оны Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында 1663 жылы дүниеге келіп, 1756 жылы бірде Ақбұрқан - Ордада Қазығұрт қойнауы тағы бірде Шыназда қайтыс болды деген қарағар дерек келтіреді. Қалай дегенде де Төле Әлібекұлының ғұмырнамасы ақтандақ пен қаратаңдық көп екені рас. Бұрмалай, тізеге салмай, бір пәтуаға келсек, оның туған жылы 1663 жылы екені акиқат.

Нақтылай кетсек Теле би Жоғар Шыршық, бөтем мен Қаратау қойнауларын ең жайлаған ұлы баба Бәдібектің кіндігінен тараған. Дулат жұртының бір бұтағы жаныстың жетінші ұрпағынан жаныстан Жаңтобы, Жайылмас, одан Қонан берді одан Құдайберді, одан Әлібек өрбиді. Оның әулеті шынжыр бұлақ, шұбар төскен емес, иіс алмас момындағы үшін ағайындары арасында "Қарашоғыр" атанғанымен, Әлібек орта шаруа болса да аса беделді кісі болатын. Көкірегі қазына Төленің оқығаны да, тоқытаны да қыруар мол. Ол туралы халық арасында бүгінге дейін шежіре мен аңыз өте көп. Онда абзал атаның азаттық асқақ қасиеттері аз айтылмайды. Төле би Асанқайғы, Қорқыт, Жиренше сықылды көсем де шешен кісілердей Бұқараға нағыз қамқор мен жанашыр болып көрінеді. Ол жалғыз өз қандастарын қоғамдастырып қана тек жалғыз Ұлы-жүз кемесе Жаныстың ғана қорғаны болмай,бүкіл алаш азаматтарын желеп-жебеп, өміріне өріс, көңіліне кеңес тілеп, батагөй болып жүргенін көрсетеді.

Атасы көз жұмарда көңілін сұрай келген ақын қыз Жаңыл:

- Жәке, арманыңыз бар ма? - деп маққұлдасқандай болғанда, Төли би жастықтан аударылып, түсіп қиналыпты: - "Шырағым, баласың-ау!... өзгелерден менде арман көп. Себебі қазақ-қығыз біртуғанындай күнінде туылып, алаң ашық болып бытырап тозып, енші алған күндерінде кайтып өтіп барамын.

Бұлардан тыс та: "Бүткіл билікке Төле би, бүкіл хандыққа Есімжан жеткен" десе; "Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ" деп есептелінді. Сом алтындай тұлғаны барықша тануға себулеп сәуле құяды.

Аңыздардың ар жағында да ақиқат бар. Бәрі бір бұлардың барлығы асыл бабаның биік болмысын түгел жарқыратып ашып бере алмайды. Ол заманынан әлдедайда озық туған заңғар жан.

Айдынға ұласатын бұлақтар басынан тұнады. Билік пән шешендік халық арасында бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр еді. Тақыр жерге ешнәрсе шықпас болар. Бірақ қазақтың даңқты үш би, ұстыны Төле, Қазыбек пен Әйтеке оны тек қана өнер деп қарамай, қоғамдық-әлеуметтік сипат беріп дала демократиясын одан әрі дамытып, орнықтырып, барынша пайдаланды. Рас шешендік пен ділмарлықты кәсіп етіп, бауырдың бүтінін емес, ауылдың түтінін аңдып Қарақан қара басы мен күйбің күнкөрісін күйттеп, аузы болбыр таппай, тілін безеп, жағын сауған құтұяқтар аз болған жоқ. Ертегіде иесі бар шешендік сөздер кейіннен келе-келе толығып, құлпырып, жанданып көшпелі алтын сияқта сусып басқа біреуге жамалуы да мүмкін. Кейде қоймай ұлт алаштың қаймағы бұзылмай, тату-тәтті ақжарыл-қап заманда өмір сүруін аңсап өтті.

Төле өмір сүрген заман қазақ халқы басынан небір қиын кезеңдерді өткерген түс еді . Осы кезде ол әрдайым халқының касынан табылып, кек найзаның ұшымен де қызыл тілдің күшімен де туған даласын жат-жұрттық басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан.

Ел арасында Төле би айтты дейтін шешендік сөз үлгілерінің бір төркіні былай болып келеді. 1740 жылы қалмақ билеушісі Қалдан Сереннің қолшоқпарлары ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді, Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған елбасылары түгел жиналды. Сонда Қарабек батыр: жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ" деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі,

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені

Ортасынан қуса игі - деп шырык бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді.

Әрине, әр мезгілдің өзіне тән қазіргі бізге қиынсыздау, өрсілеу көрінетін мәйрімі? әдет, ұғым мен заңдылыктары болған. Ол кезде жаушы аттандырып, елшілік алмастырумен бірге қарсылас хан сарайларына татулық белгісіндей ет жақын бауырларын да сенімдік үшін аманатқа жіберіп отырды. Бұл жеке басқа төнген қара бұлт Төле биді де айналып өтпейді.

Жалпы жұртының мақсат-мүддесі үшін жанқиярлық танытып өз балаларын да осылай оққа байлап беруден таймаған Төли би Төле айтты дегенді Қазыбекке, әйтпесе Әйтекеге теліп жатса оның таңданарлық ешқандай айып шамы жоқ. Оның дер кезінде хатқа түспегендіктен өзіндік сыры бар. Қара қылды қақ жарып, олар билікті төрт көзі түгел отырып бірге айтқан не бір-бірінің жан семіртер жақсы сөздерін үлгі-өсиет ретінде тәрбие үшін ел арасына таратып насихаттап жүргендігі шындыққа жанасады.



ІІ – тарау. ХVІІ – ХVІІІ ғасырдың басындағы қазқа билеріне шолу.

2.1. ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ билерінің ролі

Зерттегенге көкжиегі әрі кеңейе беретін ең кем дегекде бес ғасырдай тарихы бар поэзияның пірлері" ақын-жыраулар ,билер мен шешендер, даланың қоғамдық өмірінде зор міндет атқарып, оған белсене араласып отырды. Олардың даусы бізге қай дәуір түкпірінен болса да естіліп ,тұр. Бүкіл түрік әлемінде теңдесі жоқ қазақ ауыз әдебиетінде даналық сөздер арнайы жанр кұрады.

Бәйгеге жылқыдан тұлпар қосып, құстан сұңкар салып ғұмыр кешкен көшпелілер ең, алдымен жер-су тау-тас, жайылым қоныстарының тозып кетпеуін қадағалайтын. Бұл үшін етек-жеңі жинақы кеші-қоны оңтайлы еді. Сайын сахараның бар-бар сән-салтанатын бастан өткеріп, ұлттық қадір-қасиетті тұрмыс, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпы тамаша түйсініп кешпелі өмір бауыр етінен жаралған Төле оның артыкшылықтары мен кемшілігін білмей қалған жоқ. Ырыс құт, ынтымақ пен берекенің ортаймас қара қазаның қайнататын отырықшылық еді. Сондыктан Төле би бау-бақша егіп, дикандықпен қолөнерін кәсіп етіп, ғимараттар салып, бір орталыкка топтасып, тіршілік етуге үндеді.

Ат жалын тартып, мінгеннен бала би атанса да Төленің ерте билік пен ел баскаруга араласканы туралы колдағы мәлімет жоқтың қасы. Бірақ оның айрыкша тұлғаланың көрініп, қауымдастық танытып, даналығымен де кемеңгерлігімен де көзге түсетіні Әз-Тәуке хандық құрған 1680-1718 түс "Жеті жарғының" жазылып дүниеге келетін кезі бұл. Төле би өзінің ақылман әріптестерімен үзеңгілес жүріп, қырдың қатал заңын бір жүйеге келтіріп оны жаңа жағдайдағы түз тіршілігіне сәйкес бай мазмұн мен түр беріп, қайта түзді. Олар ескі сүрлеуге түсіп кетпей өмірдің көп жағын заңдастырды.

Шынында "Жеты жарғы" өз заманында ілгерішіл үлкен маңыз атқарған қажет. Онда ғасырлардан келе жатқан дала демократиясы қатты ескеріледі. жаңаша көзқараста жер мен жесір дауы, барымта мен қарымта күн және тағы басқа да жәйттер әділ шешімін тапты. Қайткенде де оған көрші елдер мен мемлекеттердің зерттеп, қызыға кәңіл аударғаны жайдан-жай емес.

Талай тайпалас даудамайдың ортасына түсіп, елдің, жұрттың атынан ақ сөйлеп, келісімді шешім айтып, биік парасатымен көзге түскен Төле би ақырғы дені таусылғанша, сол бекзаттығынан бұра тартпағандығы қандай ғанибет. Айтушылардың сөзін байыркалағанда оның бойы ортадан сәл жоғары, жүзі нұрлы, көзі өткір қатыгез кісі екен.

Иә, Төле би иісі қазақ тарихындағы ғажап қызық тұлға.

Ол үлкен қоғам қайраткері әрі ақылман, әрі данагой, рухани кесем. Оның уақыты аса күрделі еді. Зәузат тегінен ұлтының бойындағы ең асыл қасиеттерін еспеттеп, еркебұлан өскен Төле би мен сұлтандардың бектері мен байлардың өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына еш нәрсе бермейтіндігіне көзі жеткен соң қалың бұқараға оның от ауызды, орақ тілді азаматтарына сүйеніп, татулықты жақтады. Соның арқасында алғаш рет уағдаластыққа қол жетіп, 1726 жылы үш жүздің жақсылары мен жайсаңдары Ордабасыға жиналып, сұқпаттасып, жоңғар басқыншылықтарына елді сансыратқан соғысқа соққы беруге мәмлеге келді. Бұл ұйымдастырушылыққа сауын айтып, басы-қасында ұлы жүз Төле Әлібекұлы 1663-1755жж. Орта жүз Казыбек Келдібекұлы 1567-1765 жж. және кіші жүз Әйтеке Айтың Бәйдібекұлы 1688—1748 жж көш басшылық етіп, тірлік пен бірлік, қаһармандық пен ерлікке ұйытқы болды. Соның нәтижесінде қазақ ұландары құрылып, ол Боралдай мен Қошқар ата өзендерінің бойында жаттығулар өткізіп жатты. Найза белдеуден шешіліп, кылнш қынаптан, қанжар қынынан суырылатын кез таяу болатын. Енді құнарлы топырнққа түскен рух пен ерлік дәнегі қайтат-жігәрді жанып қирап қалған жұртағы күл-қоқыстан өніп шықпауы мүмкін емес еді.

Төле би мен оның дәуірі біздің тарихымыздағы ең таумауыр тұсқа дәл келеді. Заман ірі қайраткерлерге зәру еді. Билер мен шешендер тіршілік төріне көтерілгенде қазақтар өз өміріндегі ауыр да қиын кезеңді бастан кешті. Ол ұлт, қазақ болып қалыптасуы жолында құрып кетудің сәл-ақ алдында тұрған болатын. Соры қалың елдің арасындағы тобан аяқ топтастық, безбүйрек, бақастық пен Ішіне шықашақ айналмайтын ішбақайлыққа қосылып, жыландай ысқырынып жау жағадан алып тұрғанда оның алағой да бұлағой, талай тағдырана немқұрайды қарау мүмкін бе?

Атамекенінен айтылған қазақ жұртының көз жасы телегей теңізге айналып, қансырап запыран жұтты. Сол кезде дала данышпаны Төле би алдыартын тереңнен болжап, айқын бағыт-бағдар ұстады. Ол Әз Тәуке, Жолбарыс, Әділмәмбет, Сәмеке, Әбіл-қайыр хандардан бастап Абылайға дейінгі әміршілердің бәріне недәуір ықпал жасады. Басым-басым билік айтты.

Басқа-басқа, ол шашырап кеткен қазақтардың басын алғаш рет қосып үлкен билік құрып екі алпауыт мемлекет арасында көрегенді саясатты жүзеге асырған болашақ Абылай ханды Әбілмансұр өкіл бала етіп тәрбиелеп, үлкен азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. Ол араласкан дау, шешілмеген түйннің мәмілемен бітпегені жоқ. 1748 жылы Кіші жүз ішінде орыс елшісі А. Тавкеловпен "Ор қалашығында кездесіп, қайтып келе жатқанда Әбілкайыр ханды Шекті Барақ сұлтан қапысын тауып өлтіреді. Сонда айыпкер төрелік айтуға Төле бастаған төрт биді таңдауға өтініш білдіріпті. Солардың бірі Әйтеке. Мұның бірі Шоқан да атап көрсетеді. Бірақ әншелінде, деректер мен мәліметтерге мұқият келетін Ш.Уалиханов, қай мағлұматтарға сүйенгенін кім біледі, бұл оқиға 1758 жылы болды деп жаңсақтық жасайды. Ол кезде екеуінің де сүйегі құрап кеткен болатын. бұндай ел арасы қатты ұшығып кететін жағдайда дәнекер ретінде ортада Төле би болып Төленің жүргені біраз жайды аңғартады. Ол бастаған әділ қазылар жан-жақты саралай келіп, күнәһарды жазадан құтқарып жібереді.

Заңды Төли би тәрізді кесек тұлғаларды жан-жакты терең тану үшін оның мезгілі, әлеуметтік ортасы мен өмірін қақсы білген игі. Кімді болса да уадытынан бөле жарып қарау жарға шықпаса да, жарытпайды. Сондықтан Төле заманын сипаттам кеткенде оның өн-бойынан қанды қырғын, жоқпат жорауыл, шаңды шаңға қосқан шапқыншылық шабуыл іздері сайрап жатыр. XV ғасырдың аяғында шамамен 1698 ж. басталған жонғар, ойрат, қалмақ пен казактар соғысы өршіп, басылып елу жылдан астам созылды.

ХУІІІ ғасырдың бірінші ширегінде екі жақты қыспаққа түскен қазақ даласы бірнеше соққыдыдан есеңгіреп қалды.

1718 жылы Әз-Тәукенің қайтыс болуына байланысты хандықтар тіршілігі қайта құлдырады. Бұны пайдаланып, бұрыннан қазақ жеріне көз алартып жүрген жоңғар қонпайшысы мен орыс патшалығы жаулаушылық кара ниетін іске асыра бастады. Батыстан жарақталған әр түрлі экспедициялар далаға дендеп еніп, шығыста Ертістен өтіп, бекіністер калпына келтіріліп, 17І7 жылы Омбы мен Жеміш арасында Железинская салынып, 1720 жыли бергі бетте Семей ірге көтерді, одан сәл кейінірек бекемен құрылысы жүргізілді. Бұлар патшалық отарлауына жүгенсіздікпен жол ашып, осы аймақта құлақ естіп, көз көрмеген озбырлыққа бұл өлкеде бұл өлкеде бауыр басып емін-еркін көшіп-қонып жүрген тұрғылықты халықтарға сұмдық туғызды. Жоңғар басқыншылары да жауыздықпен қазақ тайпаларын ес жиғызбай, Батысқа қарай түре қуды. Ежелгі елді нанхана Тәшкент, Түркістан мен Сайрам шаһарларынан бөліп тастап, қол үздіргісі келді. Шегініп бара жатып қазақ жасақтары Қараспан маңайында 1718 жылы Арыс. Бөген мен Шаян өзендері бойында табан тіреп қаһармандықпен қатты шайқасты. Бұдан аласапыран қантөгіс айқас бұдан бір жыл бұрын Аягөз атырабында болып, Әбілқайыр мен Қайып бастаған отыз мың қол баскыншыдарға қарсы шығып, амалсыз жеңілген еді. Әбден еліріп, жеңіске масайраған күші басым жау ел-жұрттың намысын табанға таптап шәктен асты. 1730 жылы Анархайдың Итішпес көлінің жағасннда болған, киянкескі ұрыс та қарсы күштер ара салмағын онша өзгеріс әкеле қойған жоқ. Бұл қасірет Қожаберген жыраудың "Елімай" атты элергия толғауында күллі шындығымен ащы суреттеледі.

Еңіреген елінің бел баласы көсіліп кетсе көсемшешіліп кетсе шешен қандастарының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, қайғысын жеп, қамын ойлаған Төле ішке де, сыртқа да саясатта сара бағыт ұстады. Хандық пен мемлекет тұтастығы кен тәуелсіздігін діттеп егемендікке иек артың, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерді қайтаруға жан салды. Қайта-қайта итарқасы қиянға жаушымен ат шаптыртып, кейді тіпті араға мәмілеге өзі жүрді еріккеннің ермегі емес. Бұл бір жағы екі-басты жалмауыз сау ұрықтың тырнағына ілініп, екінінші жағы айдаһардың аузына түсіп кетпей тұрғанда, куғын-сүргін көріп, езіліп жанжылғандарды жемтіп қор болмау үшін жанталасып құтқару әрекеті еді. Орыс патша әйелі Анна Ивановна 1731 ж. мен Орынбор гурернаторы П.Неплюевке 1749ж. бодан сұрап, бірнеше мәрте хат жазып, кісі салуы амал жоқ шарасыздықтан туған жәй. Сонымен қатар жоңғар қонтайшысымен ауыр алым-салық телесе де, келісімі келіп ынтымақтастыққа қол жеткізеді. Бұл саясаттағы екіжүзділік елес еді. тығырыққа тірелген қысылтаяқ шақта әбден қансырап, титықтаған халқын уақытша болса да аман-есен алып қалудың бірден-бір дұрыс қиын жолы. Жазықты болса қараға да, ханға да бірдей әділ үкім айтатын Төле көрші қақысын жемеуді, ел мен елдің татулығын қатты ұстанды. -1748—1749 жылдары алғаш келген орыс сауда керуені орта жолда тоналады. Сонда бұған кінәлі Қойкелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бүкіл шығынды жүрт кезінше төллеттіреді.

Жалғыз бұл емес, Төле би реті келгенде халықтық, мемлекеттік мүдде тұрғысынан қандай бір болмасын, күрделі көкейкесті мәселелерді әділ шешіп отырды. Бұған орыс зерттеушілері А.Левшин, П.Маковецкий, Л.Баллюзек және басқалар аса ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өтеді.

Алайда Қазақстанды Шығыс елдері, Жапон, Кытай, Ауғанстан мен Үндістакға баратын қақпа деп көксеген Бірінші Петрдің саясаты шапшаң түрде қанат жая бастады. Оңай олжа, жеңіл кәсіп, жерұйық іздеп арып-ашып, азып-тозып жеткен келгендерге, достық ыстық құшағын ашып, төрінен орын, аузындары асын жырып берген аса мәлмандос халықтың осы дарқан дарақы мінезі мен бауырмалдық сезімі ақыры өзіне таяқ болып тиді. Қай кезде де, кала"да да, өзінің иелігі мен меншігіне қорқаулық һәм жыртқыштықпен қарағандар көзіне қан толып, оның жанының нұрлы да сырлы қайнарлары мен ішкі иірімдерін онша аңғара бермейді. Ұлттық ерекше қадір-қасиетінің сипаты мен қышандарын да мансүк етіп, еліктің үстінен аттағандай, басып көктеп жаншып кете барады.

Біздің әдебиетте Төле би және оның тарихи маңызы туралы аз зерттелді десек, тіпті қиянаттау болар еді. Әр кезде танымалы Шәкәрім, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Адамбаев, Н.Төрекұлов, О.Дәуітов, Ж.Дәдібаев және басқалар. Оған байланысты ой қорытып, көңіл көкжиегін кеңейтіп, танымды одан әрі тереңдетті.

Өткен ғасырдың ортасына таман қазақ сахарасында болған поляктың жер аударылып келген резолюционері Адольф Янушкейвич қазақ өмірінің ромактикасын құр қызықтап кетпей ақындық пен жыраулық, шешендік пен тапқырлықтың түп төркінін тап басып жақын толқытқан ақ еділ сезімін жасыра алмай, замандастарына жүрек жарды жылы лебізін жолдары: "Бұдан бірнеше күн бұрын өзара жауласқан екі топ арасындағы қақтығыстың куәгері болдым. Содан Демос пен Иницерон туралы ғұмыры ешнәрсе есітпеген шешендерге таң қалып, қол соқтым. Ал, бүтін оқи да, жаза да білмейтін ақындар менің алдында өнерін жайып салды. Олардың жыры жаныма майдай жағып жүрек қылын қозғады. Сонысымен мені тәнті етті. Сонда бұлар тағы жабайылар болғаны ма? Бүкіл болашақтан мақұрым қалған маңдайына түкке тұрғысыз бақташылықтан өзге ештеңе жазылмаған халық осы болғаны ма?

Жо - жоқ! Имандай сырым! жаратқан бойына осыншама қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес, оның рухы қазақ даласына аспандай көтеріліп, жарқырап сәуле шашатын болады, өзіне жоғарыдан қарайтын халықтар арасынан бұл көшпелілердің де құрметті орын алатын кезі келеді.

Сол кездің өзінде бүгінгі күні біз көп айтып, әлі кол жеткізе алмай жүрген "Азаттык, Теңдік, Туыстықтан" ту етіп көтерген-Төле би бұл асыл мұраттарды жүзеге асыру үшін арпалысып, жанын жалау етіп тұра қашты.

Қаз дауысты Қазыбектің кіндік қаны тамған топырағы, туған, мекен-жайы, ешбір хат-шотта сақталмаған. Долбармен жобалап даңқты бабамызды Сыр бойында туыпты деп нақтылап айта алмай, жалпылап көрсетіп кетіп отырмыз. Өйткені он жетікші ғасырдың екінші жартысында Жоңғар хандығының басым түсіп отырған шабуылының әсерінен ата конысыкан ығысқан қазақ жұртының Алтай мен Арқаны еріксіз тастап, Сыр бойын мен Қаратау өңірі-не жөңкеле құйылғаны тарихтан мәлім. Қаз дауысты Қазыбек те біздің есебіміз бойынша да, бірнеше тарихи жазба деректердің керсетуі бойынша да 1357 жылы сол өңірде туып, 176-4= жылы тоқсан жеті жасында дүниеден өткен екен.

Казыбектің сүйегі - Орта жүз. Арғын ішіндегі Қаракесек Бодатқожа. Казыбектің өз әкесі - Келдібек, ұлы әкесі, яғни атасы Абыз атан. Шаншар, Бабасы – Бұлбұл, Шетінен тілге шешен, сөзге ұйыған, уәжге тоқтаған біліктілер болыпты бұлар.

Қазыбектің анасы - Тоқмейіл Қазыбек - осы Тоқмейілден туған алты баланың ең үлкені екен. Қадай десек те, 1667 жылы шыр еткен іңгәсімен дүние есігін ашқан нәресте - есе келе Үйсін Төле бимен, Алшын Әйтеке бимен терезесін теңестіріп, қазақ халкының кемеңгер үш биінің бірі - Қаз дауысты Қазыбек-ке айналып еді.

Бала би деген аттан дана би деген атакка дейін кетерілген Қазыбектің ғұмыр жолы он жетінші, он сегізінші ғасырлардағы қазақ халқының аса бір қилы кезең, дүрбелең дәурінің шытырман оқиғаларымен тікелей байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет