3.3-тапсырма. Жабық тапсырма әзірлеу
1. Пәннің оқу бағдарламаларын пайдаланып, оқу мақсаттарына сәйкес көп таңдауы бар жабық тапсырма әзірлеңіз:
1) бір дұрыс жауабы бар тест
2) бірнеше дұрыс жауабы бар тест
Пән Физика 7 сынып
Оқу мақсаты
|
7.1.3.1- дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу
|
Бағалау критерийі
|
Физикалық шамаларды өлшейді
Өлшеу аспаптарының қателіктерін анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма
БІР ДҰРЫС ЖАУАБЫ БАР ТЕСТ
1.Уақытты өлшейтін аспап
а). Барометр
б). Сызғыш
в). Секундомер
г). Спидометр
д). Манометр
2. Ұзындықты өлшейтін аспап
а). Барометр
б). Сызғыш
в). Секундомер
г). Спидометр
д). Манометр
3. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі ұзындықтың негізгі бірлігі
а). Миллиметр
б). Сантиметр
в). Метр
г). Спидометр
д). Километр
4. Қандай шама миллиметрмен өлшенеді?
а). Аудан
б). Ұзындық
в). Жылдамдық
г). Уақыт
д). Көлем
БІРНЕШЕ ДҰРЫС ЖАУАБЫ БАР ТЕСТ
1. Төмендегі сөздердің қайсысы физикалық аспаптарға тиісті?
а). Градус
б). Температура
в). Термометр
г). Килограмм
д). Метр
e). Манометр
2. Миллиметр – бұл
а). Физикалық шама
б). Физикалық дене
в). Физикалық аспап
г). Ұзындықтың өлшем бірлігі
д). Физикалық құбылыс
е). Өлшем бірлік
3. Арақашықтықты өлшейтін төмендегі көрсетілген өлшем бірлігі
а). Килограмм
б). Километр
в).Секунд
г). Литр
д). Метр
е).Тонна
4. Температура нені сипаттайды?
а). Жылудың мөлшерін
б).. Дененің жылдамдығын
в). Дененің қозғалыс әрекетін.
с). Дененің жылулық күйін.
д). Дененің температурасын
е). Дененің қызулық дәрежесін
|
2. Сараптама жасау.
Тексеру парағын қолданып, жауабында көп таңдауы бар тапсырмаға сараптама жасаңыз.
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Жабық тапсырма
|
Cәйкес келеді
Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (бірін-бірі терістеу, қажетсіз қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің қолданылмауы, т.б.)?
түсінікті
Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура немесе/және жанама түрде) меңзейтін тұстары жоқ па?
Жанама түрде меңзейтін тұстары жоқ
Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?
жеткілікті
Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?
анық
Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?
жоқ
Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме?
жеткілікті
Берілген нұсқалардың ішінде тапсырманың дұрыс жауабы (кілті) бар ма?
жоқ
Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба?
дұрыс
Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?
Дұрыс орналасқан
|
Қорытынды:
Жабық тапсырмада көп жауабы бар тапсырма дұрыс жасалған. Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келеді,ешқандай қателікті көрмедім. Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (бірін-бірі терістеу, қажетсіз қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің қолданылмауы, т.б.) сәйкес келеді. Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура немесе/және жанама түрде) меңзейтін тұстары жоқ. Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті.
3.4-тапсырма. Шындық/жалған тапсырмасын әзірлеу.
Пәннің оқу бағдарламасынан (ұзақ мерзімді жоспар) оқу мақсатын таңдап, бағалау критерийлерін анықтаңыз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкестендіріңіз.
Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтауға арналған тапсырма әзірлеңіз.
Пән ________________________________ Сынып __________________________
Оқу мақсаты
|
7.1.2.2 - скаляр және векторлық физикалық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру
|
Бағалау критерийі
|
Скаляр және векторлық шамаларды ажыратады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма
Тұжырым
|
Шындық
|
Жалған
|
Скалярлық шама — бұл бір ғана сипаттамасы, яғни сан мәні болатын физикалық шама?
|
+
|
-
|
Векторлық шама — бұл екі сипаттамасы, яғни кеңістіктегі бағыты және сан мәні (модулі) болатын физикалық шама?
|
+
|
-
|
Скалярлық физикалық шамалардың үстіне нұсқама қойылады?
|
-
|
+
|
Векторларға қосу және азайту амалдары қолданылмайды?
|
+
|
-
|
Векторлық физикалық шамалардың үстіне нұсқама қойылады?
|
+
|
-
|
|
3.5-тапсырма. Сәйкестендіру тапсырмасын әзірлеу.
Пәннің оқу бағдарламасынан (ұзақ мерзімді жоспар) оқу мақсатын таңдап, бағалау критерийлерін анықтаңыз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкестендіріңіз.
Сәйкестендіруге арналған жабық тапсырма әзірлеңіз.
Пән ________________________________ Сынып __________________________
Оқу мақсаты
|
7.2.2.13 - тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру
|
Бағалау критерийі
|
Тығыздықтың физикалық мағынасын анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма
Кезең
|
|
Сипаттамасы
|
Тығыздық
|
|
Зат массасының осы зат көлеміне қатынасымен өлшене отырып, сол затты сипаттайтын өте маңызды физикалық қасиеттердің бірі.
|
Масса
|
|
Материяның инерциялық және гравитациялық қасиетін анықтайтын физикалық шама.
|
Көлем
|
|
Геометриялық денелердің кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама.
|
көлемі 1 м3
|
|
Массасы 1 килограмға тең біртекті заттың тығыздығы
|
Физикалық қасиеттеріне
|
|
Металдар мен қорытпалардың балқу температурасы, тығыздығы, көлденең және көлемді үлғаю коэффициенті, электр-өткізгіштігі, жылуөткізгіштігі жатады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |